Ортада нөмірі бірінші БЕС ЖҰЛДЫЗ командасы
Кіріспе
Қайырлы күн, әріптестер! Біз бәріміз бір кемедеміз, ал сол кемені алға бастайтын ең қуатты күш — білім. Осы кеш — «Білім — адам баласының ортақ қазынасы» атты педагогикалық сайысымыздың мазмұнды алаңы.
Негізгі ой
Балалық шақтың айырылмас бөлігіне айналатын, өмірлік бағдар беретін ең қадірлі тұлға — ҰСТАЗ.
Ұстаз — мектептің айнасы
Жүрегі таза, пейілі кең ұстаз шәкіртінің өмірге көзқарасын қалыптастырып, білім нәрімен сусындатады. Ұстаз — үлгі көрсететін, бағыт беретін абзал жан.
Бауыржан Момышұлының сөзі
«Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз».
Ата-анадан кейін ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіретін тұлға — мұғалім. Сондықтан сайысқа қатысушылардан ұстазға тән қасиеттердің көрініс табуы күтіледі: көрегендік, инабаттылық, аңғарымпаздық, байсалдылық, алғырлық, шешендік, сыпайылық, сондай-ақ өнер мен білімге құштарлық, төзім, қанағат, кешірім, биік мақсат.
Өмір туралы шумақ
Өмір атты кеме кетіп барады,
Тыным таппай су сылдырап ағады.
Бар ма екен тоқтар жері кеменің?
Жоқ — өмір таңдамас еш жағаны.
Ортақ ой
Өмір жылжып барады бір тынымсыз,
Ал адамзат өтпейді арман-мұңсыз.
Келіңіз, өмір жайлы сырласайық:
Бүгінгі өмір жолаушысы — Сіз және Біз.
Командалар және ұйымдастыру
Сайысқа екі команда қатысады: «БЕС ЖҰЛДЫЗ» және «ШАПАҒАТ». Команда капитандары жеребе тартып, бастау ретін анықтайды.
Бағалау тәртібі
- Әділқазылар әр команда мүшесіне жеке-жеке ұпай береді.
- Команданың жалпы ұпайы жеке ұпайлардың қосындысымен анықталады.
- Әр сұрақтың толық жауабы 5–10 ұпай аралығында бағаланады.
Сайыс бағдарламасы
-
1
Таныстыру
Уақыты: 3 минут.
-
2
Сұрақ-жауап
Тақырыптар: білім, Еңбек кодексі, Конституция. Ойлануға: 30 секунд.
-
3
Педагогикалық жағдаяттан шығу
Ойлануға: 30 секунд.
-
4
Өнер көрсету
Би, халық әні, эстрадалық ән, терме, тақырыпқа сай қойылым. Уақыты: 5 минут.
-
5
Мақал-мәтел
Тақырып: ұстаз, шәкірт, оқу, тәрбие. Ойлануға: 10 секунд.
-
6
Капитандар сайысы
1 минутта 15 сұрақ.
2-бөлім: Сұрақ-жауап
Бұл бөлімде әр командаға 5 сұрақтан беріледі. Ойлану уақыты — 30 секунд.
«БЕС ЖҰЛДЫЗ» командасына
№1
- 1) ҚР Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? 9 бөлім, 98 бап.
- 2) Оқу жоспары дегеніміз не? Оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, зерделеу тәртібін және бақылау нысандарын регламенттейтін негізгі құжат.
№2
- 1) Азаматтардың білім алуы туралы қай бапта көрсетілген? 30-бап.
- 2) Жұмыс берушінің актілеріне нелер жатады? Бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ішкі еңбек тәртібі ережелері.
№3
- 1) ҚР қандай мемлекет және оның ең қымбат қазынасы не? Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет; ең қымбат қазынасы — адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
- 2) Білім беру ұйымдарын басқару қалай жүзеге асырылады? Заңнамаға, үлгі ережеге және ұйым жарғысына сәйкес.
№4
- 1) «Білім туралы» Заң қанша тараудан және қанша баптан тұрады? 9 тарау, 50 бап.
- 2) Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі қанша уақыттан аспауы керек? 3–6 айдан аспауы тиіс.
№5
- 1) Оқу бағдарламасы деген не? Әр пән бойынша меңгерілуге тиіс білім, білік және дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат.
- 2) ҚР Парламенті қандай палаталардан тұрады? Сенат және Мәжіліс.
«ШАПАҒАТ» командасына
№6
- 1) Кәсіптік білім беру деңгейлері қалай бөлінеді? Кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары, ЖОО-нан кейінгі кәсіптік, қосымша кәсіптік.
- 2) ҚР атқарушы билігін кім жүзеге асырады? Үкімет.
№7
- 1) Лицей қандай оқу орны? Жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытатын жалпы орта білім беретін оқу орны.
- 2) ҚР-да қандай басқару жүйесі қолданылады? Президенттік басқару нысаны.
№8
- 1) Ұжымдық шарт дегенді қалай түсінесіз? Жұмыс беруші(лер) мен қызметкерлер атынан өкілдер (кәсіподақ т.б.) қол қоятын жазбаша құқықтық акт.
- 2) «Білім туралы» заң қашан қабылданды? 2007 жылғы 15 шілде.
№9
- 1) Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу қандай көлемде жүргізіледі? Кемінде 1,5 есе.
- 2) Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысын кім тағайындайды? Құрылтайшы.
№10
- 1) Еңбек кодексі қанша тараудан және қанша баптан тұрады? 12 тарау, 109 бап.
- 2) Қызметкерлерге қандай тәртіптік жаза қолданылады? Ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, еңбек шартын бұзу.
3-бөлім: Педагогикалық жағдаяттан шығу
«Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады, таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады». Ой толқытқанда сөз шығады, жел толқытқанда тас көрінеді. Бұл бөлімде дәл сондай сергектік пен ұстамдылық сыналады.
Ойлану уақыты: 30 секунд.
«БЕС ЖҰЛДЫЗ» жағдаяттары
- Кабинетке кірсеңіз, оқушылар партаның үстіне шығып тұр. Не істейсіз?
- Бір оқушы екіншісінің иығына мініп алған. Не айтасыз?
- Оқушыңыз «темекі тұтатып алайыншы» деп оттық сұрады. Қалай әрекет етесіз?
- Кабинетте қыздар төбелесіп жатыр. Бір оқушы «телефонға түсіріңіз» деп ұялы телефон ұсынды. Не дейсіз?
- Оқушылар кабинетті іштен іліп алған. Қалай ашасыз?
«ШАПАҒАТ» жағдаяттары
- Көшеде оқушыңыздың мас күйде кетіп бара жатқанын көріп қалдыңыз. Не істейсіз?
- Туған күніңізге оқушыларыңыз күшік сыйлады. Қалай қабылдайсыз?
- Сабаққа кірсеңіз, оқушыларыңыз теріс қарап тұр. Не істейсіз?
- Кабинетке кірсеңіз, би болып жатыр. Қандай шешім қабылдайсыз?
- Екі оқушы бір-біріне ауыр сөз айтып, сізге келді. Не айтасыз?
4-бөлім: Өнер көрсету
«Қайсысы күйші, кім биші — талабына қарайық. Кімдер зерек, кім жылдам — талантын танытайық». Бұл бөлімде қатысушылар өз өнерін ортаға салады.
- «БЕС ЖҰЛДЫЗ»: хормен «Екі жұлдыз» әнін орындады.
- «ШАПАҒАТ»: Қозыбақов Сүндет «Жұлдызым» әнін орындады.
5-бөлім: Мақал-мәтел
Ойлану уақыты — 10 секунд. Мақалдың бастапқы бөлігі беріледі, қатысушылар жалғасын табады. Тақырып: оқу, білім, еңбек, тәрбие.
«БЕС ЖҰЛДЫЗ»
- Білімдіден ақыл шығар… Ақылдан нақыл шығар.
- Білім алмай болдым деме… Еңбек етіп толдым деме.
- Білімсіз адамның сөзі білектей… Білімді адамның сөзі жібектей.
- Тәрбиелі адам … тағаланған атпен тең.
- Әдепсіз өскен баладан… Тәртіппен өскен тал артық.
«ШАПАҒАТ»
- Білгенге тоғыз… Білмегенге тоқсан тоғыз.
- Көп оқығаннан сұрама… Көпті көргеннен сұра.
- Шәкіртсіз … ұстаз тұл.
- Балаға байқап сөйлесең, ақылыңа көнер… Байқамай шет сөйлесең, көп ішінде өлер.
- Қадіріңді білмегенге … қадіріңді кетірме.
6-бөлім: Капитандар сайысы
«Соңғы түйенің жүгі ауыр» — шешуші кезең осы. Бір минутта 15 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 10 баллмен есептеледі.
«БЕС ЖҰЛДЫЗ» капитанына сұрақтар
- Қасиетті сандар: 3, 7, 9, 13.
- Жануар туралы ғылым: жануартану.
- Күрішті аймақ: Қызылорда.
- Ең жүйрік құс: страус.
- Рамазан айының қасиетті түні: Қадір түні.
- «Отырар алқабы» газеті атауын қай жылдан бастап өзгертті? 1992 жыл.
- Орнынан қозғалмай жүретін не? Сағат.
- Ең жоғарғы спорт көрсеткіші: рекорд.
- Тігуге де оңай, бұзуға да ыңғайлы үй: киіз үй.
- Алғашқы жауған қардағы аңшылық: қансонарда.
- Иіс сезу мүшесі: мұрын.
- Жердің ортасында не бар? «е» әрпі.
- Ең қомағай жәндік: инелік.
- Қай аңның ізі адамның ізіне ұқсайды? аю.
- Ненің мұрты аяғынан ұзын? тарақан.
«ШАПАҒАТ» капитанына сұрақтар
- Әр адамның шағын отаны: отбасы.
- Қуанышты күн: мереке.
- Жылбасы: тышқан.
- Есту мүшесі: құлақ.
- Мұсылманның жаңа жылы: 22 наурыз.
- Көлікті күтетін жер: аялдама.
- Ел басқарудағы ең басты тұлға: Президент.
- Футбол ойынының бір таймының ұзақтығы: 45 минут.
- «Отырар алқабы» бұрынғы «Қызылқұм» газеті қай жылдан бастап шығады?
- Құлагер кімнің аты? Ақан сері.
- Алтын адам табылған жер: Алматы облысы, Есік.
- ОҚО облысының әкімі: Асқар Мырзахметов.
- Дүние жүзіндегі ең терең көл: Байкал.
- 30 ақпанда не болады? ештеңе болмайды.
- Құрғақ тас қайда болмайды? суда болмайды.
Қорытынды
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік! Сөз кезегі — әділқазыларда. Нәтиже жарияланғанша, көңіл сергітер ән-шашуға кезек беріледі. Әділқазылар алқасы жарыс барысында әр команданың жинаған ұпайын хабарлайды.
Алғыс және тілек
Сайысқа қатысқан екі командаға ұжым атынан үлкен алғыс айтамыз. ХХІ ғасыр — білім ғасыры. Ендеше, ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еліміздің ұл-қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!