Әділ хан

Сабақтың тақырыбы

Шоқан Уәлиханов. Абылай хан.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі емес.

Сабақ типі

Жаңа білім беру.

Әдіс-тәсілдер

  • Баяндау
  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Ізденіс жұмысы

Көрнекіліктер

  • Ш. Уәлиханов портреті
  • Абылай хан портреті

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

Шоқан Уәлиханов туралы мағлұмат беру, Абылай ханның ерлік жолдары жайлы түсінік қалыптастыру, мәтіннің негізгі мазмұнын меңгерту.

2) Дамытушылық

СТО технологиясының стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың ойын толық әрі жүйелі жеткізуін, жазба түрде еркін жаза білуін, өз бетінше қорытынды жасауын дамыту; Абылай хан туралы білімін тереңдету.

3) Тәрбиелік

Елі мен халқы үшін күрескен ұлы тұлғалардың өмірін үлгі ету, өткен тарихты құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Бір-бірімізге шуақ сыйлайық: қабағымызды ашып, әдемі күлейік.

I. Қызығушылықты ояту — «Алтын қақпа» ойыны

Шарты: тас, күміс және алтын қақпаның артында сандық бар. Сандықта құпия жасырылған. Құпияны ашу үшін әр қақпаның тапсырмасын орындаймыз.

Жұмыс түрлері

  • Мәтінді оқу
  • Топтастыру құру

Тас қақпа тапсырмасы

«Абылай хан» мәтінімен танысып, хан Абылайға қатысты топтастыру стратегиясын құрыңдар.

Топтастыруға арналған негізгі деректер

  • 1711 жылы туған
  • Әбілмансұр, «Сабалақ»
  • Қоғам қайраткері
  • Әділ хан
  • Ержүрек сарбаз
  • Тәсілгер, батыл қолбасшы
  • Еш теңдесі жоқ хан
  • 1781 жылы дүние салған
  • Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген

II. Мағынаны тану — «Күміс қақпа» тапсырмасы

Мәтін бойынша INSERT кестесін құру.

Білемін

  • Әбілмансұр
  • Сабалақ
  • Абылай хан

Мен үшін жаңа

  • Ержүрек сарбаз, батыл қолбасшы
  • Әділ хан болғаны
  • Шарышты өлтіргені
  • Ахмет Ясауи кесенесінде жерленгені

Білгім келеді

Абылай ханның ұрпақтары туралы.

III. Сергіту сәті

«Қаражорға» биі.

IV. «Алтын қақпа» тапсырмасы

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
  • «Абылай хан» тақырыбында қорытынды эссе жазу

V. Сандықтағы құпия сөз

Даналық сөз (Қазыбек би)

Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз.

VI. Бағалау

Оқушылардың жұмысы тапсырмаларға қатысуы мен жауаптарының мазмұнына қарай бағаланады.

VII. Рефлексия

Сабақтан алған әсері мен түсінгенін қысқаша қорытындылау.

VIII. Үйге тапсырма

  • «Абылай хан» мәтінін оқу, мазмұндау
  • INSERT кестесіндегі «Білгім келеді» бағанын толтыру