Генетиканың қысқаша даму тарихы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Генетиканың қысқаша даму тарихы. №1 практикалық жұмыс.

Сабақтың түрі

Ізденіс-танымдық сабақ.

Әдістер

  • Топтық жұмыс
  • Ғаламтормен және электронды ресурстармен жұмыс
  • Сыни тұрғыдан ойлау

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, география.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Электронды оқулық, интербелсенді тақта, маркер, стикерлер, ұялы телефон, ноутбук.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларда генетика ғылымы туралы түсінік қалыптастыру, генетиканың дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен таныстыру.

Дамытушылық

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарын түсіндіру арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Ғылымға қызығушылықты оятып, ауызбіршілікке, білімді және дені сау ұрпақ болып өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I

Қызығушылықты ояту

  • Психологиялық ахуал қалыптастыру.
  • Оқушыларды топқа бөлу.
  • Өткенді пысықтау.
  • «Аялдама» әдісі: әр топ мүшесі басқа топтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді; мәтіннің мазмұны толық ашылғаннан кейін оқушылардың пікірлері тыңдалады.

I топ тапсырмасы

Онтогенез туралы түсінік беру

  1. Бластуланың түзілуі
  2. Гаструла сатысы
  3. Нейрула сатысы

II топ тапсырмасы

Постэмбриондық кезеңге сипаттама

  1. Тура даму дегеніміз не?
  2. Түрленіп даму дегеніміз не?
  3. Түрленіп дамудың маңызы қандай?

III топ тапсырмасы

  1. Митоздық бөліну дегеніміз не?
  2. Митоз неше фазадан тұрады?
  3. Әр фазаға жеке тоқталу
II

Мағынаны ажырату

Талқылау сұрағы: «Жігіттің жақсы болуы – нағашыдан, үйдің жақсы болуы – ағашынан» деген мақалдың мәнін қалай түсінеміз?

Бұл ой тұқым қуалаушылыққа жетелейді: адам бойындағы көптеген қасиеттер ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Бүгінгі сабақта біз осы тақырыпты тереңірек қарастырамыз.

Жаңа тақырыпты меңгерту

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі арқылы жаңа материалмен жұмыс жүргізіледі: кітап мәтінін оқу, ұялы телефон арқылы интернет ресурстарын пайдалану, электронды оқулықпен жұмыс, постер құрастыру.

I топ тапсырмасы

  1. Генетика ғылымының даму тарихы
  2. Генетиканың даму кезеңдері
  3. Генетиканы қазақ халқының өмірімен байланыстыру

II топ тапсырмасы

  1. Негізгі генетикалық ұғымдар
  2. Тұқым қуалау заңдылықтарын түсіндіруге арналған таңбалар
  3. Генотип және фенотип ұғымдары

III топ тапсырмасы

  1. Тұқым қуалауды зерттеудегі гибридологиялық әдістің маңызы
  2. Моногибридті будандастыру
  3. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі
III

Ой қорыту және №1 практикалық жұмыс

Оқушылар қарапайым генетикалық есептер шығару арқылы жаңа білімін бекітеді.

I тапсырма: гаметалардың типтері

  1. Генотипі AaBb гетерозиготалы адамда мейоз нәтижесінде қандай типті гаметалар түзілуі мүмкін?
  2. Генотиптері AAbb, AaBB, Aabb болса ше?

II тапсырма: қоян жүнінің түсі

Қоян жүнінің ақ түсті болуы рецессивті a генімен анықталады.

  1. Ақ көжектің генотипі қандай?
  2. Ақ көжектің ата-анасының генотиптері мен фенотиптерін анықтаңдар.
IV

Қорытындылау: «Ақылдың алты қалпағы»

Сабақты қорытындылау үшін ойлаудың әртүрлі қырын көрсететін «Ақылдың алты қалпағы» әдісі қолданылады.

Ақ қалпақ

Фактілер, цифрлар және мәліметтерді нақты күйінде ұсыну.

Қызыл қалпақ

Сезім, эмоция, түйсік және интуицияны білдіру.

Қара қалпақ

Сын көзқарас: «Бұл орындалмайды, себебі…» деп дәлелдеу.

Сары қалпақ

Оптимизм, позитив және конструктивті ұсыныстар айту.

Жасыл қалпақ

Шығармашылық ой: жаңа идеялар ұсыну.

Көк қалпақ

Жалпы көзқарас: үдерісті жүйелеу, қорытынды жасау.

Бағалау

Топтар бірін-бірі бағалайды.

Рефлексия

Оқушылар «көңіл-күй парағынан» смайлик таңдап, оны не себепті таңдағанын қысқаша түсіндіру арқылы өз ойы мен сезімін білдіреді.

Үй тапсырмасы

§22 оқып келу.