Оқушыларға Сайын Мұратбековтың шығармасымен таныстыру

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Пән мұғалімі

Машенова Гульмира Кайырбековна

Пән

Қазақ әдебиеті

Сынып

7-сынып

Сабақтың тақырыбы

С. Мұратбеков — «Жусан иісі» әңгімесі

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды Сайын Мұратбековтің шығармашылығымен таныстыру.
  • Әңгіменің мазмұнын, идеясын және көркемдік ерекшелігін ашу.
  • Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту, мәтінді талдауға және өздігінен ізденуге бағыттау.

Күтілетін нәтижелер

Білім

С. Мұратбеков туралы мағлұмат алады, қазақ халқының соғыс жылдарындағы еңбегі мен үлесін түсінеді.

Түсіну және талдау

Аян бейнесін тұлға ретінде танып, әңгіменің композициясын және негізгі идеялық өзегін талдайды.

Дағды

Сыни ойлауға дағдыланып, топта және жеке жұмыс арқылы дәлелді пікір айтуға үйренеді.

Әдіс-тәсілдер

СТО (сын тұрғысынан ойлау) Диалогтік оқыту Топтық жұмыс Жеке жұмыс

Сабақтың барысы

Төмендегі құрылым сабақ кезеңдерін, уақыт мөлшерін, мұғалім мен оқушы әрекеттерін жүйелейді.

Ұйымдастыру

3 минут

Мұғалімнің әрекеті

  • Сәлемдесіп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
  • Бағалау критерийлерімен таныстырады.
  • Оқушыларды жасырын қағаздар арқылы 3 топқа бөледі: «Ақындар», «Жазушылар», «Тарихи тұлғалар».

Оқушының әрекеті

  • Қажетті құрал-жабдықтарын дайындап, сабаққа кіріседі.
  • Топтарға бөлініп, жұмысқа дайындалады.

Білім (Ой қозғау)

10 минут

Сұрақтар

  1. 1. Әңгімеден ауыл тіршілігі мен соғыс зардаптары туралы не айтасыңдар?
  2. 2. Әңгімеде Аян қалай суреттеледі?
  3. 3. Ауыл балалары кімнен, қалай сабақ алады?
  4. 4. Шығарманың «Жусан иісі» деп аталу себебін түсіндіріңдер. Аян үшін жусан иісі нені білдіреді?
  5. 5. Аянның ертегілері қалай басталатын еді?
  6. 6. Аянның прототипі кім?

Композициялық талдау

  • Шығарманың басталуы
  • Дамуы
  • Шиеленісуі, шарықтау шегі
  • Шешімі
Оқушылар сұрақтарға жеке және топпен жауап беріп, тұжырым жасап, мәтіннен дәлел келтіреді. Композицияны бір-бір сөйлеммен түйіндейді.

Түсіну

8 минут

Сызықтық диктант

Берілген тұжырымдардың дұрыстығын анықтайды (дұрыс/бұрыс).

  1. 1. С. Мұратбековтің тұңғыш әңгімелер жинағы — «Жабайы алма».
  2. 2. «Жусан иісі» жинағы грузин, армян, литва тілдерінде кітап болып шықты.
  3. 3. Аян әжесі екеуі ауылға 1943 жылы көшіп келді.
  4. 4. Аян шығармада кекілі бар, мұнтаздай бала ретінде суреттеледі.
  5. 5. Ертегілері «Ертеде бір жетім бала болыпты…» деп басталатын.
  6. 6. Ауыл Ешкіөлмес деген кішкене таудың етегінде орналасқан.

«Бестармақ» әдісі

Ойды жинақтап, түсінікті нақты сөздермен беруге көмектеседі. Оқушылар ой қорытындылау үшін 11 сөзді қолданады.

1-топ

Бала бейнесі бойынша бестармақ құрастыру.

2-топ

Ауыл бейнесі бойынша бестармақ құрастыру.

3-топ

Жусан бейнесі бойынша бестармақ құрастыру.

Үлгі (2-топ):

Ауыл көркем, сұлу. Көркейеді, гүлденеді, өзгереді. Ауылдың табиғаты көркейіп келеді. Тұрғын жер.

Сергіту сәті

2 минут

«Қамажай» әніне қосылып, би қимылдарын орындау.

Қолдану

7 минут

«Қандай болады? Неге? Дәлелдеңіз»

Оқушылар жауаптарын қысқаша негіздеп, мәтіннен дәлел келтіреді.

Тест тапсырмасы

  1. 1. «Жусан иісі» шығармасының оқиғасы қай кезді бейнелейді?
    а) соғыс кезіндегі ауыл тіршілігі ә) бейбіт өмір тіршілігі б) соғыстан кейінгі кезең
  2. 2. «Кекілің қара-ау, өзіңнің жаман хәліңе қарамай…» — кімнің сөзі?
    а) Садық ә) Есікбай б) Аян
  3. 3. Бірінші сыныпқа қай жас аралығындағы балалар қабылданды?
    а) 7–8 ә) 7–9 б) 7–10
  4. 4. Жусан қай жерде көп өсетін еді?
    а) Жусандытөбе ә) Ешкіөлмес б) Алатау
  5. 5. «Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол…» — кімнің сөзі?
    а) Бапай шал ә) Кемпір б) Арба айдаушы жігіт

«Тұлғаны танып-біл» тапсырмасы

Оқушыларға А. Құнанбаев, М. Әуезов, С. Мұратбеков суреттері беріледі. Әр топ тұлғаның:

  • аты-жөнін;
  • тарихтағы рөлін;
  • қызмет еткен кезеңін;
  • жазған шығармаларын
Топ ішінде талқылап, бір спикер қорғайды.

Талдау (Ой толғаныс)

8 минут

Жусан туралы талдау

Шығармада ерекше мән берілетін жусан шөбін топтар келесі қырынан сипаттайды:

  • I топ: жусанның қандай өсімдік екені
  • II топ: құрамы
  • III топ: өмірде қолданылуы

Постер жасау

«Аянды келешекте қандай қырынан көргілерің келеді? Болашақ өмірін қалай елестетесіңдер?» сұрағы бойынша топта талқылап, постер дайындайды.

Әр топтың спикері постерді қорғайды.

Жинақтау (Кері байланыс)

3 минут

«Бағдаршам» әдісі

  • Жасыл: өте жақсы
  • Сары: жақсы
  • Қызыл: орташа

Топтар бір-бірін түстер арқылы бағалайды.

«Білім ағашы» рефлексиясы

Оқушыларға стикерлер таратылып, бүгінгі сабақтан алған әсері мен қорытынды ойын жазып, «Білім ағашына» жапсырады.

Бағалау

2 минут

Бағалау форматы

  • Оқушылар топтық және жеке жұмысы бойынша бағаланады.
  • Мұғалімнің бағалауы және топ басшыларының бағалауы ескеріледі.
  • Оқушылар бағасын күнделікке қойдырады.

Мұғалім бағалауы (үлгі)

  1. 1) Замира
  2. 2) Бибігүл
  3. 3) Дания

Үй тапсырмасы

2 минут

  • «Жусан иісі» әңгімесін толық оқу.
  • Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме жазу.

Оқушылар тапсырманы өздігінен ізденіп орындап келеді.