Грамматикалық талдау дағдыларын, оқушы ойын дамыту
Құрастырған
З. Қ. Мықтыбекова
Бастауыш сынып мұғалімі, Өмірлік орта мектебі
Факультативтік курс: «Қызықты грамматика»
Мақсаты
Оқушылардың грамматикалық сауаттылығын дамыту.
Нысаналы сынып
Қазақ тілінде оқытылатын орта мектептердің 3-сынып оқушылары.
Міндеттері
- Дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгерту.
- Оқушылардың сөздік қорын байыту.
- Көркем жазуға тәрбиелеу.
- Тапсырмаларды өз бетінше орындау дағдысын қалыптастыру.
- Дыбыстық жүйені, фонетика, лексика мен грамматиканы терең меңгерту.
- Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
- Өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
- Еріктен тыс есте сақтауды дамыту.
Түсінік хат
Қазіргі мектептің 3-сыныбындағы қазақ тілі пәніне қосымша ретінде «Қызықты грамматика» факультатив сабағы ұсынылады. Бұл курс аптасына 1 сағаттан өткізіліп, оқу жылында жалпы 34 сағатты құрайды.
Курс енгізудегі негізгі мақсат — оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларын дамыту, сауатты әрі көркем жазуға баулу. Сабақ барысында жан-жақты ізденіске бағытталған тапсырмалар беріледі: оқушылардың білімін бекіту, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше талдауға үйрету көзделеді.
Сонымен бірге оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу және дамыту маңызды орын алады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасын және грамматикалық құрылымын терең меңгерту, тілдік-грамматикалық құрылымдарды орынды пайдалану — пәнді оқытудың жетекші бағыттары.
Осы тұрғыдан алғанда, білімді пысықтау мен тексеруге арналған грамматикалық тапсырмалар, талдау жұмыстары және диктанттардың маңызы ерекше. Сауатты жазу — дұрыс ойлаудың көрінісі. Демек, бұл факультатив курс оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ойлау мен шығармашылық қабілеттерін арттыруға, жазу дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.
Жылдық жоспар (34 сабақ)
Қазақ тілі факультативі
| № | Сабақтың тақырыбы |
|---|---|
| 1 | Дыбыс. Әріп. Сөз |
| 2 | Сөздік диктант жұмысы (дыбыстық талдау жұмыстары) |
| 3 | Қызықты грамматикалық тапсырмалар |
| 4 | Шығармашылық диктант |
| 5 | Сөйлем (талдау жұмыстары) |
| 6 | Сөйлем мүшелері |
| 7 | Тұрлаулы мүшелер |
| 8 | Тұрлаусыз мүшелер |
| 9 | Көру диктанты (көркем жазу) |
| 10 | Тірек сызбалармен жұмыс |
| 11 | Терме диктант |
| 12 | Карточкалармен жұмыс |
| 13 | Жалаң және жайылма сөйлем |
| 14 | Қаратпа сөз. Тыныс белгілері |
| 15 | Дидактикалық материалдармен жұмыс |
| 16 | Өздік диктант |
| 17 | Ашық тест жұмысы |
| 18 | Мәтін. Мәтіннің түрлері |
| 19 | Ескерту диктанты |
| 20 | Мәндес сөздер (синоним) |
| 21 | Қарама-қарсы мағыналы сөздер (антоним) |
| 22 | Мағынасы әртүрлі сөздер (омоним) |
| 23 | Сөз құрамы |
| 24 | Түбір мен қосымшаның жазылуы |
| 25 | Түбір және туынды сөз |
| 26 | Сөз таптары |
| 27 | Зат есім |
| 28 | Етістік |
| 29 | Сын есім |
| 30 | Сан есім |
| 31 | Графикалық жаттығулар |
| 32 | Тест жұмысы |
| 33 | Бақылау диктанты |
| 34 | Жыл бойы өткенді қайталау |
Сабақ жоспары үлгісі
Тақырыбы: «Сөз. Дыбыс. Әріп»
Тірек сызбалар арқылы өткен тақырыптарды қайталау. Дыбыс пен әріптің айырмашылықтарын ажырату, сөздерге дыбыстық талдау жасау арқылы білімді кеңейту. Грамматикалық талдау дағдыларын және оқушының ойын дамыту. Өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар
- Дыбыс
- Естиміз, айтамыз.
- Әріп
- Көреміз, жазамыз.
Сабақтың барысы
-
1. Ұйымдастыру кезеңі
Назар аударту • Құралдарды дайындау
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқу құралдарын дайындау.
-
2. Сөздік диктантына дайындық
Тірек сызбамен жұмыс
- Сөз дыбыстардан құралады.
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
- Дыбысты естиміз, айтамыз; әріпті көреміз, жазамыз.
Дауысты дыбыстар
Жуан, жіңішке
Дауыссыз дыбыстар
Қатаң, ұяң, үнді
-
3. Дәптермен жұмыс
Суреттердің атауын дәптерге жазып, әр сөзге дыбыстық талдау жаса.
-
4. Сөздік диктант
Жазылатын сөздер
Трамвай, вагон, велосипед, фонтан, асфальт, телеграф, ащы, тұщы, чемпион, плащ, кофе, флот, волейбол, телефон.
-
5. Сабақты қорытындылау
- Бүгін қандай тапсырмаларды орындадық?
- Қай тапсырмалар сендерге көбірек ұнады?
-
6. Бағалау
Оқушылардың жұмыстарын бағалау.