Қандай сандар
Сабақ тақырыбы: Сан есім
Бұл сабақта сан есім туралы негізгі түсінік беріледі және сан есімнің заттың санын, ретін білдіретіні ұғындырылады.
Сабақтың мақсаты
Сан есім туралы түсінік беру және сан есімнің заттың санын, ретін білдіретінін ұғындыру.
Сабақтың міндеттері
- Сан есімнің сөз табы екенін түсіндіру және сан есімге дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
- Сөздік қорын, ойлауын және танымдық қабілеттерін дамыту.
- Топтық және жұптық жұмысты тиімді ұйымдастырып, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Кесте, интерактивті тақта, слайдтар.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, өздік жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
Оқушылар сан бойынша топқа бөлінеді: 7 және 5. Топ ережелері еске түсіріліп, жұмыс форматы (топтық/жұптық) нақтыланады.
Психологиялық дайындық
Екі көзің не үшін керек? — Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек? — Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек? — Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың ше? — Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
Кластер құрастыруға бағыт
Санға байланысты ұғымдарды жинақтап, кластер құрастыру:
Сабақтың мақсатын хабарлау
Бүгінгі сабақта сан есімнің мәнін анықтап, сан есімге сұрақ қоюды және сөйлем ішінде қолдануды үйренеміз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Иә/Жоқ» ойыны
Мақсаты: тез ойлауға және шапшаңдыққа баулу.
Шарты: сөз таптарына қатысты сұрақтарға дұрыс болса «иә», қате болса «жоқ» деп жылдам жауап беру.
- Сан есімнің сұрақтары: «Қандай?», «Қай?» — жоқ.
- «Ұқыпты» сөзі етістікке жатады — жоқ.
- Реттік сан есім «нешінші?» сұрағына жауап береді — иә.
- Сын есімнің сұрақтары «қандай?», «қай?» — иә.
- «Жүріп бара жатыр» сөзі дара етістікке жатады — жоқ.
- Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді — иә.
Топтық тапсырма
Қай топ жылдам? 7-топ — дара сан есімге, 5-топ — күрделі сан есімге мысалдар жазады. Екі топ бір-бірін тексереді.
Түрлендіру жұмысы
Дара сан есімдерді реттік сан есімге, ал күрделі сан есімдерді топтау сан есімге айналдыру. Топтар орындарымен ауысып жұмыс жасайды.
III. Жаңа сабақ
Дәптермен жұмыс
- Күнді тақтаға және дәптерге жазу.
- Дәптер жүргізу ережелерін еске түсіру.
- Көркем жазу: дәптерде берілген әріптерді таза, біркелкі жазу.
- Оқулықпен жұмыс: 186–187-беттер.
2-жаттығу
Мәтінді оқып талдау. «Нешеу?» сұрағына жауап беретін сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыру (ауызша, кезекпен). Сан есімді атап, оған сұрақ қою.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді; алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Жетеуі де өнерлі екен.
Анам алманың біреуін ғана ал деді.
Әсем кітаптың екеуін қолына алды.
Қосымша тапсырма: «жетеу» сөзіне дыбыстық талдау жасау (орында айтып, дәптерге жазу).
3-жаттығу
Жұмбақты оқып, шешуін табу. Жұмбақты көшіріп жазып, сан есімдерді табу. «қос» сөзінің мағынасын ашу (екі, пар). «Қол» және «ағаш көпір» тіркестері арқылы сөздік жұмыс жүргізу.
Жауабы: қол
Өздік жұмыс: терме диктант (Тайқазан)
Тайқазан сегіз жүз бірінші жылы жасалған.
Тайқазанның салмағы — екі тонна, биіктігі — жүз алпыс екі сантиметр.
Тайқазан жеті түрлі металдан жасалған.
Оның қабырғасына араб әріптерінің өрнектері салынған.
Гүл сияқты жасалған екі құлақшасы бар.
Олардың арасында он екі үлкен шүмегі де бар.
Оқушылар жұппен бір-бірінің жұмысын тексереді (топтар ауысады).
Сергіту сәті: математикалық мақал-мәтелдер
Топтық жұмыс: топтар ауысып, бір-бірін тексереді.
- Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.
- Мың қосшыға бір басшы.
- Бір ит көріп үреді, бір ит еріп үреді.
- Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
- Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
- Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл.
«Шынжыр» ойыны
Сипаттама бойынша жануарды табу:
Төрт аяғы бар, төрт тұяғы бар.
Бір құйрығы бар, басында екі таяғы бар,
Иегінде бір сақалы бар.
Жауабы: ешкі.
Кері байланыс және қорытынды
Талқылау сұрақтары
- Қандай жұмыстар орындадық?
- Қай тапсырма қиындық тудырды?
- Қай тапсырма жеңіл болды?
Бағдаршам әдісі
Оқушылар өз түсіну деңгейін «бағдаршам» арқылы белгілейді:
Түсіндім
Тапсырмаларды өзім орындай аламын.
Жартылай
Әлі де қайталау керек.
Қиын
Қосымша түсіндіру қажет.
Үй тапсырмасы
187-бет: 2 және 3-жаттығулар.