Квадрат теңдеулерді формулалар бойынша шешу
Шал ақын ауданы • Жалтыр негізгі мектебі
Математика пәнінің мұғалімі: Әбілова С. А.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Білімділік
Квадрат теңдеулерді формула арқылы шешу дағдыларын жүйелеу және толымсыз квадрат теңдеулердің шешімдерін табу білімдерін бекіту.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, пайымдауды тереңдету, дәлел келтіру және ойды нақты тұжырымдау мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік
Есептің шешімін іздеу арқылы қиындықты жеңуге үйрету, ұйымшылдыққа, дербестікке және дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды топқа бөлу.
- Бағалау парағын тарату (әр тапсырмадан кейін оқушылар өзін-өзі бағалайды).
1) Кластер құру
Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды анықтап, оларды өзара байланыстырып кластер құрастыру.
2) Блиц-сұрақтар
- 1 Квадрат теңдеудің жалпы түрі қандай?
- 2 Квадрат теңдеудегі a, b, c сандары қалай аталады?
- 3 Қандай теңдеуді толымсыз квадрат теңдеу деп атайды?
- 4 Квадрат теңдеудің түбірлері қалай анықталады?
- 5 Толымсыз квадрат теңдеудің әр түрінің неше түбірі болады?
- 6 Келтірілген квадрат теңдеу қандай түрде жазылады?
3) Есептер шығару
Есеп 1
a = −2, b = 3, c = 1 болғанда квадрат теңдеу құрастырыңдар.
Есеп 2
Төмендегі теңдеуді ax² + bx + c = 0 түріне келтіріп, a, b, c мәндерін анықтаңдар:
10x² − 25 = 16 − (3 − x)²
Есеп 3
3x² − 8x − 3 = 0 теңдеуінің дискриминантын табыңдар.
Есеп 4
a-ның қандай мәндерінде 13a² − 17 және 26a − 17 өрнектерінің мәндері тең болады?
4) Өзіңді тексер
Карточкадағы кесте бойынша жұмыс жасап, жауаптарыңды тексеріңдер.