Дәрігер жолдас
Ертеңгілік: балабақшамен қоштасу
Бұл ертеңгіліктің негізгі мақсаты — сәби шағынан балабақшаға бауыр басқан бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту, сондай-ақ балалар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
Кіріспе сөз
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы! Бүгін біз бірнеше жыл бойы мәпелеп, бағып-қағып, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке —
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл-ойларың, өсті бойларың. Қуаныштарыңа ортақпыз! Құтты болсын тойларың!
Сүйікті балабақшасымен қимастықпен қоштасатын балаларымызды құрметпен қарсы алайық. (Балалар музыкамен кіреді.)
Қазақстан Республикасының Әнұраны (хормен)
Жүргізуші: «Мектеп ана шақырады бізді алдан, алдымызда әлі талай сан арман. Қоштассақ та, балабақшам, сенің берген өнегең санамызда сақталады». Ендеше, бүлдіршіндеріміздің мектепке баруға дайын екенін дәрігер апайдан сұрап көрейік.
Дәрігер апайдың тексерісі
Кездесу
Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, дәрігер апай!
Жүргізуші: Дәрігер жолдас, алдыңыздағы балалар мектепке кетіп барады. Сұрақ қойып, жауап алып, дайындығын байқап беріңіз.
Қорытынды
Дәрігер: Бәрі тегіс қаралды, бәрі тегіс жарамды. Бәрі түгел дайын екен — бәріңе де рұқсат!
Егер ауырып қалар болсаңдар, дәрісіз-ақ емделуді ұмытпаңдар: денсаулықтың бұзылғанын жаттығумен түзету керек.
Жаттығу
Дәрігер апай балаларға қысқа сергіту жаттығуларын жасатады.
Дәрігер: Ал, енді жолдарың болсын! Жаттығу жасауды ұмытпаңдар.
Жүргізуші: Қуанышты кешімізге келгеніңізге көп рақмет!
Білім ханшайымымен білімді тексеру
Сұрақ-жауап
Ханшайым: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Ханшайым: Мен сендердің білімдеріңді тексеруге келдім.
Бағалау
Сұрақ: Жақсы оқитын бала қандай баға алады?
Жауап: «5» деген баға.
Жүргізуші: «5» бағасы кімдерге қойылады?
Балалар: Сабақты өте жақсы оқитын, еңбекқор балаларға.
Еңбек туралы мақал
Жүргізуші: Еңбек туралы кім мақал-мәтел біледі?
Асылай: «Еңбекқор бала жұмыс сұрар, жалқау бала түсте тұрар.»
Отан туралы
Ханшайым: Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Қазақстан.
Ханшайым: Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев.
Жыл мезгілдері және санау
Сұрақ: Бір жылда қанша мезгіл бар?
Жауап: Төрт мезгіл.
Атап беріңдер: Көктем, жаз, күз, қыс.
1-ден 10-ға дейін, кейін кері санау: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10; 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
Ойын: «Ойна да, ойлан» (есеп шығару)
Ойын шарты: Үлестірмелі сандарды тақтаға жабыстыру арқылы есеп шығару.
Ханшайым балаларды мақтап, балабақшада көп нәрсе үйренгенін атап өтеді және мектепте тек «4» пен «5»-ке оқуларына тілек білдіреді.
Би
Испан биі
Ән
«Біз бақытты баламыз»
Көрініс
Тақпақтар легі
Бүлдіршіндердің тақпақтары мен ойындары
Тақпақтар
Асылжан
Орын берген бақшадан — меңгеруші жақсы адам. Сондықтан да біз үшін өзіңіз артықсыз басқадан.
Аяулым
Біз мектепке барамыз, қолға қалам аламыз. Кітапты да оқимыз, суретті де саламыз.
Гүлназ
Бақша — біздің панамыз, мектеп — біздің анамыз. Ұлағатты ұстаздан оқып, білім аламыз.
Ерсұлтан
Қуанышымыз мол бүгін, мектепке тарттық жол бүгін. Ұмытпаймыз өзіңді, балабақшам, қош сау бол!
Билер
Би
«Жаяу»
Би
«Зуби-зуби»
Би
«Көктем келді!»
Ойындар
Ойын: «Жұбын тап»
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, үлестірілген суреттерден жануарлар мен олардың төлдерін жұптастырып жинайды.
Ойын: «Керекті оқу құралдары»
Ойын шарты: Балалар ойыншықтардың арасынан оқу құралдарын таңдап, жинап шығуы керек.
Балабақша ұжымына алғыс
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, енді бүлдіршіндердің балабақша қызметкерлеріне айтар алғысын қабыл алыңыздар!
Меңгерушіге
Гүлдендірген бақшаны, меңгеруші апай — жақсы адам. Сондықтан да біз үшін өзіңіз артықсыз басқадан.
Раушан Жанатбекқызына — Мың алғыс!
Әдіскерге / тәрбие ісіне атсалысқан маманға
Жайдары жүз, ақ қабақ — бізді үнемі аймалап, тобымызға жиі келіп, білгенімізді сұрап, ақыл айтып тұрасыз.
Айнұр Амантайқызына — Мың алғыс!
Дәрігерге
Денсаулыққа болаттай, ауруларды жолатпай, күнде болған әбігер — қамқоршымыз дәрігер!
Жансая Жанадиловнаға — Мың алғыс!
Тәрбиешілер мен күтушілерге
Естен кетпес үніңіз, бізбен өтті әр күніңіз. Бізге үміт артып, баптап-қарадыңыз. Күлімдеген жақсы адам болып, мейіріміңізді аямадыңыз.
Айгүл, Мөлдір, Жанар, Гүлназ апайларға — Мың алғыс!
Аспаздарға
Әлде май ма, құймақ па? Палау ма, әлде сорпа ма? Керек болса балқаймақ — әр кез дайын ортада. Тәп-тәтті тағамыңыз үшін рақмет!
Клара мен Қарашаш апайға — Мың алғыс!
Түлектердің қоштасу сөздері
Асылжан
Витамин жеп қолынан өскен сәби баламыз. Дәрігер апай, сізге де алғыс айтып барамыз.
Ақнұр
Тәрбиеші мен күтуші — біздерге анамыздай. Тек жақсылық тілейміз, рақмет айтамыз сіздерге.
Еркежан
Қош, балалар, сәт сапар! Үлгілі болып жүріңдер. Жақсы оқып әрқашан, тек «5»-тік алыңдар.
Есімхан
Оқимыз, білім аламыз, болашақ жолын саламыз. Бақшаменен қоштасып, біз мектепке барамыз.
Қасымхан
Көңілді өскен баламыз, шырқатып әнге саламыз. Тойымызға сән берер — би де билей аламыз!
Саянұр
Үлкен сенім жүктеп алып, мектепке кетіп барамыз. Тәрбиешім, өзіңізбен қоштасу әнін саламыз.
Қарақат
Балабақшам — бесігім. Тағы бір той жасайық. Ашық мектеп есігін, өзіңмен қоштасайық.
Асылай
Үлкендердей тап-таза бормен жазар тақтаға. Үлгілі бала боламын, мақтанып жүретіндей!
Арман-тілек: шар ұшыру сәті
Балалар өз армандары мен тілектерін айтып, шарларын ұшырады.
Қоштасу вальсі және ән
Би
Вальс
Ән
«Әрқашан күн сөнбесін»
Қорытынды бөлім
Жүргізуші: Әр ұрпақ — болашағымыздың алтын діңгегі. Сол ұрпақты өмірге әкеліп, адал ниетпен, ақ батамен өсірген — ата-ана. Бүгінгі қуанышқа ортақ болып отырған ата-аналарға сөз кезегін береміз.
Келесі сөз кезегі «Жұлдыз» бөбекжайының меңгерушісіне беріледі. (Балаларға сыйлықтар табысталады.)
Тілек
Барша бүлдіршінге бақыт, ашық аспан, жарқын болашақ, тыныш өмір, шат күлкі, үлкен жетістіктер мен сәттілік тілейміз.
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Жұлдыз» бөбекжайы КМҚК
Педагог-психолог: Интымакова Айгүл Сағынтаевна