Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
Тақырыбы
Жыл мезгілдеріндегі көжектерге қамқорлық
Білім беру салалары
Коммуникация, Таным, Әлеумет.
Пәнаралық байланыс
Сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, экология негіздері, ҚМҰҚ.
Мақсаттар мен міндеттер
Білімділік
- Қарапайым математикалық ұғымдарға арналған дидактикалық ойындар арқылы білімдерін тексеру.
- Танымдық қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту.
- Табиғат туралы түсінігін тереңдету, көктемнің ерекшеліктерін байқату.
- Табиғатты қорғауға, оны қуана қарсы алуға үйрету.
- Мақал-мәтелдерді орынды қолдануға дағдыландыру.
- Құстар туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық
- Сөйлеу мәдениетін, белсенді қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
- Ой-өрісін кеңейту және әр баланың ерекшелігін ескеріп, жеке жұмыс жүргізу.
- Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
- Ұғымталдыққа, бірлесе жұмыс істеуге, мейірімділік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- Жануарларға қамқорлық пен жанашырлық сезімдерін ояту.
- Ойын арқылы эмоциялық сезімдерін дамыту.
- Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.
Әдіс-тәсілдер және ресурстар
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
- Сөздік әдістер
- Ойынды түсіндіру
- Әңгімелеу
- Сұрақ-жауап
- Қойылым
Көрнекі құралдар
- Табиғат суреттері, бейнетаспа
- Үлестірмелі материалдар, құстар бейнелері
- Қарға, ақ көжек, сұр көжек костюмдері
- ҚМҰҚ тапсырмаларына арналған 4 картина
- Көжектер үйшігі/алаңы слайдтары, тақта, диск
- Жабайы аңдар суреттері, поезд макеті, ноутбук
Сөздік жұмыс
Қыс, табиғат, құстар, торғай, сауысқан, тоқылдақ, қарға, көгершін, тауық, әтеш, ұя, аю, жолбарыс, қасқыр, көктем.
Билингвалық компоненттер
Құстар
- Торғай — воробей — sparrow
- Сауысқан — сорока — magpie
- Тоқылдақ — дятел — woodpecker
- Қарға — ворона — crow
- Көгершін — голубь — pigeon
- Тауық — курица — hen
- Әтеш — петух — cock
Жабайы аңдар
- Қасқыр — волк — wolf
- Жолбарыс — тигр — tiger
- Аю — медведь — bear
Сабақтың барысы
Кіріспе
Тәрбиеші:
Ән салуға барамыз, досымызды табамыз. Сәлемет пе! Міне, мен! Доспын енді сендермен. Айтарым бар сендерге — тез тұрыңдар шеңберге.
Шаттық шеңбер
- Қайырлы таң, табиғат!
- Қайырлы таң, ормандар, көлдер мен таулар!
- Қайырлы таң, құстар мен аңдар!
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Ойын: «Табиғат деген не?»
Шарты: тәрбиеші доп лақтырып сұрақ қояды, балалар жауап береді.
1) Табиғат деген не? — Қоршаған орта.
2) Қоршаған орта деген не? — Жер, су, ауа, өсімдік және т.б.
3) Табиғат нешеге бөлінеді? — Екіге: өлі және тірі.
4) Өлі табиғат деген не? — Тау, тас, су, өзен, көл, құм және т.б.
5) Тірі табиғат деген не? — Жәндіктер, жануарлар, құстар, аңдар және т.б.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Бүгін қонақтармен бірге табиғат-ананың төрт мезгіліне шолу жасаймыз.
1) Қыс
Талқылау
- Қазір қандай мезгіл? — Қыс мезгілі.
- Үш тілде: Қыс — зима — winter.
- Қыс мезгілінде күн аязды, салқын болады.
- Қыста қандай өзгерістер болады?
- Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?
- Мәнерлеп сырғанау, шанамен сырғанау.
Жұмбақ
Бір жұмбағым бар: асты қар, қадамы жоқ, ізі бар, мойнында жібі бар. Табаны жалпақ боз жорға, тайпалсын десең, сал жолға.
Жауабы: Шана.
Құстармен жұмыс (сурет бойынша)
Үй құстары
Тауық, әтеш, үйрек, қаз, күркетауық.
Үш тілде: Тауық — курица — hen, әтеш — петух — cock.
Пайдасы: мамық-жүнін жастыққа, етін және жұмыртқасын тағамға пайдаланамыз.
Дала құстары және қыстау
- Қыста көптеген құстар жылы жаққа ұшады.
- Қыстап қалатын құстар: сауысқан, қарға, торғай, тоқылдақ, көгершін.
Үш тілде: Торғай — воробей — sparrow, қарға — ворона — crow.
Құстардың пайдасы: құрт-құмырсқа сияқты зиянкестерді жеп, табиғатты қорғайды.
Тыңдалым және топтастыру
- Құстардың дауыстарын тыңдау.
- Фланелеграф театры арқылы үй және дала құстарын орналастыру.
Құстар туралы тақпақтар
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар,
Бұтаға қонар қарғалар.
Адамзаттың жақыны —
Қарлығаш та ақылды.
Көгершін мен екеуі
Жайлайды бір шатырды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді —
Бақшамызға қонбайды.
Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.
Хормен (қимылмен)
2) Көктем
Жұмбақ
Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан —
Гүлдерімен қай кезең?
Жауабы: Көктем.
Сурет бойынша мәтін құрау
«Көктем» тақырыбындағы картина арқылы балалармен бірге әңгіме құрастыру: табиғаттың оянуы, күннің жылынуы, құстардың келуі, алғашқы гүлдер.
Сергіту сәті
Бетімізге жел соғады,
Тербеледі ағаштар.
Тына қалса қатты жел,
Тоғай биік көрінер.
3) Жаз
Жұмбақ
Өрік, алма,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын-қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Жауабы: Жаз.
Талқылау
- Бұл жылдың қай мезгілі? — Жаз мезгілі.
- Жазда ауа райы қандай? — Күн ыстық, жылы болады.
- Табиғатты аялау туралы не білеміз?
Ойын: «Дұрыс — дұрыс емес?»
Шарты: слайдтан көрсетілген суреттерге қарап, қай әрекет дұрыс, қайсысы дұрыс емес екенін анықтау. (Нәтижесі бойынша табиғатты қорғау ережелерін бірге қорытындылау.)
Табиғат туралы тақпақтар
Табиғатым — тіршілігім, ырысым,
Сенсіз менің тарылады тынысым.
Биік-биік тауларыңа қарасам,
Алшаң басып, түзеледі жүрісім.
Сенсің менің тазалығым, тұнығым,
Сенсіз менің үзіледі үмітім.
Сен бар жерде жыр тұнады көңілге,
Сен бар кезде құлшынамын өмірге.
О, адамзат, аялашы, қорғашы,
Табиғат — тұнған бақ, жаратқан Алла бізге арнап.
Желегін жасыл жел тербеп,
Құлпырған қырда қызғалдақ.