Парам парей - хей

ШҚО арнайы мектеп-интернаты КММ

Жауаптылар: Қалиева Г. Қ., Жұмажанова А. А.

Іс-шара: Дене шынықтыру және спорт апталығының жабылу салтанатты жиыны

Салтанатты жиынның ашылуы

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі Дене шынықтыру мен спорт апталығының жабылу салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

Жүргізуші (орыс тілінде):

Праздник радостный и красивый,
Лучше не было и нет.
И от всех детей счастливых
В линейке нашей — привет!

Жүргізуші: Балалар, көңіл күйлерің қалай?

Оқушылар: Жақсы!

Жүргізуші: Жақсы ғана ма — өте жақсы емес пе? Әлде ұйқымызды аша алмай тұрмыз ба? Ендеше, бәріміз сергіп алайық!

Сергіту сәті: кричалка

Жүргізуші (орыс тілінде):

Все собрались? Все здоровы?
Бегать и играть готовы?
Ну тогда подтянись,
Не зевай и не ленись —
На кричалку становись!

Барлығымыз бірге:

Парам парей — хей!
Парам парей — хей!
Парам парей хей, хей, хей!

Көңіл күйіміз қандай — мынандай!
Бәрінде солай ма — иә!
Шынымен солай ма — иә!
Жарайсың, балақай — алақай, алақай, алақай!

Парам парей — хей!
Парам парей — хей!
Парам парей хей, хей, хей!

Настроенье каково — во!
Все такого мнения — да!
Все без исключенья — да!
Молодцы! — Ура! Ура! Ура!

Шығармашылық бөлім

Жүргізуші: Мың бұрала билейтін, биді жақсы көретін қыздарымыз бар! Ендеше, биші қыздарымызды ортаға шақырайық.

Нөмір:

Би

Келесі бөлім:

Сахналық көрініс: «Дене шынықтыру сабағында»

Спорт — өмірдің көркі

Өсиет сөз

Спорт — көркі өмірдің,
Спорт — досың, серігің.
Шынықсаң, шымыр боларсың,
Шынығып өсіп, толарсың.
Спортты серік ете біл —
Жақсы азамат боласың.

Жарыс рухы

Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болудың шарты — еңбектену, жалықпау. Мектеп атты қара шаңырағымызда апта бойы қызыққа, күш-жігерге толы спорттық сайыстар мен тартысты жарыстар өтті. Ендеше, марапаттау рәсіміне кезек берейік.

Марапаттау және құттықтау

  • Марапаттау рәсімі
  • Құттықтау сөз
  • Қорытынды бөлім

Қорытынды өлең

Спорт — ол шыныққан
Барлық дене мүшесі.
Спорт — ол тыныққан
Жүйке-тамыр жүйесі.
Спорт — ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Спорт — ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

Жүргізуші сөзі (орыс тілінде)

А спорт всегда, а спорт с тобой —
Поможет стать самим собой,
Забыть простуду и хандру,
Зажечь свою звезду.

Зарядка утром, бег трусцой —
Команда сильных рвется в бой.
Хоккей, футбол, боксерский ринг —
Для смелых и крутых.

Мой друг, со спортом подружись —
Он нам с тобой поможет жить:
Дружить, учиться, отдыхать,
Медали получать.

Жабылу салтанаты

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды жеңіс тұғырынан құттықтаймыз!

Музыкалық сый

Сіздер үшін «Желбіре, жеңіс жалауы» әні орындалады. Қабыл алыңыздар!

Осымен салтанатты жиынымыз өз мәресіне жетті.