Әріп - әріп

Сабақ туралы мәлімет

Пәні
Сауат ашу
Тақырыбы
Қайталау
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, ойын элементтері, жұптық және топтық жұмыс.

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

Сауат ашудан алған білімдерін бекіту: дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы түсініктерін нақтылау. Сөзді буындап және тұтас оқу дағдыларын жетілдіру.

2) Тәрбиелік

Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа және шапшаңдыққа баулу.

3) Дамытушылық

Танымдық қабілеттерін дамыту, байланыстыра сөйлеу дағдысын қалыптастыру және сөздік қорын байыту.

Сабақтың барысы

1) Психологиялық дайындық

Сұрақ-жауап

Мұғалім: Бүгін аптаның қай күні?

Оқушы: Жұма.

Шаттық шеңберіне арналған өлең

Жұма күні сәтті болсын,

Күніміз тек жақсы болсын.

Жақсы білім алайық,

Үлкендерді сыйлайық.

Бар кітапқа бас болған —

Әліппе, ғылым анасы.

Әліппеден басталған —

Даналықтың данасы.

2) Өткен әріптерді қайталау

Ойын: «Қар үйіндісі»

«Қардан нелер жасауға болады?» — аққала және т.б. Аққала жасау үшін қар қиындыларындағы тапсырмаларды дұрыс орындаймыз.

Нәтиже

Әріпті атау, дыбыс түрін ажырату, сөз құрау.

Оқушы әрекеті

  • Қар қиындыларындағы әріптерді атайды.
  • Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.
  • Берілген әріптен басталатын сөз ойлап айтады.

Қайталау сұрақтары

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Әріп дегеніміз не?
  • Буын дегеніміз не?
  • Қазақ тіліндегі дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Дыбыстарды қалай ажыратамыз?

Көркем жазу минуты

Жазу үлгісі:

Аққала аққала аққала

3) Жұптық жұмыс

Қысқы ойындар туралы әңгіме

«Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білесіңдер?» — оқушылар жұппен талқылайды.

Жұмбақ

Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.

Жауабы: шаңғы.

Тапсырма: буындардан сөз құрау

Буындар:

ұш • қыш • жа • рыс

Құрастырылған сөз бойынша:

  • Сөзде неше әріп, дыбыс, буын бар екенін анықтау.
  • Осы сөзді қатыстырып сөйлем құрау.

4) Тақтамен жұмыс

Оқушылар сөздерді тақтаға жазып, бірлесіп тексереді (дыбыс-әріп сәйкестігі, буынға бөлу).

5) Жұмбақ

Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге.

6) «Сөз ойла, тез ойла»

Берілген сөздермен жылдам жұмыс: сағат, тарақ, қала, алма.

7) Мәтінмен жұмыс

Оқу тәсілі

Мәтінді тізбек бойынша оқыту: 1-қатар, 2-қатар, 3-қатар.

Қар
Қыс
Аққала

Талдау сұрақтары

  • Мәтін не туралы?
  • Қыста қандай өзгерістер болады?

8) Топтық жұмыс

1) «Адасқан әріптер»

Әріптерден сөз құрастыру:

А, ш, а, н — р, а, қ — л, м, а

2) Сөйлемді көшіріп жаз

Қыс келді. Қар жауды. Мұз қатты.

3) Жоғалған әріпті тап

Сөздерді толықтыру:

жуса… • …дыс • …па • тағ… • бұза…

4) Суретті жұмбақ

Сурет бойынша сөзді табу және дыбыс-әріп талдау жасау.

5) «Не? Нелер?» (жекеше/көпше түрі)

Қозы →

қозылар

Әріп →

әріптер

Сергіту сәті

«Қыс мезгілінде тонын ауыстыратын қандай жануарды білесіңдер? Неліктен ауыстырады деп ойлайсыңдар?»

«Сұр қоян» өлеңін қимыл-қозғалыспен көрсету.

Суретті диктант

Тақтаға суреттер ілінеді: шана, мұз, қар, аққала. Оқушылар дәптерге атауларын жазады.

Сабақты бекіту және қорытынды

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?
  • Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?
  • Жаңа жылда нені күтесіңдер?

Бағалау және ынталандыру

Оқушылардың белсенділігін атап өтіп, мадақтау сөздері айтылады. Соңында шағын сыйлықтар таратылады.