Әріптің баспа түрімен таныстыру
Кіріспе
Сауат ашу кезеңінде оқушылардың меңгеруі тиіс шеберліктер мен дағдылардың ауқымы нақты, жүйелі және баланың жас ерекшелігіне сай болуы қажет. Сауат ашу арқылы баланың танымдық белсенділігі артып, қоршаған ортамен қарым-қатынасы дамиды, интеллектуалдық әлеуеті кеңейеді.
Сауат ашудың негізгі мақсаты
- Оқу дағдысының негізін қалау.
- Фонематикалық есту қабілетін дамыту, дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
- Әріптердің баспа түрін таныту және таңбалап жазу дағдысын қалыптастыру.
- Сауатты жазуға, өздігінен оқуға және жазуға дағдыландыру.
- Оқуға қызығушылықты арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Әдістемелік бағдар
Мақсаттарға жету үшін сабақ барысында шығармашылық жұмысқа сүйене отырып, сын тұрғысынан ойлау технологияларын тиімді қолдану жолдары қарастырылды. Кембридж бағдарламасының ұстанымдары негізге алынып, 7 модуль сабаққа кіріктірілді. Балалардың тілін дамыту мен сауаттылығын арттыру үшін топтық және жұптық жұмыстар жүйелі ұйымдастырылды.
Сауат ашу сабақтарында балалар дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыланып қана қоймай, олардың таңбалануын да меңгереді. Дыбыстың таңбасын білу мен әріпті үйрену — сауаттылыққа бастайтын алғашқы баспалдақ.
Сауат ашу кезеңі — шешуші кезең. Өйткені қазақ тілін меңгерудегі, сондай-ақ өзге пәндерді оқудағы жетістіктер мен олқылықтардың негізі осы кезеңде қаланады.
Сауат ашу сабақтарындағы негізгі міндеттер
- 1 Балалардың жас ерекшелігін ескеру.
- 2 Оқыту принциптерін басшылыққа алу.
- 3 Сөз құрамындағы дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
- 4 Буынға бөліп оқу арқылы сөзді тұтас оқуға дағдыландыру.
- 5 Дыбыстарды әріптермен дұрыс таңбалауға, сөзді тұтас жазуға үйрету.
- 6 Жазу талаптарын (сызық, арақашықтық, тазалық) орындату.
Жыл соңында қалыптасатын білім мен білік
- 1 Әліпбидегі барлық әріптерді толық меңгеріп, ажырата алады.
- 2 Әр дыбысты өткен сайын сол дыбыс қатысқан буын, сөз, сөйлем құрап айтады.
- 3 Сөздердің дыбыстық және буындық құрылымын меңгереді.
- 4 Сөйлем, сөз, буын, дыбыс ұғымдарын ажыратып қолданады.
- 5 Өткен дыбыстарды қатыстырып, сөз бен сөйлем құрап, талдау-жинақтау арқылы оқуға және кеспе әріптермен жазуға үйренеді.
- 6 Шағын мәтінді мазмұндауға және өлеңді мәнерлеп жатқа айтуға төселеді.
- 7 Сурет бойынша өздігінен әңгіме құрастырады, ойын тапсырмаларын топ ішінде ынтымақтастықпен орындайды.
Сабақ үлгісі: «І» әрпі және дыбысы
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже
Сабақтың мақсаты
- «І і» дыбысы мен әрпін таныстыру.
- «І і» дыбысы бар сөздерді талдау және ажыратуға үйрету.
Күтілетін нәтижелер
- «І і» дыбысы мен әрпін таниды.
- «І і» дыбысы бар сөздерді талдап, ажырата алады.
Әдістер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, тақтамен жұмыс.
Көрнекіліктер
«І» әрпі кездесетін заттардың суреттері, «Іі» әрпінің баспа түрі, текшелер, сәйкестендіруге арналған сөздер, топтық жұмысқа постер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
Шаттық шеңберін құру.
Ізденіс: дидактикалық ойын
«Сөз ойла, тез ойла»: өткен тақырыптар бойынша аталған әріптерді қатыстырып сөз айту.
Сұрақ-жауап (жаңа дыбысты ашу)
- «Менің қолымдағы зат қалай аталады?»
- «Ілгіш» сөзін топпен қайталау.
- Сөздің басында қандай дыбыс естіледі? Артикуляцияға назар аудару.
- Бұл қандай дыбыс? Неліктен дауысты дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Жуан айтыла ма, әлде жіңішке айтыла ма?
Дәптермен жұмыс: суретпен жұмыс
Ішік
Қыста киетін, теріден жасалған сырт киім. «І» әрпі сөздің қай жерінде орналасқан?
Көгершін
Бейбітшілік құсы. «І» әрпі сөздің қай жерінде орналасқан?
Ешкі
Үй жануары, төлі — лақ. «І» әрпі сөздің қай жерінде орналасқан?
Әріптің баспа түрімен таныстыру.
Топтық жұмыс
- Жазу жұмысы: әріпті ауада жазып көрсету.
- Постердегі суреттердің қайсысының атауында «І» дыбысы бар екенін анықтау.
Тақтамен жұмыс
«І» әрпі бар сөздерді сәйкестендіру.
Сергіту сәті
Мынау менің жүрегім — бәрі осыдан басталған,
Мынау басым ақылды — барлық істі басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым — барлық істі атқарған.
Дыбыстық талдау және тіл ұстарту
Дыбыстық талдау
Етік, ешкі, кілем, ілгіш, білім сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Тіл ұстарту
«Іс-іс-іс, піс қазаным, піс».
Қорытынды және бағалау сұрақтары
Автор туралы мәлімет
Өңірі
Алматы облысы, Көксу ауданы, №12 орта мектебі КММ
Лауазымы
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі
Кегенбаева Шаукен Сагатовна