Қалалар ойыны

Онкүндіктің ашылуы

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Білім жолын бастаған — бастауышым, бастамам» атты бастауыш сыныптар онкүндігі басталғалы отыр. Онкүндіктің шымылдығын оқу мен білімнің өмірдегі маңызын айқындайтын мақал-мәтелдермен ашайық.

1-оқушы

Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

2-оқушы

Оқусыз — білім жоқ, білімсіз — күнің жоқ.

3-оқушы

Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.

4-оқушы

Оқу — инемен құдық қазғандай.

Жүргізуші: Білдім деме, балам, білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам бұл дүниеде жоқ шығар.
Көп білуге ұмтылған — көз жұмғанша оқиды,
Көз жұмғанша оқыған — көп нәрсені тоқиды.

Ән: «Үйретеді»

Біз мектепке барғанда,
Қолға қалам алғанда —
Үйретеді, үйретеді, үйретеді.

Әдемілеп жазуды,
Көркем сурет салуды —
Үйретеді, үйретеді, үйретеді.

Анамызды сүйеміз,
Еңбектерін ақтаймыз —
Үйренеміз, үйренеміз, үйренеміз.

Азамат боп өсеміз,
Еңбектеніп өтеміз —
Үйренеміз, үйренеміз, үйренеміз.

«Оқылған сабақтар еліне» саяхат

Жүргізуші: Бүгін осы сәтте кездескеніме қуаныштымын. Сіздерді ғажайыптар еліне, таңғажайыптар еліне жетелеймін. Бұл елде біз бірнеше күн бойы саяхаттап, көп нәрсе үйренеміз. «Бұл қандай ел?» десеңіз — сөзді оқып білесіз!

Саяхат ережесі

  • Бұл елде тек оқушылар ғана пәндерге «саяхаттайды».
  • Әр бекетте тапсырмалар мен ойындар арқылы білімімізді көрсетеміз.

Жүргізуші: Жақсы, ендеше саяхатымызды бастайық!

Сонау-сонау алысқа жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа ұшсын десең денелер.

1-бекет: Математика

Оқушы:
Жасау үшін бәрінде математика —
Ең маңызды ғылым бұл.
Сондықтан, сол ғылымның тілін біл.

Жүргізуші: Математика пәнін қаншалықты меңгергендеріңді көрсетіп көріңдер.

1-сынып тапсырмалары

  1. Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек. 1 үйрек тығылды, 1 үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек?

    Жауабы: 6

  2. Санға қосып алсаң, сол санның өзі шығады. Санды оған бөлуге болмайтынын математиктер ұғады. Көп адамдар ол санға шекесінен қараған. Сан осін қақ бөлуге сол сан жараған.

    Жауабы: 0 (нөл)

3-сынып тапсырмалары

  1. Ала шапан киініп, қарбыз жатыр үйіліп. Қарбыздарды шетінен санап шықтым. Бесеу болды жұп саны. Нешеу болды түп саны?

    Жауабы: 10

  2. Бұталардың бойымен 11 құйрық келеді, оған қоса 30 сирақ сидаң-сидаң етеді. Не десеңіз бұл көрініс — әтештер мен торайлар. Жауап берші сұраққа: неше әтеш қатарда?

    Жауабы: 7 әтеш

2-бекет: Қазақ тілі

5-оқушы:
Мәреге болған білімге мәні көп ана тілінде.
Сөз береміз алдымен сөзшең қазақ тіліне.

Ойын: «Баспалдақ»

Жүргізуші: Бұл ойында «Б» әрпінен басталатын сөздер айтамыз. Кім көп және дұрыс сөз айтса — сол жеңімпаз.

Б — … Б — … Б — … Б — … Б — … Б — … Б — …

3-бекет: Әдебиеттік оқу

6-оқушы:
Өнегелі, өзекті өмір жайлы сөз етті.
Әдебиеттік оқу пәніне берем енді кезекті.

Тапсырма: мақал-мәтелді жалғастыр

Жүргізуші: Мақал-мәтелді қаншалықты білетініңді көрейік. Мақалдың жалғасын тап.

  1. Білетінің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз.
  2. Білмесең үндеме, білгенді күнлеме.
  3. Білім — гауһар, бағасы жоқ. Надандық — кесел, дауасы жоқ.
  4. Киіміне қарап қарсы алады, біліміне қарап шығарып салады.

Жұмбақтар

Жүргізуші: Енді бәріміз жұмбақ шешіп көрейік.

Бірі — ағаш кесу құралы,
Бірі — шырынды бал бұлағы.

Жауабы: ара

Бірінен кисең бөрікті,
Бірінен тігіп киерсің киім көрікті.

Жауабы: қамқа

Санасаң, бір үйде төртеуі бар.
Қаласаң, ауызды өртейтін нәр.

Жауабы: бұрыш

Жел соқса, жайқалып толқиды.
Ел оқыса, тұла бойың балқиды.

Жауабы: өлең

Бірі — ыдысқа керек,
Бірі — жүріске керек.

Жауабы: аяқ

4-бекет: Дүниетану

7-оқушы:
Табиғаттың сәніне таңғалтып мол әніне,
Жақсы лебіз білдірсін дүниетану пәні де.

Ойын: «Қалалар»

Мақсаты: буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру.
Шарты: сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға қала атауының кез келген буыны жазылады. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса — сол топ жеңеді.

қар — Қарағанды

ас — Астана

алма — Алматы

тау — Көкшетау

рау — Атырау

кент — Шымкент

Ойын: «Сұрақ–жауап»

Мақсаты: сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету.
Шарты: қатты қағаздан 40 карта дайындалады: 20 картаға сұрақтар, 20 картаға жауаптар жазылады. Оқушылар шеңбер құрып отырады: бір оқушы сұрағы бар картамен жүреді, келесі оқушы сәйкес жауап картасын табады.

Тапсырмалар үлгісі

  • Жыл мезгілдерін ата.
  • Сөзжұмбақ шеш.

Ән: «Мектебім»

Осымен бастауыш сыныптар онкүндігінің ашылуы аяқталды.