Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • 1.2.9.1: Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
  • 1.2.1.2: Тыңдалған мәтін бойынша өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру.
  • 1.2.1.2: Оқудың түрлерін қолдану: буындап оқу және жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу.

Дамытушылық

Ой-өрісті кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту, тыңдау және талқылау дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

Ұқыпты, таза жазуға және сыныпта бір-біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер

Топқа бөлу, түсіндіру, талқылау, рефлексия

Көрнекіліктер

Суреттер, үлестірмелі карточкалар, оқулық, тақта, аудио/видео материал

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа жұмылдыру

Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына назар аудару, оқушыларды түгендеу және сабаққа дайындау.

Топқа бөлу

Суреттер арқылы үш топқа бөлу:

  • 1-топ: Машина суреті
  • 2-топ: Доп суреті
  • 3-топ: Автобус суреті

Психологиялық дайындық

Әр топта «Шаттық шеңбері» құрылады: оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді, жағымды көңіл күй қалыптастырады.

II. Өткенді пысықтау

Оқу дағдысын белсендіру

Сұрақ: «Алдыңғы сабақтарда қандай дыбыс түрлерімен таныстық?»

Әр топқа сөздер беріледі. Оқушылар сөздерді дұрыс оқып, дыбыстарын ажыратады.

Оқу үшін сөздер

ана нан на ал ала Алан ар ара ра арал анар арала нар Анар аралар Арал

III. Мақсат қою

Ойландыру сұрақтары

Сұрақ: «Мектепке келе жатқанда жолда қандай нәрселер кездеседі?»

Сұрақ: «Жолдан өтер кезде әрдайым қандай ережені сақтау керек?»

IV. Жаңа сабақ

Тыңдау, талқылау, әріп-дыбыс

Тыңдалым тапсырмасы

Оқушылар аудиожазбаны мұқият тыңдайды. Негізгі ойды анықтау үшін төмендегі сұрақтар беріледі:

  1. 1 Балалар қандай кешірім сөздерін қолданды?
  2. 2 Арал мен Оралдың бұл әрекетіне қалай қарайсыңдар?

Оқушылар сұрақтарды шағын топтарда талқылап, ортақ шешімге келеді. Әр топтың жауабы тыңдалып болған соң, «Қол белгісі» әдісі арқылы топтық жұмысқа рефлексия жасалады.

Кейіпкерлер және дыбыс

Кейіпкерлер: Арал және Орал.

Орал есімі қай дыбыстан басталады? О.

Жаңа әріп

О о

О дыбысының баспа және жазба түрі, үлкен және кіші әріптерімен таныстыру. Оқушыларға «О» әрпі бойынша қысқа бейнеролик көрсетіледі.

О дыбысынан сөздер

Мысал сөздер: орамал, оқулық. Қажет болған жағдайда сөздердің орысша және ағылшынша баламалары да айтылады.

орамал оқулық

2-жаттығу: оқу

Оқулықтағы сөздер мен сөйлемдерді буындап және тұтас оқыту.

Буындап оқу

ор · ол · он

О · рал · о · лар · о · ра

Сөйлемдер

  • Орал, доп ал.
  • Арал, домбыра тарт.
  • Анар, он орамал ора.

Сергіту сәті

Оқушылардың дене-бойын сергітуге арналған қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

3-жаттығу: сөйлем құрау (топтық жұмыс)

«Сыныптасыңмен ізденуді ұйымдастыр» тапсырмасы бойынша оқушылар топта сызбаға сүйеніп сөйлем құрайды: бастауышы есімдіктен, баяндауышы зат есімнен болсын (мысалы: әншілер, бишілер).

Сұрақ-жауап үлгісі

Олар кімдер? Олар — әншілер.

Олар кімдер? Олар — бишілер.

Дәптермен жұмыс

14-бет. Жазуда сауаттылықпен қатар көркем жазу талабы сақталады. Қол бұлшықеттерін жаттықтыру үшін әріпті ауада жазу жаттығулары орындалады.

V. Бекіту

Талдау және бекіту тапсырмалары

Семантикалық карточкалар

Оқушылар карточка арқылы дыбыстарды ажыратып, сәйкестендіру тапсырмаларын орындайды.

о р а

Дыбыстық талдау

Берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса:

Орал олар

VI. Кері байланыс

Өзін-өзі бағалау

Оқушыларға «О» әрпі пішініндегі парақша беріледі. Олар өз көңіл күйі мен сабақтағы әсерін түспен белгілейді.

Қызыл: сабақ ұнамады.

Сары: бүгінгі сабақ қиын болды.

Жасыл: сабақ ұнады.

Қорытынды

Сабақ соңында оқушылар өз жұмысына қысқаша баға беріп, бүгін үйренген «О о» әрпіне қатысты сөздерді қайталайды.