Көкжиек тұстарын ата

Мақсаты

1) Білімділік

  • Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту.
  • Жаңашылдыққа баулу, ғылым мен техниканың жетістіктерін тиімді пайдалану.
  • Пәнге деген ынта мен зейінді күшейту, алған білімді тереңдету.

2) Дамытушылық

  • Пәнге қызығушылықты арттыру.
  • Оқығанын есте сақтауға және тиімді тәсілді жылдам таңдауға дағдыландыру.
  • Логикалық ойлау мен ұжымшылдық қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік

  • Өз бетінше жұмыс істеуге баулу.
  • Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
  • Сыйластық пен ұйымшылдықты нығайту, мақсатқа жетуге жігерлендіру.
  • Жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.

Жұмыстың түрі

Зияткерлік ойын.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, түрлі сұрақтар, тесттер.

Ойыншылар

3 «Б» сынып оқушылары (10 ойыншы).

Жоспар

  1. I кезең — тестпен жұмыс
  2. II кезең — «Кім жылдам?»
  3. III кезең (финал) — «Тапқыр болсаң, тауып көр»
  4. Қорытындылау және марапаттау

Қош келдіңіздер!

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен қадірлі оқушылар! Бүгін 3 «Б» сыныбында өтетін «Ең ақылды оқушы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!

Көңілді тапқыштар мен білгіштер, Бар өнерін алдарыңа салады. Кім біледі? Көп оқыған болса егер, Бүгінгі күннің жеңімпазы болады. Білімімен сайысар ойыншылар, Алға озар ең мықтысы осы жолы. Көпшілік өнерлерін қызықтайық, Шығуларын жұрт алдына шақырайық!

Сонымен, қарсы алыңыздар — ең ақылды оқушылар!

1) Әділет

Сұрақ: Өткен оқу жылында қандай жетістіктерге жеттің?

Жауап: Өткен оқу жылын үздік бағамен аяқтадым.

2) Әмина

Сұрақ: Есейгенде кім болғың келеді?

Жауап: Дәрігер.

Қосымша: Укол салудан қорықпаймын, тіпті ұнатамын.

3) Айбын

Сұрақ: Көңіл-күйің қалай?

Жауап: Өте жақсы.

4) Меруерт

Сұрақ: Бос уақытыңда немен айналысқанды ұнатасың?

Жауап: Ән айтып, би билегенді ұнатамын.

5) Ерназар

Сұрақ: Ойынға қатысуға дайынсың ба?

Жауап: Иә, дайынмын!

6) Ескендір

Сұрақ: Бүгінгі көңіл-күйің қалай?

Жауап: Өте жақсы!

7) Әбілмансұр

Сұрақ: Болашақта неліктен әскери қызметкер болғың келеді?

Жауап: Елімнің, жерімнің тыныштығын қорғағым келеді.

Нағыз батырлық — Отанға адал қызмет ету!

8) Айару

Сұрақ: Есейгенде кім боласың?

Жауап: Мұғалім болғым келеді. Мұғалім болу — ұлы іс, мұғалім — мектептің жүрегі.

9) Қасымхан

Сұрақ: Бос уақытыңда немен айналысасың?

Жауап: Шахмат ойнағанды жақсы көремін.

10) Айтуған

Сұрақ: Ойынға қош келдің!

Жауап: Рахмет!

Оқушылар (хормен): Бір сыныпта оқимыз бәріміз де, Достық сөзі әрқашан жанымызда. Жарысуға дайын болып келдік біз, Таңырқасын бүгін бізге барша жұрт та! Жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар, Біреуінің арқалаған қоғамдық жүгі бар. Біреуінің күмбірлеген күйі бар, Енді біреуінің зейінді, жүйрік миы бар. Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп, Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп. Дайынсыңдар жарысуға, достарым? Көрсетіңдер өздеріңде қандай күш бар!

Балалар, орындарыңызға жайғаса қойыңыздар.

Ойын ережесі

Қатысушылар

10 ойыншы.

Кезең саны

3 кезең.

Уақыт

I кезеңде әр сұраққа 5 секунд беріледі.

  • I кезең: барлығына ортақ 20 тест сұрағы (әр сұрақта 3 жауап нұсқасы). Ең көп ұпай жинаған 6 ойыншы өтеді.
  • II кезең: 6 тақырыптың бірін таңдап, 1 минут ішінде сұрақтарға жауап береді. Ең көп ұпай жинаған 3 ойыншы финалға өтеді.
  • III кезең (финал): түстер бойынша ұяшықтар ашылады. Дұрыс жауапқа ұпай беріледі.

Баршаңызға сәттілік!

I кезең — Тестпен жұмыс

Бұл кезеңде экран арқылы 20 сұрақ беріледі. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы болады. Ойыншы дұрыс нұсқаны таңдауы керек. Ең көп ұпай жинаған 6 ойыншы келесі кезеңге өтеді.

Сұрақтар (20)

  1. С. Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтініндегі «Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз» — ненің мекені? (Тышқанның)
  2. Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет. (99)
  3. Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады. (Пияз)
  4. Жыртқыш құстарға қайсысы жатады? (Бүркіт)
  5. Уақыттың өлшем бірліктері. (Сағат, минут)
  6. «Жаңбыр жаумаса — жер жетім…» деп басталатын шешендік сөзді кім айтқан? (Төле би)
  7. Дауысты у дыбысы бар сөзді тап. (Сусын)
  8. Телефонда 103 нөмірін теріп қай қызметті шақырамыз? (Жедел жәрдем)
  9. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (Тұсбағар)
  10. Маң-маң басқан, шудаларын шаң басқан. (Түйе)
  11. Екі шеті тұйықталған сызық. (Кесінді)
  12. Шыншыл ертегілер тобына жататын ертегіні көрсет. («Байлық пен ақыл»)
  13. Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (Көкек)
  14. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (Жапырақ)
  15. Төмендегі жануарлардың қайсысы қысқы ұйқыға кетеді? (Аю)
  16. Тұңғыш Президент күні қай күн? (1 желтоқсан)
  17. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім жазған? (Абай)
  18. Ең үлкен бір таңбалы сан. (9)
  19. Үш сомға бір қой сатып алған кейіпкер. (Алдаркөсе)
  20. Күні бойы тынбайды, дәмді тағам жинайды. (Ара)

Ойынға қатысып, бірақ II кезеңге өте алмаған оқушыларға үлкен алғыс айтамыз. Келесі кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!

II кезең — «Кім жылдам?»

Бұл кезеңді ұпайы ең көп ойыншы бастайды. Экранда 6 тақырып көрсетіледі. Әр ойыншы таңдаған тақырыбы бойынша 1 минут ішінде сұрақтарға жауап береді. Ең көп ұпай жинаған 3 ойыншы финалға өтеді.

Тақырыптар

  1. Ана тілі
  2. Қазақ тілі
  3. Математика
  4. Дүниетану
  5. Кім тапқыр?
  6. Мақал — сөздің мәйегі

Бағалау

  • Жауап жылдамдығы мен дәлдігі ескеріледі.
  • Әр дұрыс жауап — ұпай.
  • Кезең соңында ең жоғары ұпай жинаған 3 ойыншы іріктеледі.

Ана тілі

  1. «Алтын ұяң — Отан қымбат…» деп басталатын шешендік сөзді кім айтқан? (Қазыбек би)
  2. «Ұр, тоқпақ» ертегісі ертегілердің қай тобына жатады? (Қиял-ғажайып)
  3. «Ұшқан ұя» шығармасы кімнің атынан әңгімеленген? (Б. Момышұлы)
  4. «Еті — тамақ, шұбаты — сусын, жүні — киім» — қай түлік? (Түйе)
  5. Өмірде болған оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады? (Аңыз)
  6. Бойына сеніп, жыл басынан құр қалған жануар. (Түйе)
  7. «Мүйізі айдай иілген, мұрнын көкке шүйірген» не? (Сиыр)
  8. Қазақтың ұлы ағартушысы. (Ы. Алтынсарин)
  9. Қойдың төлі. (Қозы)
  10. Қазақтың ұлы ақыны. (Абай)
  11. Мақалды аяқта: «Батыр бір рет өледі, қорқақ…» (мың рет өледі)
  12. Әліппенің атасы кім? (А. Байтұрсынов)

Қазақ тілі

  1. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)
  2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)
  3. Ұйқасын тап: «Сатып алдық кеше, шай ішетін…» (кесе)
  4. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады? (Кім? Не?)
  5. Батыр, ержүрек, батыл, ер — бұлар қандай сөздер? (Мәндес сөздер)
  6. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? (3)
  7. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі қалай аталады? (Түбір)
  8. «Өзім сөзден тұрамын, аяқталған ойды құрамын». (Сөйлем)
  9. Отырды, жазды, ойнады, күлді — заттың несін білдіреді? (Заттың қимылын)
  10. «Міне, нағыз жігіт!» — қандай сөйлем? (Лепті сөйлем)
  11. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (Жұрнақ)
  12. «Уақыт» сөзіндегі у қандай дыбыс? (Дауыссыз)

Математика

  1. Математикада неше амал бар? (4)
  2. Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін. (Шаршы)
  3. Бұрыштары жоқ геометриялық пішін. (Дөңгелек)
  4. Сантиметр қай бірлікке жатады? (Ұзындық)
  5. Төрт тышқанның құлағы нешеу? (8)
  6. Қосындының компоненттерін ата. (Қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
  7. 1 кг мақта әлде 1 кг темір ауыр ма? (Екеуі тең)
  8. Үстел бетінің бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады? (5)
  9. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
  10. Басталатын нүктесі бар сызық. (Сәуле)
  11. Түзу сызық сызуға арналған оқу құралы. (Сызғыш)
  12. 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)

Дүниетану

  1. Өсімдіктің топырақ арасындағы мүшесі. (Тамыр)
  2. «Орман емшісі» атанған құс. (Тоқылдақ)
  3. Жылдың неше мезгілі бар? (4 мезгіл)
  4. Көкжиек тұстарын ата. (Солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс)
  5. Табиғатта өздігінен тіршілік ететін жануарлар қалай аталады? (Жабайы аңдар)
  6. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік. (Көкжиек)
  7. Түнде жақсы көретін құс. (Жапалақ)
  8. Үрленген шардың ішінде не болады? (Ауа)
  9. Бақа жануарлар тобының қай түріне жатады? (Қосмекенді)
  10. Жердің өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабаты. (Топырақ)
  11. Бу қайдан пайда болады? (Судан)
  12. Сәбіз неше жылдық өсімдік? (2 жылдық)

Кім тапқыр?

  1. Тұла бойы — ине, тұмсығында — түйме. (Кірпі)
  2. Ақ көрпесін тұйықтап, қыстай жатыр ұйықтап. (Қар)
  3. Өртесең де күймес, теңізге батуды білмес. (Мұз)
  4. Тілдерімен жүреді, уақытты біледі. (Сағат)
  5. Күндіз көрінбейді, түнде көлбейді. (Жұлдыз)
  6. Күнді жабады, жаңбыр болып жауады. (Бұлт)
  1. Сыртта қапырық, үйде ол селкілдеп тоңып тұр. (Тоңыздатқыш)
  2. Құйттай ғана бойы бар, кілем тоқыр ойы бар. (Өрмекші)
  3. Күндіз тіпті ұшпайды, түнде тышқан аулайды, көзі шамға ұқсайды. (Үкі)
  4. Жарқ етсе сабау қамшы, нөсерлетіп жауар тамшы. (Найзағай)
  5. Тал басында түндіксіз отау. (Ұя)
  6. Тарбаң-тарбаң тарбиған, түрі жаман барбиған. (Бақа)

Мақал — сөздің мәйегі

Төмендегі тақырыптарға байланысты мақал-мәтел айтыңыз:

Отан
Туған жер
Батыр
Еңбек
Білім
Өнер
Денсаулық
Нан
Әке, ана
Әдеп
Дос
Тіл

III кезең (финал) — «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Финалда 3 ойыншы қызыл, сары, көк түстердің бірін таңдайды. Әр ойыншыға 20 секунд ішінде өз сұрақтарының орналасу тәртібін есте сақтап қалу қажет.

Ұпай қою тәртібі

  • Өз ұяшығындағы дұрыс жауап — 3 ұпай.
  • Қарсыластың ұяшығын ашып, дұрыс жауап берсе — 2 ұпай.
  • Жалпы сұрақтарды ашып, дұрыс жауап берсе — 1 ұпай.

Қызыл түс сұрақтары

  1. Суретте кім бейнеленген және ол туралы не білесің?
  2. Қазақтың тұңғыш палуаны кім?
  3. Қандай кенді «қара алтын» дейміз?
  4. Аспанда: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға, ара. Аспанда неше құс ұшып жүр?
  5. «Кірпік қақпады» сөз тіркесінің мәнін түсіндір.
  6. Бұлттан бөлініп, жерге түсетін су тамшылары қалай аталады?

Көк түс сұрақтары

  1. Суреттегі кім және оның қандай шығармаларымен таныстық?
  2. Солтүстікте тіршілік ететін, ұша алмайтын құс.
  3. «Ақ алтын» деп нені айтамыз?
  4. Есеп-жұмбақ: Айдын көлге екі аққу ұшып келіп қонды. Үш қаз және бір үйрек жүзіп жүр екен. Қарсы алуға төрт балапан шықты. Барлық құс нешеу?
  5. «Көзге ілмеді» сөз тіркесінің мәнін аш.
  6. Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады?

Сары түс сұрақтары

  1. Бұл қай бидің суреті және оның қандай шешендік сөзін білесің?
  2. Иілген ұзын мойынды, ақ қауырсынды, халық киелі санайтын құс.
  3. Самаурындағы су қайнағанда азайып, ортаяды. Неге?
  4. Жұмбақ-есеп: Шегірткелер — 17. Жетеуі кенеттен дауыстан айырылады. Екеуі қайта қосылды. Енді неше дауысты естиміз?
  5. «Қол ұшын берді» сөз тіркесінің мәнін түсіндір.
  6. Серік Сәпиев қай спорт түрінің шебері?

Жалпы сұрақтар

  1. «Алдауыш таяғымды әкелемін» деп, байдың атын мініп кеткен кім?
  2. Өзі ет жемей, шапанына ет жегізетін аңыз кейіпкері.
  3. Жазғы Лондон олимпиадасында біздің спортшылар неше алтын медаль алды?
  4. «Тарансаң да, қарансаң да, алдына оның келесің. Өзіңді өзің көресің» — бұл не?
  5. Кемпірқосақта неше түс бар?
  6. Ақ күрішімен танымал аймақты ата.

Қорытындылау және марапаттау

Ойын қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады. Жеңімпаз бен қатысушылар марапатталады.