Мұғалімнің әрекеті
Сабақ тақырыбы
Талантты және дарынды балаларды қалай анықтаймыз?
Жалпы мақсат
- Коуч пен әріптестер арасында диалогтік қарым-қатынас орнатып, коучингке қызығушылықты арттыру.
- Оқушының жетістігі, даму қарқыны, қалыптасуы және шығармашылық дамуына ықпал ететін бағыттар бойынша қажетті әрі сындарлы кері байланыс ұйымдастыруға бағыттау.
- Мұғалімнің сындарлы ойлауды практикада қолданудағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ету.
Сілтеме
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
Оқу нәтижесі
Қатысушылар коучингтен алған білімін тәжірибеде қолдануға ынталанды, білімін толықтырды.
Түйінді идеялар
Қолдану бағыты
Алған білімді болашақта тиімді қолдануға бағыттау.
Бірлескен талқылау
Тапсырмаларды орындау және талқылау үшін топтарда бірлесе жұмыс істеуге жағдай жасау.
Материалдар мен ресурстар
Құрал-жабдықтар
- A3 және A4 парақтары
- Стикерлер
- Маркерлер, қаламдар
- Интерактивті тақта
- Критериалды бағалау парақтары
- Видео
Топқа бөлуге арналған ресурс
Геометриялық фигуралар: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек және т.б. Түрлі түсті қағаздар мен плакаттар.
Оқыту әдістері
Пайдаланылған әдебиеттер
- Әдеби материалдар
- Интернет материалдары
- Мұғалімге арналған нұсқаулық
Тапсырмалар және топтық жұмыс
Ой қозғау
«Бұлақ көрсең, көзін аш» халық даналығының мәнін түсіндіріп, қатысушылар өз ойларымен бөліседі.
Топтарға арналған тақырыптар
1-топ
Дарынды және талантты баланың бейнесі
2-топ
Дарынды және талантты баланы анықтау жолдары
3-топ
Мінез-құлықтағы ерекшеліктер
4-топ
Дарынды және талантты оқушылардың әлеуетін арттыру
5-топ
Дарынды және талантты балалармен жұмыс түрлері
6-топ
Дарынды және талантты бала және орта: тапсырма, қорғау, рефлексия
Әр топ тапсырманы орындап, қорғайды және пікір алмасады.
1-тапсырма (RAFT)
«Мұғалімнің көмекшілері» және «құзырлы мұғалімге тән белгілер» тақырыптарына түсінік беріледі. Топ мүшелері берілген суреттердің образына еніп, RAFT тәсілі бойынша рөлдік жұмыс орындайды.
Уақыты
10 минут
Жұмыс форматы
Жеке → топта талдау → қорғау
Нәтиже
Рөлдік көрсетілім
Сабақ барысы (коуч пен мұғалім әрекеттері)
Психологиялық ахуал және сергіту
Коуч әрекеті
«Шаттық шеңбері» арқылы жағымды, жылы тілектер айтады.
Уақыты: 2 минут
Мұғалім әрекеті
Мұғалімдер бір-біріне қарап, жүрекжарды жылы тілектерін білдіреді.
Жалпы сергіту: 10 минут
Топқа бөлу
Геометриялық фигураларды таңдау арқылы қатысушылар топтарға бөлінеді.
Уақыты: 3 минут
Топ ережесін нақтылау
Топта нәтижелі жұмыс істеу үшін ортақ ережелер түсіндіріледі және келісім жасалады.
Уақыты: 2 минут
Сергіту сәті: «Рухани сәттілік»
Көрсетілім арқылы қатысушылар өмір туралы ойларын түйіндейді.
Уақыты: 2 минут
Қорытындылау
«Талантты және дарынды балалар туралы не білдік?»
Талқылауда Дж. Рензуллидің дарындылық моделіне тоқталып, негізгі ойлар жинақталады. Қатысушылар өз тұжырымдарын ортаға салады.
Уақыты: 5 минут
Рефлексия және көңіл күйді анықтау
Рефлексия сұрақтары
- Біз бүгін не үйрендік?
- Сіз үшін құнды тұстары болды ма?
- Бүгінгі үйренгеніңіз болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?
Қатысушылар әсерін қағаз бетіне түсіреді.
Уақыты: 5 минут
Көңіл күйді анықтау
Қатысушылар көңіл күйін смайлик арқылы немесе өзге тәсілмен білдіреді.
Уақыты: 5 минут
Нәтижені қысқа пікір, белгі, стикер немесе шағын жазба түрінде жинақтауға болады.