Жалын тобына

Ертегілер арқылы балаларды еңбекке тәрбиелеу

Мақсаты

Ертегі арқылы балалардың тыныс-тіршілігін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін, бақыт жолындағы күресін, өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтарын таныту. Еңбексүйгіштікке баулу, өз халқына, Отанына, туған-өскен табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.

Тақырыбы: Өрт – тілсіз жау

Өрт қауіпсіздігі Тәрбие сағаты

Негізгі мақсат

Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын және пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен бірге оттың «тілсіз жау» екенін түсіндіру.

Міндеттері

  • Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру.
  • Оттан сақтану жолдарын, өрттің табиғатқа және адамға әкелетін зардабын түсіндіру.
  • Сіріңке, оттық сияқты қауіпті заттардан аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Слайд, доп, кедергілер.

Кіріспе сөз

Құрметті тәрбиешілер мен кішкентай бүлдіршіндер! Ересек «Қарлығаш» тобы ұйымдастырған өрт қауіпсіздігіне арналған спорттық жарысқа қош келдіңіздер.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы — «Өрт – тілсіз жау». От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От — өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ: от жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды.

Алайда оттың пайдасымен қатар зияны да бар. Егер отты дұрыс пайдаланбасақ, орны толмас қайғы-қасірет әкелуі мүмкін. Сондықтан отты қолданғанда әрқайсымыз аса сақ болуымыз керек.

Тұрмыста отты үнемділікпен, жауапкершілікпен және қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып пайдалану қажет. Балалардың отпен ойнауы — өрттің шығуына әкелетін кең таралған себептердің бірі. Үйде жалғыз қалған балалардың сіріңкемен ойнауы қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін. «Өрт – тілсіз жау» деп бекер айтылмаған.

Тәрбие сағатымыз жарыс түрінде өтеді. Алдарыңызда жеңіске деген жігерімен алға ұмтылған топтар отыр. Енді әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Жарыс барысы

1-кезең: Сәлемдесу

«Алау» тобы

Ұран

Біз алаумыз, алаумыз,
Қанатымыз талмаған.
Жайма-шуақ әніміз,
Күштілерміз бәріміз.

«Жалын» тобы

Ұран

Біз жалынбыз, жалынбыз,
Қарлығаш боп ұшамыз.
Күн нұрынан нәр алып,
Шамшырақ боп жанамыз.

2-ойын: «Кім жылдам?»

  • Кедергілер арасымен жүгіріп өту.
  • 1-ден 10-ға дейінгі сандарды ретімен орналастыру.

3-ойын: «Кім жылдам құрастырады?»

Екі қатысушы шеңбермен барып, өрт сөндіру машинасын құрастырады.

4-ойын: «Әдемі етіп бояймыз»

Оттың суретін ұқыпты әрі әдемі етіп бояп аяқтау.

5-ойын: «Кім мерген?»

Допты корзинаға дәлдеп лақтыру.

6-кезең: Мақал-мәтел сайысы

От туралы мақал-мәтелдер

  1. 1.Отпен ойнама — күйерсің.
  2. 2.Ойын түбі — от.
  3. 3.Отын деген шөп болар, жинай берсең көп болар.
  4. 4.От жақпа — пісерсің, ор қазба — түсерсің.
  5. 5.Сумен ойнама — батарсың, отпен ойнама — күйерсің.
  6. 6.От пен су — тілсіз жау.
  7. 7.Өзің сақ болсаң — Құдай жақ.
  8. 8.Сақ жүрсең — сау жүрерсің.
  9. 9.Сақтықты сұңқардан үйрен.
  10. 10.Жау жоқ деме — жар астында; бөрі жоқ деме — бөрік астында.

7-кезең: Жұмбақ шешу

«Алау» тобына

5 жұмбақ
  1. Жаурағанды күйдірер, өз еркіне жіберсең, дүниені бүлдірер.

    Жауабы: От

  2. Бір үйде тұрады екен 50 батыр, үй сыртына сүйкенсе-ақ, өліп жатыр.

    Жауабы: Сіріңке

  3. Көрмедім ешкім үйінде қолданбас бұл бұйымды. Жазып қыртыс-қыртысын, қонымды етер киімді.

    Жауабы: Үтік

  4. Жалт-жалт етер, жалмап кетер.

    Жауабы: От

  5. Қалпағы бар, жиегі жоқ. Аузы бар, иегі жоқ.

    Жауабы: Шәйнек

«Жалын» тобына

5 жұмбақ
  1. Бар екен бір жалмауыз жалғанда артық. Жүреді, жүрген шақта өзі шалқып. Темір мен топырақ, тас суды жемес, басқаны жеп қояды қойсаң артып.

    Жауабы: От

  2. Кішкентай ғана мүсәтір, ол мүсәтір жоқ болса, елдің бәрі мүсәпір.

    Жауабы: Сіріңке

  3. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты.

    Жауабы: Үтік

  4. Желден желігеді, судан шегінеді.

    Жауабы: От

  5. Түймесін бассаң, сәулесін шашқан.

    Жауабы: Электр шамы

Сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Қорытынды

Балалар, есте сақтаңдар: өрт кездейсоқ шықпайды — ол отты дұрыс пайдаланбаудан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жау да бола алатынына көз жеткіздіңдер.

Отпен ойнама — күйерсің. Өрт — тілсіз жау.