Мәтіндік ақпаратты сақтау

Пән: Информатика

Тобы: ШК-14-9

Оқытушы: Омарбеков Медет Боранбаевич

Сабақтың тақырыбы

Интернет (Internet) желісінің тағайындалуы, сипаттамасы, құрылымы және құрамы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Мақсаты

Оқушылардың интернет туралы жаңа білімдерін қалыптастыру, интернеттің мүмкіндіктерін және оларды тиімді пайдалануды үйрету.

Міндеттері

Оқыту (білімдік)

Интернет туралы жаңа мәлімет беру.

Тәрбиелеу (тәрбиелік)

Өз бетімен жұмыс істеуге, өз-өзіне сенуге, тиянақтылық пен ұқыптылыққа баулу; ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.

Дамыту (дамытушылық)

Логикалық ойлау қабілетін және өз бетінше жұмыс дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтижелер

Түсінуі тиіс

Интернет туралы жалпы түсінік.

Құндылық бағдары

Интернетті қауіпсіз әрі орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Жасай біледі

Интернеттен ақпаратты іздеу және нәтижені бағалау.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, оқушыларды түгендеу.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
  • Қауіпсіздік ережелерін еске салу.
  • Бағалау парағын тарату.

II. Қайталау

Топтық жұмыс

Оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр топқа желілік топология түрлері бойынша сұрақтар беру.

«Кубизм» стратегиясы

Сұрақ жазылған текше лақтырылады. Қай сұрақ түссе, топ сол сұраққа бірлесе жауап береді.

  1. Желілік адаптер дегеніміз не?
  2. Сервердің қызметі қандай?
  3. Желілік хаттама деген не?
  4. Желілік құрылғыларға нелер жатады?
  5. Корпоративтік және аймақтық желілер дегеніміз не?
  6. Жергілікті желінің мүмкіндіктері қандай?

«Джигсо» стратегиясы

Әр оқушыға бір сұрақ беріледі. Содан кейін барлық топ өз жауаптарын бөліседі.

  1. Компьютерлік желі дегеніміз не?
  2. Модемнің қызметі қандай?
  3. Жергілікті желі дегеніміз не?

III. Түсіндіру: Интернет туралы

ХХ ғасырдың соңында кең таралған Интернет бүгінде жер шарының әр түкпірін байланыстырып, адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та пайда болды. Алғашқы идея соғыс жағдайында телефон арналары арқылы байланысқан компьютер желілерінің үзілмеуін қамтамасыз ету мақсатында туындаған. 1960 жылдардың соңында Пентагон ядролық қауіп туындаған жағдайда желінің тұрақтылығын сақтайтын арнайы жүйе әзірледі. Тәжірибенің нәтижесінде ARPAnet желісі құрылып, ол бастапқыда Калифорния мен Юта штаттарындағы зерттеу орталықтарындағы бірнеше компьютерді біріктірді.

Кейін ARPAnet бейбіт мақсатқа қызмет етіп, негізінен ғалымдар мен мамандар арасында қолданылды. 1980 жылдардың басында «Интернет» термині қалыптасты (ағылшынша inter-network — «халықаралық/желілер арасы» ұғымына жақын). 1990 жылдары Интернет пайдаланушылары саны күрт өсті: 2000 жылға қарай 5 миллионнан астам компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.

Интернеттің мүмкіндіктері

Интернеттен өз қызығушылығыңызға сай ақпарат табуға болады: жаңалық оқу, ауа райын көру, әртүрлі елдер мен қалалар туралы мәлімет алу, бизнес пен ғылымға қажет деректерді іздеу, ойын-сауық және оқу ресурстарын пайдалану. WWW (Web) арқылы гиперсілтемелер көмегімен қажетті беттерге жылдам өтесіз.

TCP/IP деген не?

TCP/IP — Интернетке қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін деректерді біріздендіру ережелері мен хаттамалар жиынтығы.

Интернеттің «қожайыны» туралы

Интернеттің негізі АҚШ-та жасалғанымен, оның бір ғана иесі жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет өз инфрақұрылымы мен қызметін ұсына отырып, желінің белгілі бір бөлігін басқарады.

Негізгі қосымшалар мен қызметтер

E-mail (электрондық пошта)

Желі қолданушылары арасында хабарлама алмасуды жүзеге асыратын қызмет.

Адрес үлгісі

есім@мекеме.домен

common@pushkinlibrary.kz

dina_m@mail.kz

FTP (File Transfer Protocol)

Үлкен көлемдегі файлдарды жіберу және қабылдау үшін қолданылатын протокол.

Чат (IRC)

Нақты уақытта интерактивті сұхбат құруға арналған қызмет: хабарлама бірнеше секунд ішінде сұхбаттасушыға жетеді.

World Wide Web (WWW немесе Web)

Гипермәтіндік құжаттар жүйесі. Графикалық интерфейс арқылы интернеттегі ақпаратты ыңғайлы қарауға мүмкіндік береді.

Веб-парақтан ақпаратты сақтау тәсілдері

  1. Веб-парақты толық сақтау.

    Парақ толық жүктелгеннен кейін: Файл → «Сохранить как». Ашылған терезеде «Тип файла» жолында «Веб-страницу полностью» таңдаулы тұрғанын тексеріңіз.

  2. Суретті сақтау.

    Сурет үстінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басып, «Сохранить рисунок как» командасын таңдаңыз.

  3. Мәтіндік ақпаратты сақтау.

    Қажетті мәтінді белгілеңіз де «Копировать» арқылы айырбастау буферіне көшіріңіз (кейін құжатқа қоюға болады).

Интернеттегі адрестік жүйе және домендер

Құрылым үлгісі

қосымша.меке ме.домен

Ескерту: домен — ұйымның түрі немесе тиістілігі туралы ақпарат береді.

Жиі қолданылатын домендер

  • govүкіметтік
  • orgкоммерциялық емес
  • eduбілім беру
  • comкоммерциялық
  • milәскери
  • netжелілік

IV. Сабақты бекіту (практикалық тапсырмалар)

Әр нұсқада оқушылар интернеттен ақпарат іздеу және нәтижені нақты дереккөзбен көрсету дағдыларын орындайды.

Вариант №1

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің серверін тауып көрсетіңіз.
  2. Қазақстан Республикасының Әнұраны мәтінін тауып көрсетіңіз.
  3. В. Васнецовтың «Богатыри» картинасын тауып беріңіз.
  4. «Джабог» сөзінің түсіндірмесін тауып беріңіз.
  5. Ч. Абдуллаевтың «Сотвори себе мир» шығармасының толық мәтінін тауып беріңіз.

Вариант №2

  1. Республикалық «Жас Алаш» газетінің серверін тауып көрсетіңіз.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің «2030» жылға арналған жолдауының толық мәтінін тауып беріңіз.
  3. Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің суретін тауып көрсетіңіз.
  4. «Кабошон» сөзінің түсіндірмесін тауып беріңіз.
  5. Ш. Айтматовтың «Плаха» романының толық мәтінін тауып беріңіз.

Вариант №3

  1. Қазақстанның Білім және ғылым саласына қатысты серверді тауып көрсетіңіз.
  2. Г. Гейненің «Лорелей» өлеңінің толық мәтінін тауып беріңіз.
  3. В. Суриковтың «Боярыня Морозова» картинасын тауып беріңіз.
  4. «Деликт» сөзінің түсіндірмесін тауып беріңіз.
  5. Г. Флобердің «Госпожа Бовари» шығармасының толық мәтінін тауып беріңіз.

Семантикалық карта (ұғымдарды сәйкестендіру)

Төмендегі анықтамаларды тиісті ұғымдармен сәйкестендіріңіз.

Анықтамалар

  • Компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
  • Байланыс желілері арқылы қосылған, құрылғылардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін компьютерлер тобы.
  • Web-браузерлер: Internet Explorer, Mozilla Firefox және т.б.
  • Сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын электрондық құрылғы.
  • Кез келген компьютерлер арасында бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін желілер жүйесі.
  • Телефон желілері немесе басқа байланыс тораптары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.
  • Электрондық хабарламаларды жеткізу қызметі (қайта бағыттау мүмкіндіктерімен).
  • Гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған бағдарлама.
  • Кабель арқылы тұрақты немесе телефон/сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанатын желі түрлері болуы мүмкін.

Ұғымдар

Компьютерлік желі

Модем

Интернет

Электрондық пошта

Браузер

Сервер

Тапсырма: әр анықтаманың жанына сәйкес ұғымды жазыңыз және таңдауыңызды 1 сөйлеммен негіздеңіз.

V. Үй тапсырмасы

«Электронды кілт қаншалықты пайдалы?» тақырыбында шағын мәнжазба (эссе) жазу.