Оқушыларды Кіші жүздегі көтеріліс тарихымен таныстыру

И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған халық азаттық көтерілісі

Қазақстан тарихы, 8-сынып

Мақсаты

Тақырыптың идеялық мазмұнын ашу арқылы оқушылар мәтінді мазмұндайды, есте сақтау әдіс-тәсілдерін меңгереді. Оқушылардың ойлау қабілеті дамып, тарихи-тілдік қоры байиды.

Жалпы мақсат

Оқушыларды Кіші жүздегі көтеріліс тарихымен таныстыру. Көтерілістің алғышарттары мен себептерін анықтау, көтеріліс басшыларының ықпалына баға беру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар салыстырмалы талдау жасап, ізденіс жұмыстарын жүргізуге машықтанады.
  • Дұрыс жоспар құрып, өз пікірін жүйелі түрде жеткізе білуге үйренеді.
  • Көтеріліс басшылары ұстанған негізгі идеяның мәнін және мақсатын түсінеді.
  • Осы идея арқылы қазақ халқының болашағы зор екенін ұғынады.

7 модульдің қолданылуы

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Дарынды және талантты балаларды оқыту

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

СТО (сын тұрғысынан ойлау) технологиясының элементтері.

Қолданылатын ресурстар

  • Оқулық
  • Тапсырма бетшелері
  • Портреттер
  • Стикерлер