Сазды өнер сайысы атты тапсырма сайысы

Кіріспе сөз

1-жүргізуші

Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй – базар» дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының гүлденер жемісі. Отбасы – қоғамның негізі. Баланың ертең жақсы азамат болып қалыптасуы, жан-жақты тәрбиелі болуы – ең алдымен отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

2-жүргізуші

Армысыздар, құрметті ата-аналар мен оқушылар! «Отбасы – өмір аясы» сайысына қош келдіңіздер! «Отан отбасынан басталады» дейміз. Жанұяның берекесі мен бірлігі – әр баланың болашақ қадамы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» — отбасы да бір шағын мемлекет.

Сайысқа қатысушылар

Бүгін отбасы арасындағы татулықты, дәстүрді және өнерді жалғастырып келе жатқан отбасылар бақ сынайды. Сайысқа жатақханада тәрбиеленіп жатқан балалар мен ата-аналар қатысады.

  • 1 6-сынып оқушысы және ата-анасы
  • 2 7-сынып оқушысы және ата-анасы
  • 3 8-сынып оқушысы және ата-анасы
  • 4 7-сынып оқушысы және ата-анасы
  • 5 8-сынып оқушысы және ата-анасы

Әділқазылар алқасы

Өнерпаздар өнерін салыстырып, бәйге үшін терлетер шабыстырып. Әділдікті қолдайтын баға беріп, қазыларды таныстырайық.

  • Бердибекова Ж. Ж.
  • Макарова А. А.
  • Наурызгалиева К. А.

Музыкалық үзіліс

Ахметова Аймөлдірдің орындауында «Мама» әні.

Сайыс бағдарламасы

Сайыс алты бөлімнен тұрады. Әр кезең отбасылық ынтымақты, білімді, өнерді және ұлттық құндылықтарды айқындайды.

  1. 1-бөлім — Таныстыру

    Әр отбасы өзін таныстырады.

  2. 2-бөлім — Сұрақ-жауап

    Дәстүр, білім және өмірлік ұғымдарға қатысты тапсырмалар.

  3. 3-бөлім — «Өнерлінің өрісі кең»

    Отбасылар өнерлерін көрсетеді.

  4. 4-бөлім — «Қылқалам шебері»

    «Біз бақытты отбасы» тақырыбында ортақ сурет салу.

  5. 5-бөлім — «Сазды өнер»

    Әуенге сай би өнерін көрсету.

  6. 6-бөлім — Ұлттық тағам (үй тапсырмасы)

    Дайындаған тағамды таныстырып, жасалу жолын түсіндіру.

Сайыс кезеңдерінің мазмұны

1-бөлім

Таныстыру

Әрбір отбасы өзін таныстырады. Бағалау барысында шығармашылық, сөйлеу мәнері және жалпы әсер ескеріледі.

Әділқазы мүшелерінен таныстыру бөліміне қойылған бағалар сұралады.

2-бөлім

Сұрақ-жауап сайысы

Әр отбасыға дәстүрлі сұрақтар ұсынылады: бөлігі балаға, бөлігі ата-анаға арналған.

Балаға арналған сұрақтар

  1. 1) Балдан тәтті не?

    Жауабы: бала.

  2. 2) Қара шаңырақ иесі кім?

    Жауабы: кенже ұл.

  3. 3) Әкеден балаға берілетін зат қалай аталады?

    Жауабы: мұра.

  4. 4) Үйдегі «алтын адам» кім?

    Жауабы: ана.

  5. 5) Бес дұшпанды атаңдар.

    Жауабы: өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ.

  6. 6) «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» нақыл сөзі кімге тиесілі?

    Жауабы: Қорқыт ата.

  7. 7) Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?

    Жауабы: 14 жас.

Ата-анаға арналған сұрақтар

  1. 1) Тәрбие мен білімнің ордасы?

    Жауабы: мектеп.

  2. 2) 18 жасқа толмаған адам қалай аталады?

    Жауабы: бала.

  3. 3) «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім?

    Жауабы: С. Назарбаева.

  4. 4) Екі адамның бір-біріне деген адалдығы қалай аталады?

    Жауабы: достық.

  5. 5) «Бес асылды» атаңыз.

    Жауабы: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

  6. 6) «Үш арсызды» атаңыз.

    Жауабы: ұйқы, тамақ, күлкі.

  7. 7) Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.

    Жауабы: Елтаңба, Ту, Әнұран.

3-бөлім

«Өнерлінің өрісі кең» — отбасылық өнер

Бұл кезеңде отбасылар өз өнерін көрсетеді. Мақсат — бірлікті, қолдауды және шығармашылықты айқындау.

4-бөлім

«Қылқалам шебері» — шығармашылық тапсырма

Бала мен ата-ана бірлесе отырып «Біз бақытты отбасы» тақырыбында шағын сурет салады. Қажетті құралдар алдын ала беріледі.

Музыкалық сүйемелдеу

Пра жыраудың термесі — Амангелді Шұғыланың орындауында.

5-бөлім

«Сазды өнер» — би сайысы

Бұл кезеңде екі отбасы шығып, әр ұлттың әуеніне сай би өнерін көрсетеді.

Қазақ биі Үнді биі Лезгинка Орыс биі Түрік биі
6-бөлім

Ұлттық тағам — үй тапсырмасы

Алдын ала берілген тапсырма бойынша дайындалған ұлттық тағам таныстырылады. Қатысушылар тағамның жасалу технологиясын түсіндіріп, оның мәнін әңгімелейді.

Қорытынды бөлім

Тілек

Ата-аналардың тілегі — адам болып өскенің, адамдықтың тірегі — адал болып өскенің.

Дәйексөз

Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқылы мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.

В. А. Сухомлинский

Марапаттау және музыкалық үзіліс

Әділқазы мүшелері алты бөлім бойынша баға беріп, жалпы ұпай санын есептегенше, музыкалық номер ұсынылады:

__________________ орындауында «Ана жаным» әні.

Қорытындыда әділқазылар сайыс нәтижесін жариялап, қатысушыларды марапаттайды.