Аукцион сабақ, жаңа білімді меңгеру
Математика • 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: 2, 5 және 10 сандарына бөлінгіштік белгілері
Сабақтың түрі
Аукцион сабақ (жаңа білімді меңгеру)
Білімділік мақсаты
Оқушыларға жұп және тақ сандарды ажыратуды, санның соңғы цифрына қарап оның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетінін анықтауды үйрету.
Дамытушылық мақсаты
Ойлау қабілетін дамытуға, адамгершілікке ұмтылуға, әсемдікті бағалауға және шығармашылық белсенділікке жағдай жасау.
Тәрбиелік мақсаты
Математикалық мәдениеттілікті қалыптастырып, төзімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап арқылы түсіндіру және бекіту
- Топпен жұмыс және топтық сайыс
- Тапсырмалар мен есептер орындату (аукцион форматы)
Ынталандыру сөзі: «Білім деген биік шың — бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың — қиындықтан өткізер». Бүгінгі сабағымызды сайыс түрінде өткіземіз: сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді.
I. Үй тапсырмасын тексеру
№193
Логикалық есепБерілгені: 2 мысық 2 минутта 2 тышқан жейді.
1) 4 мысық 4 минутта неше тышқан жейді?
Жауабы: 8 тышқан.
2) 3 мысық 3 тышқанды неше минутта жейді?
Жауабы: 2 минут.
Пысықтау сұрақтары
- 1 Көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз?
- 2 Қосындының берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз?
- 3 Айырма қандай жағдайда берілген санға қалдықсыз бөлінеді?
II. Жаңа материалды ашу
Негізгі анықтама
Сандардың жазылуына қарап, бір санның екінші санға бөлінгіштігін анықтайтын ереже бөлінгіштік белгісі деп аталады.
Жұп және тақ цифрлар
Жұп цифрлар: 0, 2, 4, 6, 8
Тақ цифрлар: 1, 3, 5, 7, 9
Бөлінгіштік белгілері (қысқа ереже)
2-ге бөліну
Соңғы цифры жұп болса, сан 2-ге бөлінеді.
5-ке бөліну
Соңғы цифры 0 немесе 5 болса, сан 5-ке бөлінеді.
10-ға бөліну
Соңғы цифры 0 болса, сан 10-ға бөлінеді.
III. Есептер шығару (аукцион форматы)
Бұл бөлімде әр оқушы өз білімін іс жүзінде көрсетеді: тапсырмаларды дұрыс әрі ұқыпты орындағандар «саудаға» қойылған заттарды ұтып алады. Бәсекеге 4 оқушы қатысады.
№197
Қалам үшін сайыс1) 2-ге бөлінетін сандар
144, 184, 278, 520, 990, 646
2) 5-ке бөлінетін сандар
415, 520, 990, 825, 975
3) 10-ға бөлінетін сандар
520, 990
№207
Сызғыш үшін тапсырма0, 3, 4 және 5 цифрларын пайдаланып: 1) 2-ге; 2) 5-ке; 3) 10-ға бөлінетін және 4) 2-ге бөлінбейтін екі таңбалы сандарды жазыңдар.
2-ге бөлінетін
34, 30, 40, 54, 44, 50
5-ке бөлінетін
40, 55, 30, 45, 50, 35
10-ға бөлінетін
30, 40, 50
2-ге бөлінбейтін
33, 43, 53
Ескерту: Қалыс қалуға болмайды — әркім белсенді қатысып, сатып алуға тырыссын.
№218
Қалың дәптер үшін күрделі есепАулада мысықтар мен тауықтар жүр, олардың барлығы — 8. Мысықтың әрбір аяғында 5 тырнақ, ал тауықтың әрбір аяғында 4 тырнақ бар. Барлығы 100 тырнақ. Аулада неше мысық, неше тауық бар?
Жауабы
3 мысық, 5 тауық.
Мысықтардың тырнағы
3 · 4 · 5 = 60
Тауықтардың тырнағы
5 · 2 · 4 = 40
Бекіту сұрақтары
- 1 Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды?
- 2 Қандай цифрларды тақ цифрлар деп атайды?
- 3 Қандай сандар 2-ге бөлінеді?
- 4 Қандай сандар 5-ке бөлінеді?
- 5 Қандай сандар 10-ға бөлінеді?
Үйге тапсырма
№198, №208
Бағалау
Оқушылардың жауап беру дәлдігі, есеп шығару сапасы, топтық жұмыстағы белсенділігі және тәртіп сақтауы ескеріледі.
Қосымша: «Ойлайық та, ойнайық»
Мақсаты: оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту. Ойын барысында оқу бағдарламасындағы негізгі ереже мен түсініктер қайталанады.
1 км-де неше метр бар?
1000 м
Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе, Жер үлкен бе?
Жер
1 сағатта неше минут бар?
60 минут
Жердің Күнді бір рет айналып шығуына кететін уақыт қалай аталады?
Жыл
Жердің ауа қабаты қалай аталады?
Атмосфера
Натурал сандар нешеден басталады?
1-ден
1 тәулікте неше сағат бар?
24
Нәрселерді санауда қолданылатын сандар қалай аталады?
Натурал сандар
Қай айда 28 күн бар?
Барлық айда
Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы қанша уақыт ойнады?
2 сағат
Шығыстан батысқа қарай 60 км/сағ жылдамдықпен электропойыз келе жатыр. Сол бағытта 50 км/сағ жылдамдықпен жел соғып тұр. Пойыздың түтіні қай бағытта болады?
Электропойыздың түтіні болмайды
2-ден үлкен, 3-тен кіші сан шығу үшін екі «2»-нің арасына қандай таңба қою керек?
Үтір: 2,2
Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Ол екі араны неше күнде өтеді?
10 күн
№1, №2, №3 пәтерлерде үш мысық тұрады: ақ, қара және ала. №1 және №2 пәтерлерде қара мысық тұрмайды. Әр мысық қай пәтерде тұрады?
№3 — қара мысық, №2 — ақ мысық, №1 — ала мысық