Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар жасау
Коучинг жоспары
Коучинг тақырыбы
Сыни ойлау — ойды шыңдау
Мақсаты
Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар жасау. Бұл модульдің мақсаты — оқушылар мен мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауды дамыту үдерісін саналы түрде қабылдап, түсінуіне жағдай жасау.
Сілтеме
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Күтілетін нәтиже
- Әріптестерде «Сыни тұрғыдан ойлау» модулі туралы түсінік қалыптасады.
- Оқу мен оқыту үдерісін жақсарту мақсатында сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін қолданады.
Қажетті ресурстар мен әдістер
Сабақта қолданылатын материалдар
- Слайд-презентация
- Үлестірме қағаздар
- Суреттер
- Түрлі түсті стикерлер
Оқыту әдістері
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Puzzle әдісі
- Болжау стратегиясы
- ЖИГСО әдісі
- Топтастыру
- Ой толғау
Дереккөздер және тапсырмалар
Дереккөздер
Интернет ресурстары
Тапсырмалар
- Топтық талдау
- Болжау
- Тапсырмаларға ат қою
- Салыстыру
- Зерттеу
Коучинг барысы
Психологиялық ахуал қалыптастыру
3 минут
Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйемін!» тренингі жүргізіледі:
- Егер сіздің досыңыз болса — көршіңіздің басын сипаңыз.
- Егер үйіңізде мысық болса — өз басыңызды сипаңыз.
- Егер иттерді жақсы көрсеңіз — көршіңізді құшақтаңыз.
- Егер құстарды жақсы көрсеңіз — қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.
- Егер мектебіңізді жақсы көрсеңіз — аяғыңызды топырлатыңыз.
- Егер Отанымызды жақсы көрсеңіздер — алақандарыңызды соғыңыздар.
Рахмет!
Ұйымдастыру кезеңі: топқа бөлу
2 минут
Puzzle әдісі арқылы үстелде тұрған төрт бөлікке бөлінген суреттердің бөліктерін құрастыру негізінде қатысушылар 3 топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту
уақыт бойынша
Әр топ өз суретіне назар аударып, ойланады. Суреттерді пайдалана отырып, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап береді. Коуч суретке байланысты сұрақтары бар парақшаларды таратады және топ әрекеттерін бақылап, қажет кезде бағыттайды.
Жеңіл және күрделі сұрақтар
- Кімді немесе нені көріп тұрсыздар?
- Олар не істеп отыр?
- Суреттің негізгі мазмұны неде?
- Осы жағдайда сіз не істер едіңіз?
Тақырыпты ашу: топтастыру әдісі
8 минут
Коучинг тақырыбын ашу үшін қатысушылар «Сыни ойлау дегеніміз не?» сұрағына жауап беріп, ұғымды топтастыру арқылы құрылымдайды.
ЖИГСО: мини-лекция және талқылау
10 минут
Қатысушылар ЖИГСО әдісімен жұмыс істеп, әр топ өз бағыты бойынша материалды меңгереді және бөліседі:
-
І топ
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету тәсілдері
-
ІІ топ
Сын тұрғысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технологиялар
-
ІІІ топ
Болжау стратегиясы
Шығармашылық тапсырма: «Аққу» тақырыбы
топтық жұмыс
Барлық топқа бірдей тапсырма беріледі: тірек сөздерді пайдаланып қысқа әңгіме құрастыру.
Сергіту сәті
2 минут
«Басқа арналған массаж» жаттығуы орындалады.
Ой толғау: суреттерді зерттеу
7 минут
Топтарға әртүрлі суреттер беріледі. Мақсат — суретті зерттеп, ондағы ой мен мағынаны ашу.
-
9 мамырға байланысты
-
Туған күнге байланысты
-
Мектепке байланысты
-
Көктем тақырыбы
Суреттерді қорғау
5 минут
Уақыт аяқталғаннан кейін әрбір топ өзіне берілген тапсырманы таныстырып, қорғайды.
Рефлексия
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектеп.
ІІ деңгей бойынша сертификатталған, І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Кисамиева Үлмекен Есқалиқызы.