Адал достық
Сабақ тақырыбы
Тақырып
Адал достық
Д. Матайқызы (слайд)
Дәйексөз
Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам.
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері
Білімділігі
Адал достықтың мәнін түсіндіру.
Дамытушылығы
Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
Тәрбиелілігі
Мейірімділікке, ізеттілікке, бірлік пен ынтымаққа тәрбиелеу.
Үй тапсырмасы
55-бет: «Өсиет-әңгіме» мәтіні бойынша түсінік айтып келу.
Ой қозғау сұрақтары
-
Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?
-
Аңыз-әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?
-
Адамдар көбінесе өз мінезіне ұқсамайтын адамдармен жолдас, дос бола ала ма?
-
Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады дегенге сенесің бе?
-
Сендердің де адал достарың бар ма?
-
Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?
Оқиға айту (мұғалім сыйы)
Тақырып: «Адал достық» (Д. Матайқызы).
Талқылау сұрақтары
-
Ержасын мен Темірланның достығы туралы айтыңдар.
-
Ержасын мен Темірлан қайтадан достаса алды ма?
-
Шынайы дос қандай қасиеттерімен айқындалады?
-
Адал дос болу үшін өзіңді-өзің қалай тәрбиелейсің?
-
Өмірден алынған адал достық туралы қандай мысалдар білесіңдер? Айтып беріңдер.
-
Өз адал достарың туралы айтып беріңдер.
Шығармашылық жұмыс (топқа бөлу)
«Талап» тобы
«Менің досым» тақырыбында эссе жазу.
«Ақыл» тобы
Достық туралы мақал-мәтелдер айту.
«Ой» тобы
Берілген сөздер қатарынан адал достыққа тән қасиеттерді тауып, атап айту.
Топпен ән айту
«Дос туралы жыр»
Iздегенде табылатын қасыңнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған. Көріспесек сағыныштан жүдейтін, Кім бар екен бала күнгі досыңнан!
Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңісіңді көрейін, Сырымыз да бітпесін, Жырымыз да бітпесін.
Қос бұтағы секілденіп ағаштың, Қатар жүріп сырымызды санаштық. Жол тапсақ та бірге жүріп жол таптық, Адассақ та бірге жүріп адастық.
Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңісіңді көрейін, Сырымыз да бітпесін, Жырымыз да бітпесін.
Ақпарат
Мекеме
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебі
Автор
Абуева Гүлбану Егізбаевна