Құрамында металл кездесетін тау жыныстары

Дүниетану: «Топырақ. Топырақты қорғау»

Бұл сабақта оқушылар топырақтың ерекшелігін, құрамын және түрлерін таниды. Сонымен қатар, топырақтың өсімдіктер тіршілігіндегі рөлі мен оның түсі мен сапасының қарашірікке байланысы түсіндіріледі.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

  • Ой қозғау
  • Түсіндіру
  • Тәжірибе жасау

Көрнекіліктер

  • Топырақ түрлерінің үлгілері
  • Қазақстанның топырақ картасы
  • Интербелсенді тақта

Сабақтың мақсаттары

1) Білімдік мақсат

  • Оқушыларды топырақтың ерекшелігі және құрамымен таныстыру.
  • Топырақ түрлерін ажырата білуге үйрету.
  • Топырақтың өсімдіктер тіршілігіндегі рөлін түсіндіру.
  • Топырақ түсі мен сапасының қарашірікке байланысты екенін талқылау.

2) Дамытушылық мақсат

Тәжірибелік жұмыс арқылы оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамыту, біліктілігі мен дағдыларын арттыру.

3) Тәрбиелік мақсат

Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқу құралдарын түгендеу.
  • Назарын сабаққа аудару және психологиялық дайындық жүргізу.

Психологиялық дайындық (өлең)

Табиғат – тіршіліксің тұнып тұрған,

Сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан.

Сен – көлсің, сен – ормансың, сен – бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Ой қозғау: сұрақ-жауап

Табиғат деген не?

Табиғат — айналамызды қоршаған дүние. Біз табиғаттан көп нәрсені үйренеміз әрі күнделікті қажетімізге керек заттарды да содан аламыз.

Табиғаттан қандай заттар аламыз?

Ауа, су, жеміс-жидек, сондай-ақ алтын, көмір, мұнай сияқты ресурстар.

Алтын, мұнай, көмірді бір сөзбен қалай атаймыз?

Пайдалы қазбалар

II. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы сұрақтар арқылы пысықталады. Оқушылар сызбаны толтыру үшін әр сұраққа нақты жауап береді.

1) Жерден қазып алынып, адам қажетіне жұмсалатын тау жынысы қалай аталады?

Жауап: пайдалы қазбалар.

2) Тек отын ретінде ғана пайдаланылмай, одан бензин, керосин, май және өзге де бағалы заттар алынатын пайдалы қазбалар қалай аталады?

Жауап: жанғыш пайдалы қазбалар.

3) Жанғыш пайдалы қазбаларды ата.

Жауап: көмір, мұнай, газ.

4) Олар Қазақстанның қай өңірлерінде өндіріледі?

Жауап: Қарағанды–Екібастұз, Маңғыстау.

5) Құрамында металл кездесетін тау жыныстары қалай аталады?

Жауап: кенді пайдалы қазбалар.

6) Кенді пайдалы қазбаларды өңдеу арқылы не алынады?

Жауап: темір, мыс, қорғасын, алюминий.

7) Олар Қазақстанның қай өңірлерінде өндіріледі?

Жауап: Орталық Қазақстан, Жезқазған, Қоңырат.

8) Тыңайтқыш өндіруге, қышқыл алуға және құрылыс қажетіне пайдаланылатын тау жыныстары қалай аталады?

Жауап: кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.

9) Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды ата.

Жауап: тұз, мәрмәр, фосфорит, гранит, құм, саз.

Қосымша сұрақ: Фосфорит қайда өндіріледі?

Жауап: Қаратауда.

Кілтті ұғымдар

Пайдалы қазбалар Жанғыш Кенді Кенге жатпайтын