Ақдауыл хан туралы түсінікті қалыптастыру

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп және мұғалім

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Айымжан орта мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі: Мухаметкалиева Жаксылык Казизовна.

Пән, сынып, тақырып

Әдебиеттік оқу, 3-сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Ақдауыл хан».

Сабақтың мақсаты

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру және меңгерту.

  • «Ақдауыл хан» туралы түсінік қалыптастыру.

  • Ой белсенділігін арттыру, жаңа сабаққа қызығушылық ояту.

Көрнекіліктер

Хандардың суреттері.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Мейірімді жүрекпен — жүректерін ұстайды.

Ақ пейілді тілекпен — қолдарын жоғары көтереді.

Амандасып алайық — бір-бірінің қолдарын ұстайды.

Бір жадырап қалайық — бір-біріне қарап күлімдейді.

Еңбек етіп ерінбей, «Бестік» баға алайық — бас бармақтарын көтереді.

2) Үй тапсырмасын тексеру

«Байшұбар ат» туралы бес жолды өлең жазып келу тапсырмасы тексеріледі.

3) Жаңа тақырып

Топқа бөлу

Оқушылар үстелде жатқан қағаздарды бір-бірден алады да, түстеріне қарай екі топқа бөлінеді:

  • Қызыл бас киім — 1-топ.

  • Көк бас киім — 2-топ.

Талқылау сұрағы: «Бұл бас киімді кімдер киген?»
Қорытынды: ертеректе хандар киген. Қазіргі кезде мұндай бас киім мен шапан аса құрметті адамдарға сыйға тартылады.

Ой қозғау

«Хан деген кім?» тақырыбында ассоциация құрылады: оқушыларға қағаз беріліп, ойларын жазып, қорғайды.

Бүгінгі мәтін

Осы сабақта оқушылар «Ақдауыл хан» мәтінімен танысады.

Автор туралы мәлімет

Мәтіннің авторы — Бердалы Рысбеков (1940 ж. 17 мамыр). Ол Келес ауданы, Мақтабек Рахымов атындағы совхоздың Құрылыс елді мекенінде дүниеге келген.

1957 жылы «Ленин жолы» (қазіргі О. Есімов) мектебін бітіріп, 2–3 жыл совхозда жұмыс істеген. Кейін Ташкенттегі ауа райын зерттеу техникумына оқуға түскен. Шығармашылықпен 1960 жылдан бастап айналысады.

«Жалын», «Парасат» баспаларынан шыққан кітаптары: «Аппақ қар туралы ертегі», «Құмырсқаның баласы», «Құмыршақтың басынан кешкендері», «Тасқа айналған қыз», «Сиқырлы жүзік». Сонымен қатар өлең, ән жазумен де шұғылданады.

Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды.

  • Әр топқа мәтін бөліктері үлестіріледі; оқып, сыртындағы сұрақтарға дайындалып жауап береді.

  • Оқушылар мәтіннің 3-бөлімін үнсіз оқиды да, әсерімен бөліседі.

Талқылау: Оқушылар «Ақдауыл хан» туған жеріне барған соң сырқатынан толық айыққанын және содан кейін туған жеріне жиі барып тұрғанын айтады.

Сұрақ: «Ақдауыл хан туған жері туралы не дейді?» — мәтіннен тауып оқып береді.

Дәптермен жұмыс және жаңа сөздер

Жаңа сөздер дәптерге жазылады және мағынасы талданады.

Хан көтеру
Ханды сайлау.
Ат ізін үзу
Бармай, көрмей кету; хабарсыз қалу.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

Туған жер тақырыбын тереңдету

Оқушылар өз туған жеріне деген лебізін айтады. Қыздар туған жер туралы тақпақтарын оқиды.

Әр топтан бір оқушы қағаз алып, берілген тапсырманы оқып таныстырады.

  • 1-тапсырма: бес жолды өлең жазу.

  • 2-тапсырма: туған жер туралы мақал-мәтелді жалғастыру.

Тарихи байланыс: Қазақ хандығы

Сұрақ: «Биыл Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл болды?»
Жауап: 550 жыл.

Түсіндіру: Қазақ мемлекетінің іргесі Жәнібек хан мен Керей хан тұсында қаланды. Қазақ мемлекеттілігінің нығаюына Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Тәуке хан зор үлес қосты: олар қазақ жерін күшейтіп, ел бірлігін бекемдеуге ықпал етті.

Қорытынды тапсырма

Жазба жұмысы: «Егер мен хан болсам…»
Оқушылар: «Егер сен хан болсаң, не істер едің?» деген сұраққа өз ойын жазып шығады.

Бағалау

Оқушылардың мәтінді түсінуі, топтық жұмыстағы белсенділігі, жауаптарының дәлелділігі және жазба жұмысының мазмұны бойынша бағаланады.