Үйретеді білімге
Бүлдіршіндердің тілін дамыту
Бұл оқу іс-әрекеті балалардың өз балабақшасы туралы түсінігін кеңейтуге, әңгімелесу мен тақпақ айту арқылы тілін дамытуға және ана тіліне сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған.
Мақсаты
- Балабақша туралы түсініктерін толықтыру.
- Сұрақ-жауап, әңгімелесу арқылы сөйлеу дағдысын жетілдіру.
- Тақпақ айту арқылы тіл байлығын арттыру.
- Ана тіліне сүйіспеншілік тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар
- Сиқырлы қалам
- Суреттер
- Слайд
Әдістемелік тәсілдер
Қос тілдік компонент (билингвизм)
- Балабақша
- детский сад
- Тәрбиеші
- воспитатель
Оқу іс-әрекетінің барысы
Кіріспе бөлім
Сабақ әнұран орындатудан басталады. Одан кейін балалармен қысқа диалог жүргізіледі:
Сұрақ-жауап
- – Біз қай мемлекетте тұрамыз? – Қазақстанда тұрамыз.
- – Қазақстан мемлекетін кім басқарады? – Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.
- – Бір жылда неше мезгіл бар? – Төрт мезгіл: қыс, көктем, жаз, күз.
Жұмбақ арқылы тақырыпқа шығу (күз мезгілі)
Жұмбақ
Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалардың жауабы: Күз.
- Күн суытады, жаңбыр жауады.
- Құстар жылы жаққа ұшады.
- Жеміс-жидек пен егін пісіп, жиналады.
Күз айлары
Қыркүйек, қазан, қараша.
Күз туралы тақпақ
Сап-сары маңай,
Сап-сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Өткенді еске түсіру: «Балабақша»
Сұрақ-жауап
- – Таңертең ұйқыдан тұрған соң қайда келесіңдер? – Балабақшаға келеміз.
- – Балабақшада сендерді кімдер қарсы алады? – Тәрбиеші апайлар.
- – Балабақшада тағы кімдер жұмыс істейді? – Меңгеруші, әдіскер, дәрігер, көмекші апай, аспазшы, дене шынықтыру нұсқаушысы.
- – Біздің балабақшамыздың нөмірі қанша? – №118.
- – Балабақша қай көшеде орналасқан? – Сейфуллин көшесінде.
Сергіту сәті
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Құрастыру және тақпақтар
1-бала
Мен бақшаға барамын,
Ойнаймын, ән саламын.
Тәрбиеші әпкелер,
Досы барлық баланың.
2-бала
Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіреді біздерді.
Балабақша тағы нені үйретеді?
Үйретеді суретке.
Үйретеді білімге.
Үйретеді әдепке.
Үйретеді таза жүріп-тұруға.
Қорытынды
Бүгінгі оқу іс-әрекетінде балалар балабақша туралы әңгімеледі: балабақшада кімдер жұмыс істейтінін атап, өз балабақшасы жайлы білімдерін нақтылады және тақпақтар айтты.
Қорытынды сұрақтар
- – Бүгін не туралы сөйлестік? – Балабақша туралы.
- – Балабақшада кімдер жұмыс істейді? – Меңгеруші, әдіскер, тәрбиеші, ән жетекшісі, дәрігер, аспазшы, көмекші апайлар және т.б.
- – Біз нені құрастырдық? – «Балабақша» тақырыбын.
Ән
«Біз көңілді бүлдіршін»