Көсемшенің түрленуі

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Тақырып

Көсемшенің түрленуі

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ

Әдіс-тәсілдер

Түсіндірмелі әдіс, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар

Көрнекіліктер

Оқулық, үлестірмелі парақтар, интерактивті тақта, слайд

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға көсемшенің түрленуі туралы түсінік беру; деңгейлік тапсырмалар арқылы білімін қалыптастыру.

Дамытушылық

Теориялық материалды жүйелі әрі тиянақты орындауға дағдыландыру; өздігінен жұмыс істеу мен шығармашылық қабілетті дамытуға ықпал ету.

Тәрбиелік

Жинақылыққа баулу; білімге құштарлық пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Назарын сабаққа аудару.

Кіріспе шумақ

Барша заттың бір өзімде қимылы,
Сөз табының күрделісі, қиыны.
Сабақты, салт, есімше мен көсемше,
Шақ пен рай, етіс те боп жиылдым.

Сұрақ: осы шумақ арқылы қай сөз табының ерекшелігі байқалады?

II. Үй тапсырмасын сұрау және тексеру

«Жетіқарақшы» ойыны арқылы өткен тақырыптарды қайталаймыз. Алдымен Жетіқарақшы жұлдызы туралы аңыздарды еске түсіріп алайық.

Аңыз 1

Темірқазыққа Тәңір өз аттарын байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз — Тәңірдің ақбоз тұлпарлары. Ақбозат пен Көкбозат Темірқазыққа арқанмен байлаулы, ал Жетіқарақшы түні бойы сол екі атты ұрламақ болып ториды. Аттар қозғалмай тұрған қазықты айналып, күзетті алдырмай, таң атқанша әрекеттеніп, ақыры кетеді. Байқасаңыз, Жетіқарақшы түні бойы Темірқазықты айналып қозғалады.

Аңыз 2

Жетіқарақшы Үркердің (жұлдыз шоғыры) Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып, алып қашады. Қызын құтқармақ болған Үркер Жетіқарақшыны қуып жүреді дейді; жақындап қалғанда үнемі таң атып кетеді екен. Аңызда ең жарқырап тұрғаны — қарақшылардың бастығы, ал жанындағы көмескі көрінгені — Үлпілдек. Шынында да, Жетіқарақшы Темірқазықты айналып, Үркер жақындағанда таң бозара бастайды.

Тақтадан Жетіқарақшы жұлдызы көрсетіледі. Оқушылар сұрақтарды таңдап алып, жауап береді:

  1. 1.Етістік дегеніміз не?
  2. 2.Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?
  3. 3.Етістіктің болымды, болымсыз түрлерінің ерекшелігі неде? Мысал келтір.
  4. 4.Етістіктің неше шағы бар? Мысал келтір.
  5. 5.Етістіктің райлары деген не және неше райы бар?
  6. 6.Есімше деген не? Қалай түрленеді? Мысал келтір.
  7. 7.Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?

III. Жаңа сабақ

Бұл кезеңде оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Көсемшенің жасалуы

Көсемше етістік түбіріне немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:

-ып, -іп, -п

бар-ып, кел-іп, қара-п

-а, -е, -й

бар-а, кел-е, сөйле-й

-ғалы, -гелі, -қалы, -келі

бар-ғалы, бер-гелі, бас-қалы, төк-келі

Көсемшенің қызметі

Көсемше — етістіктің ерекше түрі. Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады:

1) Пысықтауыш қызметі

Іс-әрекеттің жай-күйін білдіреді: «Айқын жолдасына таңдана қарады».

2) Баяндауыш қызметі

Жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп баяндауыш болады: «Бүгін сыныбымызда ашық сабақ өтіп жатыр».

1-тапсырма

Берілген етістіктерден көсемше жасаңыз (ауызша сөйлем құрау): қалану, даму, отыр, айт, жүр.

Үлгі

қалан-ып, қалан-ғалы, қалан-а

IV. Деңгейлік тапсырмалар

I деңгей

Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып, мағынасы сәйкес сөзбен тіркестіріңіз (дәптерге орындаңыз).

Сөз Тіркес
1 Таң ағар-ып атты
2 Жұлдыз жарқыра-й-ды
3 Ай жымыңда-п тұр
4 Боран гуілде-й соқты
5 Қоңырау сыңғырла-й соғылды
6 Жаңбыр жау-ғалы тұр

257-жаттығу

Көсемшелерді теріп жазыңыз.

Үлгі

азбайды, тозбайды, қорғайды, сұра, оқып, сөйлеме, тоқып, сөйле, сүрініп, құлайсың, көре, боласың, сөйлей

II деңгей

Төмендегі көсемшелерге морфологиялық талдау жасаңыз (алдымен дәптерге, кейін тақтаға).

Түседі

Түс-е-ді

Түс — етістік; -е — көсемше; -ді — жіктік жалғау (III жақ).

Барады

Бар-а-ды

Бар — етістік; -а — көсемше; -ды — жіктік жалғау (III жақ).

Сөйлеппін

Сөйле-п-пін

Сөйле — етістік; -п — көсемше; -пін — жіктік жалғау (I жақ).

Бұрылғаны

Бұр-ыл-ғалы

Бұр — етістік; -ыл — ырықсыз етіс; -ғалы — көсемше.

Тартып

Тарт-ып

Тарт — етістік; -ып — көсемше.

Салынғалы

Сал-ын-ғалы

Сал — етістік; -ын — ырықсыз етіс; -ғалы — көсемше.

III деңгей (жұптық жұмыс)

Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз:

тізе қосып көре алмайды ауырып отырған таба білген барып келейін шашқалы отыр тілек тілеп

Сабақты бекіту

Тест тапсырмаларын орындаңыз:

1) Берілген сөздерден көсемше жұрнағы бар сөзді табыңыз.

  • а) барған
  • ә) келіп
  • б) бармақ

2) Есімше қатысқан сөйлемді табыңыз.

  • а) Асан бүгін сабаққа барған жоқ.
  • ә) Асан бүгін сабаққа барады.
  • б) Асан бүгін сабаққа барды.

3) «Дос … айтады, дұшпан … айтады» мақалына керекті сөздерді табыңыз.

  • а) жылатып, күлдіріп
  • ә) айтады, дос, дұшпан
  • б) дос, дұшпан, күлдіріп

4) «Ол жүгіріп келе жатыр» сөйлеміндегі көсемше жұрнағын табыңыз.

  • а) -іп, -е
  • ә) -іп, -ыр
  • б) -е, -кел

5) Көсемше жұрнағы бар сөз тіркесін табыңыз.

  • а) ән салдым
  • ә) жаяулатып жүр
  • б) ән айтты

Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

259-жаттығу.

Бағалау

Оқушылардың жинаған балдарын есептеп, бағаларын қою.