Сүтқоректі жануарлар ұғымын жаздыру
Сабақтың тақырыбы
Аңдар мен малдар (сүтқоректілер)
Сабақтың мақсаты
Жануарлар топтарын ажырату және олардың өзіндік ерекшеліктерін танып-білу.
Сабақтың түрі
Жаңа білім беру сабағы.
Міндеттері
- Жануарлардың мекен ететін ортасы туралы түсінік қалыптастыру.
- Қоректену жолдарын анықтау.
- Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық
Қанатты сөз
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Осы ой арқылы табиғаттың адам өміріндегі маңызына қысқаша тоқталып өту ұсынылады.
2) Жаңа сабаққа кіріспе: «Миға шабуыл»
Оқушылардың бұрынғы білімін белсендіру үшін табиғат туралы сұрақ-жауап жүргізіледі.
Табиғат нешеге бөлінеді?
Екіге: өлі табиғат және тірі табиғат.
Өлі табиғатқа нелер жатады?
Тау, тас, су және т.б.
Тірі табиғатқа нелер жатады?
Адам, жануарлар, өсімдіктер.
Қандай жануарларды білесіңдер?
Оқушылар өздері білетін жануарларды атайды және Әліппедегі суреттер арқылы еске түсіреді.
3) Жануарлар әлеміне қысқаша шолу
Жер шарының барлық бөлігінде табиғат жағдайы бірдей емес. Соған байланысты жануарлар тіршілік ету ортасына бейімделіп отырады.
Олар жер бетінде, суда, ауада, топырақ арасында, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар организмінде де тіршілік ете алады.
Ұқсастықтары, түрлері және ерекшеліктеріне қарай жануарлар бірнеше топқа бөлінеді.
4) Мәтінмен жұмыс
- Электронды оқулық арқылы мәтінмен танысу.
- Іштей оқу.
- Тізбектей оқу.
5) Талдау және жинақтау тапсырмалары
- Дала жануарларын неге жабайы аңдар дейміз? Өздерің білетін жабайы аңдарды атаңдар.
- Жабайы аңдардың пайдасы туралы айтып беріңдер.
- Үй жануарлары туралы әңгімеле.
- Үй жануарларының пайдасы туралы өлең-тақпақтарды оқып беріңдер.
«Сүт»
Май алады сүттен,
Құрт алады сүттен.
Сүт алады молырақ,
Малын баптап күткен.
«Ірімшік»
Атамның да тісі жоқ,
Апамның да тісі жоқ.
Тәтті ірімшік жинаймын,
Екеуіне сыйлаймын.
«Қымыз»
Жеңгем бие сауады,
Ағам саба піседі.
Денсаулыққа дауа деп,
Үлкендер ішеді.
«Шұбат»
Іркіт түстес түрі бар,
Дәмі сүттің бірі бар.
Бойға қуат, ішкенге ем —
Шұбат деген пірі бар.
«Қазы»
Ет төресі — қазыны,
Апам тұздап баптайды.
Ұнға илеп жаз күні,
Күзге дейін сақтайды.
«Ет»
Майлы ет, майсыз ет.
Жесең көп — зиян тек.
Ойлану сұрағы
Бұл тағамдар — малдан алынатын өнімдер. Ал жабайы аңдардан осындай өнімдерді жүйелі түрде ала аламыз ба? Неліктен?
6) Тақырыпты қорытындылау: жануарларды топтау
Жабайы аңдар
Табиғи ортада өз бетінше тіршілік етеді.
Дала жануарлары
Дала, шөлейт, орманды-дала аймақтарына бейімделген.
Үй жануарлары
Адам күтімімен өсіріліп, пайдаға жарайды.
Олар қайда мекендейді және немен қоректенеді?
Қандай ортақ белгілері бар екенін байқаңдар (ойлануға уақыт беріледі).
Қорытынды: бұл жануарлардың көпшілігі — сүтқоректілер.
7) Дәптермен жұмыс және қосымша мәлімет
Жазылым
«Сүтқоректі жануарлар» ұғымын дәптерге жазу.
Сүтқоректілер дегеніміз не?
Баласын тірі туып, сүтпен асырайтын жануарларды сүтқоректілер деп атайды.
Саны
Дүние жүзінде шамамен 4500-ге жуық түрі бар.
Қазақстанда
150-ден астам түрі тіршілік етеді.
Ауқымы
Тышқаннан маймылға дейін қамтиды.
Адамға пайдасы
Еті, сүті, күші, терісі, жүні мен түбіті тұрмыста кеңінен пайдаланылады.
Мысалдар: үй малдары және жабайы аңдар (піл, құлан, түлкі, қоян және т.б.).
Ескерту
Кейбір сүтқоректілер зиян келтіруі мүмкін: саршұнақ, суыр, тышқан тұқымдастар түрлі ауру таратады.
8) Бекіту: жұмбақтар
Мұғалім жұмбақ жасырады, оқушылар жауабын суреттерден табады.
Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды кісіні.
Жазда сұрғылт,
Қыста аппақ.
Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып,
Емге шипа бұл дағы.
Қайда болсын баратын,
Мінсең — ұшқыр қанатың.
Көзін жұмады,
Көзін ашады.
Сыбысын білдірмей,
Ақырын басады.
Адамға серік,
Күзетке берік.
9) Қорытынды пікірталас
Жабайы аңдар да, үй жануарлары да төлін дүниеге әкеледі, сүтпен қоректендіреді және есейгенше қорғайды.
Қайсысының өмірі жеңілірек деп ойлайсың? Әлде бәрінікі бірдей ме?
10) Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқу.
- Үй жануарлары мен жабайы аңдарды салыстыру (ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазу).