Етістіктің қай түрі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жаңа сөздермен танысу; олар арқылы сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.
Дамытушылық
Мәтінді түсініп аудару қабілетін дамыту; мәтіннен септік жалғауларын өздігінен табуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Отансүйгіштікке тәрбиелеу; салт-дәстүрді насихаттау; ұйымшылдықты қалыптастыру; табиғатты қорғауға баулу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Сұхбаттасу (жылыту сұрақтары):
Бүгін наурыздың нешесі?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Наурыз айында қандай мерекелер болады?
II. Жұмыс жоспары: «Наурыз мейрамына арналған ғылыми отырыс»
Сынып 3 топқа бөлініп жұмыс істейді. Әр топта жетекші және жеке бағалау парағы болады. Оқушылар бір-бірін бағалайды; бұл бағалар ынталандырушы сипатта болып, қорытынды бағаға әсер етеді.
I топ
Жазушылар
II топ
Аудармашылар
III топ
Зерттеушілер
Сөздікпен жұмыс: жаңа сөздер
Талқылау сұрағы
Етістіктерге қандай жұрнақтар жалғанып тұр?
Талқылау сұрағы
Етістіктің қай түрі? (Тұйық етістік)
1-тапсырма: етістіктермен жұмыс
Жазушылар
Берілген етістіктерден ауыспалы (келер) осы шақ жасайды:
- ойнайды
- пісіреді
- бата береді
- құттықтайды
- тойлайды
Аудармашылар
Берілген етістіктермен сөз тіркестерін құрастырады.
Зерттеушілер
Берілген етістіктермен сөйлем құрастырады.
Тексеру: дәптерге жазу. Әр топтың жетекшісі бағалайды.
2-тапсырма: мәтінмен жұмыс
Оқу тәсілі
Мәтінді «Мен сияқты істе» ойыны арқылы оқимыз.
Рөлдік жұмыс
- Жазушылар: мәтінді мәнерлеп оқиды.
- Аудармашылар: мәтінді аударады.
- Зерттеушілер: мазмұн бойынша сұрақтар құрастырады.
- Жазушылар мен аудармашылар: сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сөздер (аудармасымен)
Ұлыстың ұлы күні
Великий день народа
Күн мен түннің теңелуі
равноденствие
ұйқы
сон
тірілу
оживать
белгілену
отмечаться
Ақ мол болсын
пусть молока будет в изобилии
Төрт түлік ақты болсын
пусть скот будет молочным
Жалпы тапсырма: мәтіннен көсемше мен есімшелерді тауып, қандай жұрнақ арқылы жасалғанын және қай шақта тұрғанын анықтау. (Бағалау)
Шығармашылық жұмыс
Мерекені бейнелейтін сурет бойынша әңгіме құрастыру.
3-тапсырма: Жазушылар
Өткен шақтағы етістіктерді қолданады. (Бағалау)
3-тапсырма: Аудармашылар
Келер шақтағы етістіктерді қолданады. (Бағалау)
3-тапсырма: Зерттеушілер
Осы шақтағы етістіктерді қолданады. (Бағалау)
4-тапсырма: тірек-сызба бойынша мәтіннің мазмұнын айту. Топтар бір-бірін бағалайды.
5-тапсырма: тест (иә/жоқ)
Оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Кілт бойынша тексеріп, бағасын өздері қояды.
-
1) Наурыз мерекесін қыс ортасында тойлайды.
-
2) Наурыз тойында шырша орнатады.
-
3) Қыста табиғат оянады.
-
4) Наурыз айын адамдар көңілді қарсы алады.
-
5) Наурыз көжені 6 түрлі азықтан жасайды.
Қорытынды: құттықтау хат
Наурыз мейрамы — жаңа жыл. Жаңа жылда адамдар бір-бірін құттықтайды. Ендеше, достарымызға және ата-аналарымызға құттықтау хат жазайық.
Қызғалдақ — Наурыздың рәмізі. Сондықтан қызғалдақ бейнеленген ашықхатқа құттықтау мәтінін жазамыз.
Қажетті сөздер
Мұғалімнің сөзі: Мен де сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Соңында бағалау парақтары жиналып, қорытынды бағалар қойылады.