Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу

Сабақ жоспары

А. Байтұрсынұлы: «Анама хат» өлеңі

Бұл сабақ жоспары оқушыларды Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасы және «Анама хат» өлеңінің идеялық мазмұнымен таныстырып, талдау мен шығармашылыққа жетелейді.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: А. Байтұрсынұлының тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері ретіндегі орнын таныту; өлең мазмұнын меңгертіп, идеясын ашу.
  • Дамытушылық: оқушылардың ойын еркін әрі дәл жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: мейірімділікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа баулу; ұлы тұлғаларды үлгі тұтуға тәрбиелеу.
“Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға.”
Ә. Кекілбаев

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
  • Психологиялық дайындық.

ІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың кіріспесінде өткен тақырып еске түсіріліп, жаңа өлеңнің мазмұнына бағыт беретін сұрақтар қойылады.

Қайталау сұрақтары

1) Өткен сабақта қандай шығармамен таныстық?

«Қара бұлт» өлеңі.

2) Өлең тақырыбы не туралы?

Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттер туралы.

3) Бүгінгі тақырып

Ахмет Байтұрсынұлының «Анама хат» өлеңі.

Таныстыру және тыңдалым

  • Өлеңнің шығу тарихымен таныстыру (сызба-кесте арқылы).
  • Ән тыңдау кезінде ақынның туған жерінің келбетін бейнелейтін слайдтарды көрсету.

ІІІ. Топтық жұмыс

Топтық жұмыс барысында Мүбарак Салақовтың орындауындағы Ахмет Байтұрсынұлының «Анама хат» әні аудиожазбадан тыңдатылады.

І топ — «Ақындар»

Мәнерлеп оқу және құрылымдық талдау

Оқу + талдау
  1. 1. Өлеңнің алғашқы үш шумағын мәнерлеп оқу.
  2. 2. Бір шумақты өлең құрылысына қарай талдау (сатылай кешенді талдау).

ІІ топ — «Жазушылар»

Мәнерлеп оқу және мәтінді түрлендіру

Оқу + әңгімелеу
  1. 1. 4–6-шумақтарды мәнерлеп оқу.
  2. 2. Мәтінді қара сөзге айналдырып, шағын әңгіме құрастыру.

IV. Сөздікпен жұмыс

Өлең мазмұнын терең түсіну үшін көне және діни ұғымдарға қатысты сөздер түсіндіріледі.

Лаухұлмахбұз
Діни ұғым бойынша адам тағдыры жазылатын тақта.
Хақ Тағалам
Жаратушы Алла.
Жарам
Уайым, қайғы.
Харам
Адал емес.
Кермесіне
Кедергі, қарсылық мағынасында.

V. Сергіту сәті

Музыка сүйемелдеуімен қысқа сергіту жаттығулары орындалып, оқушылардың назарын қайта шоғырландыру көзделеді.

қозғалыс ырғақ зейін

VI. Бекіту

1) «Кім тапқыр?» ойыны

Интербелсенді тақтада берілген тапсырма сызба арқылы орындалады: оқушы сұрақты түсініп, жауапты құрылыммен дәлелдеп көрсетеді.

2) Шығармашылық жұмыс

І топ — «Ақындар»

Өз шығармашылығыңнан анаңа арналған бір шумақ өлең оқы.

ІІ топ — «Жазушылар»

Ана тақырыбына қатысты мақал-мәтелдер айтып бер.

VII. Қорытындылау

Топтастыру әдісі арқылы оқушыларға түрлі түсті жұлдызша қағаздар таратылып, сабақ бойындағы белсенділік пен жауап сапасы жинақталады.

Сондай-ақ ақынның шығармаларын насихаттау мақсатында сыныпта кітап бұрышы ұйымдастырылады.

VIII. Үйге тапсырма

  1. 1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.
  2. 2. Анаңа хат жазу: өлең шығару, хат мәтінін жазу немесе сурет салу.

IX. Бағалау

Оқушылардың жауаптары сабақ барысында түрлі түсті жұлдызшалар арқылы бағаланады. Әр түс жауап сапасын айқындайды:

Жасыл

Өте жақсы

Қызғылтсары

Жақсы

Көк

Орташа

Бағалау ұстанымы

Бағалау барысында оқушылардың жауаптары Ахмет Байтұрсынұлының тәрбиелік мәні жоғары сөздерімен және адамгершілік құндылықтарымен сабақтастырыла отырып қорытындыланады.