Көркіне сөз жетпес

Сабақтың тақырыбы: Таскөмір

Қазақстанның жер үсті табиғаты қаншалықты сұлу болса, жер асты да соншалықты қазба байлыққа бай. Сабақ барысында таскөмірдің пайда болуы, оны өндіру жолдары және адам өміріндегі маңызы қарастырылады.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: таскөмірдің қалай пайда болатынын және адамның оны не үшін қолданатынын түсіндіру.
  • Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін және тіл байлығын дамыту.
  • Тәрбиелік: табиғатты аялауға тәрбиелеу және еліміздің қазба байлықтарын үнемді пайдалануға үйрету.

Сабақтың түрі

Дамытушылық сабақ

Әдістері

СТО стратегиялары

Көрнекілігі

Қазақстан картасы, таскөмір кесегі, слайд

Сабақтың барысы

I. Психологиялық дайындық

Шыңына көз жетпес.

Көркіне сөз жетпес.

Басынан қар кетпес,

Өзіне тау жетпес.

Өлең жолдарын негізге ала отырып, Қазақстанның табиғаты мен жер асты байлықтарының молдығы туралы ой қозғаймыз.

II. «Миды шынықтыру» сұрақтары

  1. 1. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіріледі?
  2. 2. Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?
  3. 3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға нелер жатады?
  4. 4. «Кен орны» деп нені айтады?
  5. 5. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?
  6. 6. Қара, қоңыр, кейде ақ түсті, жанғыш пайдалы қазба.
    Жауабы: мұнай

Топпен жұмыс: мұнай тақырыбы

1-топ

Мұнайдың қасиеттері

2-топ

Мұнайды қалай өндіреді?

3-топ

Мұнайдан не алынады?

Талқылау форматы

  • Жеке жазу
  • Жұпта ойды таныстыру
  • Топта талқылау
  • Топтың ойын ортаға салу

Оқушылар жауап берген кезде слайд көрсетіліп, пайдалы қазбалардың үлгілері қолданылады. Қосымша сұрақ: «Табиғи газ туралы не білесің?»

III. Мағынаны тану кезеңі

Қызығушылықты ояту

Қара түсті отын,

Жанады жарқын.

Жауабы: көмір

«Көмір» сөзін естігенде ойыңа бірінші келетін сөздерді жаз.

  1. 1. Жұпта ойды таныстыру
  2. 2. Топта талқылау
  3. 3. Топтың ойын ортаға салу

Көмір қалай пайда болады?

Бұдан шамамен 300 миллион жыл бұрын Жер беті бүгінгідей болмаған. Климат жыл бойы жылы әрі ылғалды еді. Су булары аспанды жиі бұлттандырып, найзағай жарқылдап, нөсер жауын тоқтамаған. Соның салдарынан өзендер арнасынан асып, жаңа көлдер мен батпақтар көбейген.

Мол ылғал әсерінен өсімдіктер қаулап өсіп, кейін шіріген өсімдік қалдықтары батпаққа құлаған. Уақыт өте келе қатты қысым мен ауаның жетіспеуі нәтижесінде олар таскөмірге айналған.

Таскөмірдің пайда болу тізбегі

  1. Климаттың үнемі жылы болуы
  2. Толассыз жауған жауындар
  3. Су буларының күнді жиі көлегейлеуі
  4. Өзендер мен көлдердің арнасынан шығуы, батпақты жерлердің көбеюі
  5. Өсімдіктердің қаулап өсуі
  6. Шіріген өсімдіктердің батпаққа түсуі
  7. Қатты қысым және ауаның жетіспеушілігі
  8. Нәтижесінде таскөмірдің түзілуі

Көмір өндіретін аймақтар

Қарағанды көмір алабы

Сарыарқа
  • Орналасуы: Қазақстанның орталығы, Қарағанды облысы.
  • Сипаты: жоғары сапалы, күлі аз көмір.
  • Тереңдігі: орташа шамамен 300 м.
  • Өндіру тәсілі: жер астынан шахталық әдіспен.
  • Тұтынушылар: Қазақстан және Ресейдің металлургия зауыттары мен электр стансалары.

Көмір тереңде жатқандықтан шахталық әдіс қолданылады. Мұндай жағдайда өндірілген көмірдің сапасы жоғары болады.

Екібастұз көмір алабы

Павлодар облысы
  • Орналасуы: Сарыарқаның солтүстік-шығысы.
  • Ауқымы: ұзындығы 24 км, ені 8,5 км.
  • Өндіру тәсілі: ашық әдіс (карьер).
  • Сапасы: күлі көп, сапасы төмендеу; негізінен отын ретінде пайдаланылады.
  • Ерекшелігі: көмір қабаты жер бетіне жақын орналасады.

Өндірілген көмірді Қазақстан, Ресей және көршілес мемлекеттердің ірі энергетикалық орталықтары пайдаланады.

Қоңыр көмір қорлары

Қоңыр көмір қорлары негізінен Торғай мен Майкөбе кеніштерінде шоғырланған.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір дем алып алайық.

Тірек сөздермен жұмыс

Тақтаға жазылатын сөздер

Морт сынғыш Қара Қоңыр Шахта Бояу Пластмасса

Оқушылар мәтінді іштей түсініп оқып, тірек сөздердің мағынасын ашады. Қателесу — үйренудің бір бөлігі.

Тексеру: тұжырымдардың дұрыстығын анықтау

Төмендегі тұжырымдарды талқылап, дұрыс/бұрысын дәлелде.

  • Көмір жұмсақ.
  • Көмірдің түсі қара, қоңыр болады.
  • Көмір тек жердің терең қабатында болады.
  • Шахтадан көмірді құбыр арқылы алады.
  • Таскөмір құрылысқа пайдаланылады.
  • Таскөмірді тек үйді жылыту үшін ғана қолданады.
  • Шахтада комбайншылар жұмыс істейді.
  • Таскөмір Астана қаласында өндіріледі.

IV. Ой толғаныс

Орталықтармен орындалатын тапсырмалар

  1. 1. Кескін картадан көмір өндірілетін жерлерді белгілеу.
  2. 2. «Мен — көмірмін» тақырыбында эссе жазу.
  3. 3. Кестені толтыру: пайдалы қазбаның аты, ерекшелігі, қалай өндіріледі, пайдасы.
  4. 4. «Автор орындығында» жазғандарын оқып беру.

Үй жұмысы

  • Мәтінді түсініп оқу.
  • Мазмұнын дайындап келу.
  • Көмір туралы жұмбақ құрастыру.