Бірдей сандарды азайту тәсілдеріне тоқталу
Маңғыстау облысы • Жаңаөзен қаласы • №7 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Қуанышева Алтынзер Қылышбайқызы
Сабақ тақырыбы
Бірдей сандарды азайту
Сабақ мақсаты
- Бірдей сандарды азайтқандағы айырманың мәнін табу. Бір амалмен шығарылатын есепті талдау және түрлендіру. Топта ондықтан аттап екі таңбалы сандарды қосу және азайту амалдарын жазбаша әдістермен орындау.
- Дүниетанымды, тіл байлығын және ойлау қабілетін дамыту.
- Ұлттық тәрбие беру.
Көрнекі құралдар
- Слайдтар
- Семантикалық карта
- Оқулық
Әдіс-тәсілдер
- СТО
- Түсіндіру
- Дәлелдеу
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
1-слайд: «Ғажайып сәлемдесу»
Мұғалім сөзі
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Оқушылар сәлемі
Үлкенге — сіз,
Кішіге де — сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
2-слайд: Психологиялық дайындық («Күн шығару»)
Мұғалім оқушылармен қысқаша әңгіме жүргізеді: күнді бақылау арқылы оның көңіл күйі мен адамға беретін жарық, жылу туралы ой қорытындылайды.
Негізгі ой:
«Күн сәулесіндей бір-бірімізге жан жылуымызды сыйлап, бір-бірімізге сәттілік тілейміз».
Бүгінгі сабақта сынып 3 топқа бөлінеді. Тапсырмалар топта талқыланып орындалады. Көп ұпай жинаған топ — жеңімпаз.
Бағалау жетондары
- Сары — 5
- Көк — 4
- Қызыл — 3
Топтар
II. Өткен білімдерді қайталау
3-слайд: «Блум түймедағы» (сұрақ-жауап)
Оқушылар «түймедақ» күлтелерінде берілген сұрақтарға нақты жауап береді. Түймедақ — дәрілік шөп, ал бұл тапсырмада ол қайталау құралы ретінде қолданылады.
Қайталау сұрақтары
- Қосудың қандай қасиеттерін білесің?
- Тік төртбұрыштың қандай қасиеттері бар?
- 1 дм = ... см
- Шаршының қандай қасиеттері бар?
- Бұрыш дегеніміз не?
- 1 м = ... см
- Қосу амалын қандай амалмен тексереміз?
- 1 сағ = ... мин
- Қосудың компоненттерін ата.
- 1 тәулік = ... сағ
- Шаршының қабырғалары 3 см болса, периметрі неше см?
«Ыстық орындық»: ауызша есептеу
Мақсат: ауызша есептеу дағдыларын тексеру және ойды шоғырландыру.
I топ
- 19 + 9 = 28
- 37 + 7 = 44
- 55 + 8 = 63
- 50 − 8 = 42
II топ
- 42 + 38 = 80
- 28 + 32 = 60
- 100 − 25 = 75
- 65 − 5 = 60
III топ
- 55 + 12 = 67
- 85 − 65 = 20
- 50 + 36 = 86
- 100 − 40 = 60
III. Жаңа сабақ
4-слайд: Жаңа тақырыпқа кіріспе
Өткен сабақта бірдей сандарды қосуды үйренсек, бүгін бірдей сандарды азайтуды меңгереміз.
«Білім кәрзеңкесі» әдісі
Сабақ бойы маңызды ойлар осы «кәрзеңкеге» жинақталады.
Оқулықтың 172-бетіне назар аударамыз: суретке қарап не көріп тұрғанымызды айтып, тапсырманы түсіндіреміз және талдаймыз.
Мазмұндық байланыс: зергерлік өнер
Сурет арқылы зергерлік өнердің мәні түсіндіріледі: зергерлік бұйым жасайтын адамды зергер дейді. Бұл — елімізде жақсы дамыған өнер түрі.
Нақтылау: бұйым атаулары
-
Қапсырма
Әйел адамдардың сырт киіміне тағылатын әшекей. Қапсырмаларды тең бөліп беру арқылы бірдей сандарды азайтуға байланысты сұрақтар қойылады.
-
Білезік
Әйел адамдардың қолға тағатын әшекей бұйымы. Білезікті бөлісу, салыстыру сияқты әрекеттер арқылы тапсырма орындалады.
Тақырыптың түйіні
Бірдей сандарды азайту тәсілдері түсіндіріліп, оқушылар тапсырмалар арқылы қорытынды жасайды.
Негізгі мақсат — айырманың мәнін табуды саналы түрде түсіну және оны есептерде қолдана білу.