Тамақтан соң айтылатын тамаша тілек

Оразаның парыздары
Оразаның үш парызы бар:
1) Ниет ету.
2) Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау.
3) Имсак уақытынан күн батқанға (ақшамға) дейінгі аралықта оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу.

Оразаға ниет
Рамазан және нәпіл оразаға ниеттің алғашқы уақыты күн батқаннан (ақшамнан) кейін басталады. Соңғы уақыты ертеңіне түскі намазға бір сағат қалғанға дейін болады. Ал қаза және кәфарат оразаларының ниеті ақшамнан имсак уақытына дейін жалғасады.
Рамазандағы оразаға ниет еткенде ақшамнан имсак уақытына дейін Аллаһ разылығы үшін ертең ораза тұтуға ниет еттім , имсактан кейін Аллаһ разылығы үшін бүгін ораза тұтуға ниет еттім деп айтылады. Жаңылысып қате айтылса да ораза тұтатын күні мәлім болғандықтан зияны жоқ. Рамазанда бір айлық оразасы үшін жалпылама бір рет ниет етуге болмайды, әр күні үшін бөлек-бөлек ниет ету парыз болып табылады.
Түнде жатарда тамақтанып немесе тамақтанбай ниет етсе, кейін түнде оянғанда, сәреге тұрғанда тамақтанудың зияны жоқ. Тіпті кешкі ас кезінде ертенгі оразаға ниет етіп қою жақсы болады. Ниеттен кейін имсак уақытына дейін ішіп-жеудің зияны жоқ. Рамазанда ертең тісім ауырмаса ораза тұтамын, ауырса тұтпаймын деген секілді күмәнды ниетпенен ораза тұту сахих болмайды.

Ауызашарда
Күн батқаны анық болғаннан кейін алдымен әузу-бисмиллә айтып: Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазиййә уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб дұғасы оқылады. Ей кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел бүкіл мұсылмандарды ғафу ет деген мағынаны білдіреді. Артынша Йа Раббым, Сен үшін ораза тұттым және Сенің берген ниғметтеріңмен оразамды ашқалы тұрмын. Мені, ата-анамды және барлық мұсылмандарды кешіре гөр деп айтып, мүмкін болса құрмамен немесе сүт, яки сумен ауыз ашқан жақсы.
Бір-екі жұтымдық нәрсе жегеннен соң Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл ажр иншааллаһу та’ала дұғасын оқып, тамақ ішуді бастайды. Бұл ауызашар (ифтар) дұғасының мағынасы:
Аштық бітті. Тамырларымыздың сумен қауышу уақыты келді. Иншааллаһ сауап жазылды.

Тамақтан соң айтылатын тамаша тілек. Уа, Алла! Бізге тамақ берген, сусын берген кісіні Сен де тамақ беріп, сусындандыр әрі оған құт-береке бер!

Сәресіде айтылатын дұға:

نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرُ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى

Оқылуы: Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә .
Мағынасы: Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім .

Ауыз ашарда оқылатын дұға:

اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ شَهْرِرَمَضانَ نَوَيْتُ فاغْفِرْ لِي ما قَدَّمْتُ وَ ما اَخَّرْتُ

Оқылуы: Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту .

Мағынасы: Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір .



Ұқсас жұмыстар

Тыйым сөздердің жалпы сипаты, олардың ерекшеліктері
Ұлттық салт-дәстүрдің тұлғаның әлеуметтенуіне ықпалын анықтау
Кәсіпорынды банкетке дайындау
Қазақша ойын түрлері
Намаз
Бата сөздерінің ғұрыпқа байланысты жіктелуі
Ерік және оқушыларды еркін тәрбиелеу мен дамыту
Бата сөзінің зерттелуі
Балалар әдебиетіндегі бесік жырларының маңызы
Эмоциялар мен сезімдер
ҚАНТТЫ ДИАБЕТ КЕЗІНДЕГІ ТАМАҚТАНУ
Қонақ үйде тамақтандыруды ұйымдастыру
ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ
Ұтымды тамақтану және салауатты өмір салтына жол
Персонал бойынша менеджердің негізгі кәсіби ролі
ТАМАҚТАНУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ
Тайбағар Тұрланұлы (1827, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қазыбек бек темір жол станциясы - 1881, сонда) - би, Ұлы жүз шапырашты руының әжіке тармағынан шыққан
Қазақ хандығының соңғы ханы
Ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір байда жүрген қойшы байдан көп жылдар бойы ақы ала алмаған соң және байдың қорлығына шыдай алмай бір түнде еліне қашып кетеді
Теңіз жаяу әскерлері - теңіз десанттары құрамында ұрыс қимылдарын жүргізуге, сондай - ақ әскери - теңіз базаларының, порттардың Қорғанысы мен басқа да міндеттерді орындауға арналған және арнайы дайындалған әскери - теңіз флоты күштерінің түрі