Сенің алғашқы ұстазын кім
Сабақтың тақырыбы
Ұстаз (презентациямен)
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың мұғалімнің білім берудегі орны мен адамгершілік қасиеттері туралы түсінігін кеңейту. Мұғалім еңбегінің құнын ұғындырып, оның жақсы қасиеттерін өмірде үлгі етуге бағыттау арқылы оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке және ұстазды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
СТО технологиясы, топтық жұмыс
Сабақтың әдістері
- Ой шақыру
- Топтастыру
- Сұрақ қою және қайтадан сұрақ қою
- «Әлемді шарлау»
- Бес жолды өлең
Көрнекілігі
- Суреттер, сызбалар, слайдтар
- Мектеп өмірінен бейнетаспа
Бағалау
Бағалау парағы арқылы (өзін-өзі бағалау, топтық және мұғалім бағасы)
Міндеттері
1) Мазмұнға байланысты
Оқушы мәтіннің тақырыптық негізін тани алады.
2) Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Мәтінмен жұмыс барысында талдау жасайды, өз көзқарасын білдіріп, пікір айтады.
3) Топтық жұмыс
Бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады және білгенін ортаға салуға үйренеді.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа даярлау
- Сабаққа қатысу, үй тапсырмасын орындау, күнделік толтыру, үзіліске шығу тәртібін еске түсіру
II. Қызығушылықты ояту
Оқушыларға алғаш мектепке келген кездерін әңгімелету. Мектеп өмірінен бейнетаспадан қысқа үзінді көрсету.
Топтастыру стратегиясы
- Ұстазды кім деп айтуға болады?
- Ұстаз қандай болады?
Тарихи байланыс: Ең алғаш балаларды оқуға шақырған тұңғыш педагог — Ыбырай Алтынсарин. Ол қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, әрі қазақтан шыққан тұңғыш педагог-ағартушы ұстаз.
III. Мағынаны тану
а) Мұғалімнің мәтінді оқуы және түсіндіруі
Ұстаз — мейірімді, сезімтал жан. Ол — нұрлы, шуақты адам. Әрдайым жол сілтеп, жөн айтады. Мұғалім — бағбан секілді: гүл өсіруші сияқты шәкіртін баптайды. Ол шаршамайды, талмайды. Үнемі сенің қамыңды ойлайтын ақылшың.
ә) Мәтінді оқыту: «Сұрақ қою — қайтадан сұрақ қою»
Оқушылар 1–2 болып жұптасып, сұрақтар құрастырады және бір-бірінің жауабына қосымша сұрақ қояды.
- Алғашқы ұстазың неліктен ыстық көрінеді?
- Сенің алғашқы ұстазың кім?
- Ең алғаш мектепке келген кезіңді айтып бере аласың ба?
- Қай кезде ұстазыңның шашы ағарады деп ойлайсың?
IV. Ой толғаныс («Әлемді шарлау»)
I топ
«Менің ұстазым» тақырыбында эссе жазу
II топ
«Біздің мектеп»
III топ
«Үлгілі оқушы»
Бес жолды өлең
I топ
Кітап
II топ
Қоңырау
III топ
Қалам
Үйге тапсырма
- Мәтінді оқу, мазмұндау
I топ
Ұстаз туралы өлең шығару
II топ
Ұстаз туралы мақал жазу
III топ
Болашақтағы мектептің суретін салу
Бағалау парағы
| № | Оқушының аты-жөні | Өзін-өзі бағалау | Топтың бағасы | Мұғалім бағасы | Қорытынды баға |
|---|---|---|---|---|---|
| 1 | |||||
| 2 | |||||
| 3 |