Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға
Ұстаз туралы ойлар мен ғибрат сөздер
Ұстаздық — тек мамандық емес, адамды адам ететін ізгіліктің мектебі. Төмендегі нақыл сөздер мен ой-түйіндер мұғалім еңбегінің қадірін, шәкіртке ықпалын, білім мен тәрбиенің жауапкершілігін тереңінен танытады.
Ұстаздықтың биік болмысы
Ұстаз болу — жүректің батырлығы.
Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы.
Ұстаз болу — адамның асылдығы.
Шәкірт болып көрмеген адам ұстаз болып жарытпас.
Өнерде шәкірттік сезімін жоғалтқан адам ұстаз бола алмайды.
Жақсы ұстаздың қасиеттері
Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Ол — өзінің оқытатын пәнін терең білуі және адал әрі сезімтал жан дүниесінің болуы.
Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім бола алады.
Ұстаз болу, яғни жақсы оқытушы болу үшін, оқытатыныңды да сүюің керек.
Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуы тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық — шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру — қадірін кетіреді; шәкірт берген білімі мен ғылымына селқос қарайтын болады.
Кеңпейілділік таныту мүмкіндігі туып тұрса, ол жағынан ұстазыңызға да жол бермеңіз.
Шәкірт, білім және ізденіс
Қайратсыз ашу — тұл.
Тұрлаусыз ғашық — тұл.
Шәкіртсіз ғалым — тұл.
Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады.
Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді. Ұлы мұғалім шабыттандырады.
Нашар ұстаз шындықты қайталайды, ал жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді.
Тәрбие, жауапкершілік және қоғам
Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.
Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ.
Мен барлық ұстаздарға мынадай ғибрат айтамын: балалардағы білімге деген талапты, ынтаны, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы мен еңбеккер адамның мақтаныш сезімі — сол оттың тұтанар бірден-бір көзі.
Ақымақтың ұстазы — сөз емес, бақытсыздық.
Ұстазға құрмет, білімге құрмет
Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын — ол менің ұстазым Аристотель.
Ақырын жүріп, анық бас —
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.
Кітап — өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыруы тиіс. Кітап оқымай өмірді тану да, білім алу да мүмкін емес.
Алты алаштың абласы бас қосқанда, қадірлі орын — мұғалімдікі.
Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын — мұғалімдердікі.
Ой түйін
Ұстаз — білімнің ғана емес, мінездің де, үміттің де шырақшысы. Шәкірт жүрегінде ізденіске құштарлықты оятып, әділет пен адамгершілікті өмірлік өлшемге айналдыру — ұстаздықтың ең үлкен жеңісі.