Атырау облысы, Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов атындағы орта мектептіңхимия және биология пәндерінің мұғаліміИслямова Лязат ТемиржановнаХимия
Атырау облысы • Атырау қаласы • Томарлы селосы
Қ. Смағұлов атындағы орта мектептің химия және биология пәндерінің мұғалімі: Ислямова Лязат Темиржановна
Пән
Химия
Сынып
9-сынып
Сабақ түрі
Жаңа ұғымды меңгеру
Сабақтың тақырыбы
Ацетилен
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды молекуласында үш байланысы бар көмірсутектер — алкиндермен таныстыру.
- Ең қарапайым өкіл — ацетилен туралы жүйелі мағлұмат беру.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер
- Ацетилен молекуласының шарөзекті моделі
- Кесте
- Постер
- Стикерлер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың зейінін сабаққа шоғырландыру, жұмыс ережесін нақтылау.
II. Психологиялық ахуал
Оқушыларды «күлегештер» арқылы топтарға бөлу, жағымды атмосфера қалыптастыру.
Қызығушылықты ояту
«Серпілген сауал» стратегиясы
Өткен тақырып бойынша білімді қысқа сұрақтар арқылы жедел тексеру.
Мағынаны тану
«Мәтін бөліктері» ойыны
Жаңа тақырыпты топтық жұмыс арқылы кезең-кезеңімен меңгеру.
1-топ
Кіріспе
Ацетиленнің құрылысы және алынуы.
2-топ
Негізгі бөлім
Ацетиленнің қасиеттері.
3-топ
Қорытынды
Ацетиленнің қолданылуы.
4-топ
Толықтыру
Тақырыпты кеңейту және нақтылау.
Бекіту және есептер
Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды бекіту үшін сұрақтар мен есептер топтарға бөлініп орындалады.
Бекіту сұрақтары
- 1–2-сұрақтарға жауап беру.
- «Жіпке ілінген сұрақтар мен есептер»: №3 есепті шығару.
-
Ацетиленді қалай алады? Сәйкес химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
Назар: теңдеулерді молекулалық түрде және қажет болса, шарттарымен көрсету.
«Кім шапшаң?»
Жылдам ойлау және дәл есептеу дағдысын дамытуға арналған қысқа тапсырмалар.
Топтық есептер
1-топ — №5 есеп
Өзгерістік айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
2-топ — №6 есеп
Ацетиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі бойынша 5,6 л ацетилен (қ. ж.) жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеңдер:
3-топ — №8 есеп
Теориялық мүмкіндіктен шығымы 60% болса, 1 м³ ацетилен (қ. ж.) алу үшін кальций карбидінің қандай массасы қажет?
4-топ — №13–14 есеп
Есептер жинағы бойынша тапсырмалар.
Қосымша: өнеркәсіпте ацетиленнен метан алады. Көлемі 0,5 м³ (қ. ж.) метанның 75%-ы реакцияға түскен болса, ацетилен мен сутектің қандай көлемдері түзілгенін есептеңдер.
Зертте де, зерделе
Салыстырмалы сипаттама беру: №7 есеп. Этилен мен ацетиленнің химиялық қасиеттерінде қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?
Үй тапсырмасы және қорытынды
Үйге тапсырма
- §47 оқу.
- №4 есепті шығару.
Бағалау және рефлексия
- Оқушылардың жұмысын критерий бойынша бағалау.
- Сабақты қорытындылау.
- Рефлексия: бүгін не үйрендім, не қиын болды, келесіде нені жақсартамын?