Аукционға қатысушыларға сұрақтар

Сабақ туралы мәлімет

Пәні
Алгебра
Сабақтың тақырыбы
Көпмүшелерді топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу бойынша есептер шығару
Сабақтың түрі
Аукцион-сабақ
Сабақтың әдісі
Практикалық
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайдтар, аукционға қажетті заттар, тест парақшалары

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Көпмүшені көпмүшеге көбейту амалына кері амал ретінде көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу тақырыбынан алған білімдерін тұжырымдау және білім деңгейін анықтау.

Дамытушылық

Есептер шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, практикалық іскерлігін, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, сондай-ақ әр оқушының білім, білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелілік

Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа және топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу.
  • Оқушылардың тізімін тексеру, сабаққа дайындықтарын анықтау және қабілеттеріне қарай топқа бөлу.
  • Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыптар бойынша негізгі мәселелерге шолу

Қойылатын сұрақтар:

  1. 1 Бірмүшені көпмүшеге қалай көбейтеді?
  2. 2 Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеді?
  3. 3 Жақша сыртына шығарылатын ортақ көбейткішті қалай анықтайды?
  4. 4 Қандай жағдайларда көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу үшін топтау тәсілін қолданады?

II. Аукцион тәртібімен таныстыру

Бүгінгі аукционда математика сабағына қажетті оқу құралдары «сатылымға» шығарылады. Сабақ барысында сендердің білімдерің ұпаймен бағаланады.

Дұрыс жауап берген және есепті қатесіз шығарған оқушы аукционға қатысып, қажетті заттарды ала алады.

Дәптер
Қойын кітапша
Қалам
Қарындаш
Транспортир
Сызғыш

Аукционға қатысушыларға сұрақтар

  1. 1 Қандай өрнектерді бірмүше деп атайды?
  2. 2 Бірмүшенің дәрежесі қалай анықталады?
  3. 3 Көпмүше деп нені айтамыз?
  4. 4 Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады?
  5. 5 Көпмүшенің дәрежесі деп нені айтамыз?
  6. 6 Көпмүшелерді қосу және азайту ережелерін айтыңдар.