Сөз тіркестері туралы білімдерін дамыту
СҚО, Тимирязев ауданы
Степной орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Гүлнара Нұрғалиевна Хамзина
4-сыныпСабақ тақырыбы
Сөз тіркесі
Бұл сабақ оқушылардың сөз тіркесі туралы білімін бекітіп, теорияны тәжірибемен ұштастыруға бағытталған.
Сабақтың мақсаттары
1) Білімділік
- Оқушылардың сөз тіркесінен алған білімдерін нығайту, жинақтау және жүйелеу.
- Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
- Оқушы білімін есепке алып, қорытынды жасау.
2) Дамытушылық
- Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.
- Шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізу.
- Сөз тіркестері туралы білімін тереңдету.
3) Тәрбиелік
- Мысалдар арқылы адалдыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
- Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу.
- Өз елін, ана тілін сүюге үйрету.
Сабақтың форматы мен ресурстары
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Іздендіру
- Шығармашылық жұмыс
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта
Семантикалық карта
Тест карточкалары
Сөзжұмбақ
Деңгейлік кеспе карточкалары
Сабақ барысы: мұғалімнің іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқыту мақсатымен таныстыру.
- Сабақтың критерийлерімен таныстыру.
- «Шаттық шеңберін» ұйымдастыру.
- Сайыстың кезеңдерімен таныстыру.
- Оқушыларды топқа бөлу.
1-тапсырма
- Оқушылар бағалау парағын алып, мазмұнымен танысады.
- «Ой қозғау» кезеңінде сұрақтарға жауап береді.
2-тапсырма: «Бойжазар»
Бұл кезеңде оқушылар берілген кестедегі сөздерге сөз тіркестерін құрастырып жазады.