Қыздар тапсырмасы

Білім беру саласы

Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ

Тақырыбы: «Керісінше айт» (оң – сол, алға – артқа, жоғары – төмен, алыс – жақын, биік – аласа)

Мақсаты

  • Балаларға оң – сол, алға – артқа, жоғары – төмен, алыс – жақын, биік – аласа ұғымдары туралы түсінік беру.
  • Заттарды қолмен ұқыпты ұстап, санауға үйрету.
  • Қызығушылықтарын арттыру.
  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту және сезімталдыққа тәрбиелеу.

Қостілділік компонент

Бағыт

Алға
вперед
Артқа
назад

Биіктік

Жоғары
наверх
Төмен
вниз

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Кіріспе әңгіме

— Балалар, бүгін біз сендермен «Көңілді тапқырлар клубына» қатысамыз.

— Сендер білесіңдер ме, ол кімдер?

— Сол топтың белсенді мүшесі болғыларың келе ме?

— Олай болса, мына ерекше жәшікте сендерді сол топқа қабылдайтын құжат бар екен. Бірақ жәшік ашылмай тұр. Оны ашу үшін тапсырмаларды орындау керек. Дайынсыңдар ма?

Ширату жаттығуы

Балалар жаттығуды орындай отырып, сұрақтарға «иә» деп жауап береді.

Таңғажайып сәт

Музыка ойналады. Мысық пен Мақта қыз ренжісіп келеді. Мақта қыздың қолында хат бар.

— Сәлеметсіздер ме, не болды?

Мақта қыз: «Хатта тапсырмалар бар. Мысық соларды орындаса, құйрығын беремін».

— Балалар, көмектесеміз бе?

Мысықтың тапсырмаларын орындау үшін ертегіні еске түсіреміз: мысық кімнен барып көмек сұрайды?

Тапсырмалар тізбегі

1) Сиырдың тапсырмасы: «Ойлан, тап»

Логика

Мақсаты: берілген логикалық тапсырмаларды ойланып орындау, математикалық ұғымдарды ажырата білуге үйрету.

Жарайсыңдар! Енді әрі қарай мысық қайда барады?

2) Ағаштың тапсырмасы: «Лақтырылған тас» ойыны

Сөйлеу & елестету

Мақсаты: елестету, ойды жинақтау және сөйлеу қабілетін дамыту.

Сендер білесіңдер: суға лақтырылған тастан дөңгелек толқындар тарайды. Енді тас емес, сөз лақтырсам, сол сөзге байланысты қандай ойлар келеді?

Барлығыңның ойыңда бірдей сөздер пайда бола ма? Қане, ойнап көрейік.

Жарайсыңдар! Ағаштан кейін ше?

3) Қыздардың тапсырмасы: сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс

Өлең жолдары

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Орнымызды айналып,

Билеп-билеп аламыз.

Оңға қарай бір адым,

Солға қарай бір адым.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қараймыз,

Орнымызды табамыз.

Қайталау (қостілділік)

Алға
вперед
Артқа
назад
Жоғары
наверх
Төмен
вниз