Алаш атауының мағынасы туралы

Сабақтың тақырыбы

§12. “Қазақ” атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

“Қазақ” сөзінің шығу тегі, “Алаш” атауының мағынасы және жүздердің пайда болуы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Ойлау, есте сақтау және талдау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Елжандылыққа, ұлтты сүюге және ата дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Кезең-кезеңімен ұйымдастыру, қайталау, түсіндіру және бекіту.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныппен амандасу.
  • Кезекшімен қысқаша диалог.

II. Үй тапсырмасын сұрау

§11, 56–59-беттер.

Мазмұнын қайталау, негізгі ұғымдарды еске түсіру.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Қайталау тесті

Төмендегі сұрақтарды орындап, дұрыс жауапты таңдаңыз.

  1. 1) Оғыздарды Сыр, Арал, Каспий бойынан ығыстырғандар:

    • A) Қыпшақтар
    • B) Үйсіндер
    • C) Ғұндар
    • D) Сақтар
    • E) Аландар
  2. 2) Түргеш қағанатының өмір сүрген мерзімі:

    • A) 756–785 жж.
    • B) 704–756 жж.
    • C) 603–701 жж.
    • D) 703–56 жж.
    • E) 741–745 жж.
  3. 3) Дешті-Қыпшақ аумағы қамтыған жерлер:

    • A) Алтайдан Еділге дейін
    • B) Орталық Моңғолия
    • C) Жайық пен Есіл өзендерінің бойы
    • D) Көкше өңірі
    • E) Қытайдың батыс аймақтары
  4. 7) Сатұқ Боғра хан Қарахан мемлекетінің негізін қай жылы қалады?

    • A) 603 ж.
    • B) 704 ж.
    • C) 756 ж.
    • D) 942 ж.
    • E) 552 ж.
  5. 8) Қазақтың халық болып құрылуына әсер еткен біріккен этникалық топ:

    • A) Сақ және қаңлы тайпалық одағы
    • B) Үйсін және оғыз тайпалық одағы
    • C) Үйсін және сақ тайпалық одағы
    • D) Қаңлы және оғыз тайпалық одағы
    • E) Қыпшақ және үйсін тайпалық одағы
  6. 9) Батыс Түрік қағанатына енген тайпалар:

    • A) “Он тайпа”, дулу, нушиби
    • B) Бұлақ, жікіл, ташлық
    • C) Эймур, байандур, татар
    • D) Тоқсоба, найман
    • E) Қыпшақ және үйсін тайпалық одағы
  7. 10) Түргеш қағанаты билік басына қай қағанның келуімен нығайды?

    • A) Ибн Хордадбек
    • B) Бұмын қаған
    • C) Білге қаған
    • D) Сатұқ Боғра хан
    • E) Сұлу қаған
  8. 11) Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеті андроновтықтарға ұқсас екенін айтқан антрополог ғалым:

    • A) Н. Бичурин
    • B) О. Смағұлов
    • C) Б. Көмеков
    • D) С. Жолдасбаев
    • E) М. Вяткин
  9. 12) 756–940 жж. аралығында өмір сүрген қағанат:

    • A) Қыпшақ
    • B) Қарахан
    • C) Оғыз
    • D) Батыс Түрік
    • E) Қарлұқ
  10. 13) Қазақ халқының қалыптасу үдерісі қай ғасырларда аяқталды?

    • A) XV–XVI ғғ.
    • B) XIII–XIV ғғ.
    • C) X–XV ғғ.
    • D) XI–XIII ғғ.
    • E) XII–XIV ғғ.
  11. 14) Қазақтың халық болып қалыптасу барысын бұзған:

    • A) Тан мемлекетінің шапқыншылығы
    • B) Арабтардың шапқыншылығы
    • C) Моңғол шапқыншылығы
    • D) Жоңғар шапқыншылығы
    • E) Қыпшақтардың Хорезмге шабуылы
  12. 15) “Дешті” сөзі парсы тілінен аударғанда қандай мағына береді?

    • A) Ауыл
    • B) Салт-дәстүр
    • C) Дала
    • D) Билік
    • E) Көсем

Жаңа сабақ жоспары

  1. “Қазақ” сөзінің шығу тарихы және мағынасы.
  2. “Алаш” атауының мағынасы.
  3. Жүздердің пайда болуы.

Сабақты бекіту

  • Дәптермен жұмыс.
  • Сұрақтарға жауап беру.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

§12, 59–64-беттер.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жауаптарының дәлдігі бойынша бағаланады.