Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар
Сабақ жоспары
Намыс. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар
Бұл жоспар жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың оқу, жазу және сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған: мәтінді түсініп оқу, дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуын меңгерту, жаттығулар арқылы бекіту.
Сілтемелер
- Ана тілі оқулығы
- Ана тілі әдістемесі
- Нұсқаулық
Күтілетін нәтижелер
- Диалог, пікір алмасу арқылы топтық жұмысқа дағдыланады.
- Сыни ойлау арқылы еркін сөйлеу, өз ойын ашық жеткізу қабілеті артады.
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, назарды сабаққа аудару, психологиялық ахуал қалыптастыру және топқа бөлу.
Психологиялық сәт (өлең)
Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
Әңгімелеу желісі
Сабақ ертегі элементтерімен өрбиді: Мақта қыз көмек сұрайды. Қыс мезгіліндегі орман жолымен әжесіне апара жатқан бауырсақтарын аң-құстардан аман жеткізу үшін балалар бірігіп жолға шығады.
Уақыты
2 минут — топқа бөлу, сұрақ-жауап
Жетелеуші сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста күн қандай болады?
- Бүгінгі ауа райы қандай?
- Мақта қызға қалай көмектесе аламыз?
Қайталау: Тиіннің тапсырмасы
Алдыңғы сабақтағы М. Әлімбаевтың «Қыс» өлеңін жатқа айту және тілдік ұғымдарды еске түсіру.
Негізгі сұрақтар
- Сөз неден құралады?
- Дыбыс жазуда немен таңбаланады?
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
Қысқаша ереже
Сөз дыбыстардан құралады.
Дыбыстар жазуда әріппен таңбаланады.
Дыбысты айтамыз және естиміз.
Әріпті көреміз және жазамыз.
Уақыты
3 минут
Жаңа сабақ: Қоянның тапсырмасы
Ауызша тапсырмалар арқылы сабақ тақырыбын ашу: «сиқырлы гүл» және ребус шешу.
«Сиқырлы гүл» (мәтін)
Ерте, ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде.
Таулы биік өлкеде
Мөлдір бұлақты,
Шапағы нұрлы шуақты
Дүниенің бір ғажап өлкесінде
Сиқырлы гүл болыпты.
Бұл гүлдің сиқырлығы — оның ішінде не жазылғанын және неше фигура барын ешкім таба алмапты. Сол гүл бізге де жеткен сияқты. Қане, болашақ академиктер мен ғалымдар, байқап көрейік.
Тапсырма
- Неше үшбұрыш барын анықтау.
- Қандай сөз жазылғанын табу.
- Ребус шешу: нар және мысық суреттері арқылы жаңа сөз шығару.
Нәтиже
Оқушылар 5 үшбұрыш барын айтады және ребус арқылы «намыс» сөзін шығарып, жаңа тақырыпты анықтайды.
Уақыты
10 минут
Тақырып өзегі
Намыс — ар-ождан, абырой, адамның өз қадірін қорғауы. Бұл ұғым кейінгі мәтінмен және тілдік жаттығулармен байланыса отырып бекітіледі.
Мәтін бойынша жұмыс
Мақсат — мәтінді түсініп оқу, сұрақтарға жауап беру, негізгі ойды табу және «намыс» ұғымын өмірлік тәжірибемен байланыстыру.
Автор туралы
Е. Өтетілеұлы 1938 жылы 1 қаңтарда Ақмола қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін (орыс тілі мен әдебиеті) бітірген. «Жазушы», «Жалын», «Бадырған» баспаларында қызмет атқарған. Әңгіме-өлеңдері орыс, болгар, украин, грузин, армян, татар тілдеріне аударылған. Көптеген шығармалары балалар басылымдарына және қазақ мектептерінің оқулықтарына енген.
Оқу форматы
- 1Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.
- 2Оқушылар тізбектей оқиды.
- 3Сұрақ-жауап арқылы мазмұны талданады.
Уақыты
10 минут
Мазмұнды ашатын сұрақтар
Тәрбиелік байланыс
Бастауыш сыныптар онкүндігі аясында «Ерлікке тағзым — ұрпаққа өнеге» тақырыбы бойынша ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары өткізіледі. Ұлы Жеңіске жету жолында намысшыл ата-әжелеріміз ерлік көрсетті. Осы тұста оқушылардың өлең, тақпақ айтуына да орын беріледі.
Тілдік бөлім: дыбыстар және дауыстылар
Оқушылар дыбыстарды жіктеп, дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке түрлерін ажыратады.
Сұрақтар
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты және дауыссыз дыбыстарды атаңдар.
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Қорытынды жауап
Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз.
Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді: жуан және жіңішке.
Уақыты
5 минут
Дауысты дыбыстар (тізім)
а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э, и, ю, я, у
Ескерту: кейбір әріптердің (мысалы, у, и, ю, я) дыбыстық қызметі сөз құрамына қарай өзгеруі мүмкін.
Дауыссыз дыбыстар (тізім)
б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ
Жазба жұмысы: Қасқырдың тапсырмасы
Дәптермен жұмыс және деңгейлік тапсырмалар арқылы дауысты дыбыстарды талдау, сөйлем құрастыру, сауатты жазуға машықтандыру.
24-жаттығу (топтық жұмыс)
- 1Суреттегі заттардың атауларын жазу.
- 2Сөздердегі дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке екенін анықтау.
- 3Сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.
Сөздік жұмысы
- Намыс
- Ар, абырой, өз қадірін қорғау.
- Тымақ
- Аң терісінен тігілген қысқы бас киім.
- Саптама
- Қонышы ұзын етік.
Уақыты
10 минут
Постермен жұмыс
Оқушылар суреттер бойынша сөйлем құрап, сөздердегі дауысты дыбыстарды ажыратады (жуан/жіңішке).
3-деңгейлік тапсырма (ауызша)
Жұмбақты оқып, шешуін табу:
Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді.
Жауабы: қаңбақ
Қорытындылау: Түлкінің тапсырмасы
Сабақта не үйренгенін жинақтау, кейіпкер әрекетіне баға беру, дыбыстар туралы білімді қайталау.
Намыс туралы мақал-мәтелдер
- Намысыңды нанға сатпа.
- Қоянды қамыс өлтіреді, ер жігітті намыс өлтіреді.
Уақыты
5 минут