Табиғат аясында демалу

Сабақтың тақырыбы

Табиғат аясында демалу. Үстеу түрлері.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Шығармашылық зерттеу.
  • Модульдік оқыту технологиясы.
  • Ақпараттық оқыту технологиясы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Мәтінмен жұмыс түрлері арқылы Қазақстанның табиғаты әсем өңірлерімен және демалыс орындарымен таныстыру.
  • Топтық тапсырмалар арқылы сөздік қорды байытып, диалог түрінде сұхбат құра білуге үйрету.
  • Үстеуді және оның түрлерін ажырата білуді пысықтау.

Дамытушылық

  • Өз бетімен жұмыс арқылы сөз тіркесін және сөйлем құрау дағдыларын дамыту.
  • Сұрақ-жауап тәсілі арқылы жүйелі сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік

  • Өздігінен ізденуге және еңбектенуге ынталандыру.
  • Табиғатқа сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныппен амандасу, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыда дайындау, топқа бөлу.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Жазғы демалысқа арналған бағдарламалар құру.

«Жазғы демалыс» тақырыбында 3 топ етістіктің үш шағын қолданып, қысқа әңгіме жазады.

3) Жаңа сабақ

Интерактивті тақтада тірек сызба көрсетіледі. Тірек сызбаны пайдаланып, үстеу және оның түрлері түсіндіріледі.

Тірек сызба интерактивті қаламмен толтырылады, негізгі ұғымдар жүйеленеді.

4) Логикалық ойындар

А) Шашыраңқы әріптерден сөз құрау

Ждалым, Етерң, Қзаір, Нөмет, Жоғрыа.

(Оқушылар берілген әріптерден мағыналы сөздерді құрастырады.)

Ә) Артық сөзді тап

  • ертең
  • төмен
  • кенет
  • алға
  • алақай

Б) Үстеуді тап

Алақай-ау, балалар,
Қандай жақсы көктем-ай!
Гүлге оранды тез дала,
Келді ауылға көп торғай.

(Мәтіннен үстеулерді тауып, түрін анықтайды.)

5) Топпен жұмыс

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ берілген үстеу түріне сүйеніп, сөздерді еске түсіреді және тақырып бойынша сөйлемдер құрастырады.

1-топ: Мезгіл үстеуі

Тақырып: табиғат

  • Мезгіл үстеуіне қатысты сөздерді еске түсіріп, жазады.
  • Табиғат тақырыбында сөйлемдер құрастырады.

2-топ: Мекен үстеуі

Тақырып: демалу

  • Мекен үстеуіне қатысты сөздерді еске түсіреді.
  • Демалу тақырыбында сөйлемдер құрастырады.

3-топ: Сын-қимыл үстеуі

Тақырып: жыл мезгілдері

  • Сын-қимыл үстеуіне қатысты сөздерді еске түсіреді.
  • Жыл мезгілдері туралы сөйлемдер құрастырады.

6) Сұрақ-жауап

Топ мүшелері бір-біріне сұрақ қояды. Жауаптар үстеу түрлерін қолданып берілуі тиіс.

1-топ

Оқушылар Көкшетауға қашан барады?

ертең

2-топ

Көкшетау қайда орналасқан?

Қазақстанның шығысында

3-топ

Оқушылар қалай сөйлейді?

тез жай

7) Мәтінмен жұмыс

А) Оқу

Мәтінді мәнерлеп және түсініп оқу.

Ә) Сұрақ құрастыру

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындау.

Б) Үстеулерді қолданып жауап беру

  • Сендер үшін демалуға қолайлы уақыт қашан?
  • Сендер қайда демалғыларың келеді?
  • Елімізде демалыс орындары бар ма?
  • Табиғат аясында демалу ұнай ма?

Сабақты бекіту

А) Үстеулердің антонимін табу

Жоғары — …, ерте — …, бүгін — …, таңертең — …, тез — …, былтыр — …, кеше — … және т.б.

Ә) Терме диктант

Оқылған мәтіннен әр топ өзіне тиісті үстеу түрлерін теріп жазып отырады.

Оқушыларды бағалау

Оқушылардың топтық жұмысы, жауаптарының дәлдігі және үстеу түрлерін дұрыс қолдануы негізінде бағаланады.

Үй тапсырмасы

  1. 1 Құрамында үстеу сөздер кездесетін мақал-мәтелдер тауып келу.
  2. 2 Үстеу түрлері бойынша 10 сұрақтан тұратын тақырыптық тест құрастыру.
  3. 3 Мәтінді мазмұндап айту.
  4. 4 Қазақстандағы демалыс орындары туралы мәлімет іздеу.