Қожа - жақсы бала

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жаңақұрылыс ауылы, А. Қарсақбаев атындағы орта мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі: Турысова А.

Сабақ тақырыбы

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы

Білімділік

Қожа бейнесіне талдау жасап, оқушының өз ойын жүйелі әрі дәл жеткізуіне жағдай жасау.

Дамытушылық

Оқушыларды оқыта отырып, көркем әрі еркін сөйлеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

Үлкендерді құрметтеуге, тәртіпті болуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап, топтық тапсырмалар

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, «Бәйге» ойыны, суреттер, киноүзінді

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық, топқа бөлу.

Психологиялық дайындық мәтіні

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Оқушылар топтарға бөлініп, орындарына жайғасады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Бәйге» ойыны арқылы өткен тарауды пысықтау.

  1. 1. «Дүниеде жамандық неден?» мәтінінен үзінді айт.

  2. 2. «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңін жатқа айт.

  3. 3. «Жолда» мәтініндегі Абайдың әкесіне берген жауабын айтып бер.

  4. 4. «Бұл кім?» сұрағына жауап бер.

  5. 5. Шоқанның шын есімін ата.

  6. 6. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінен үзінді оқы.

Тарау ұлы қайраткерлердің суреттері арқылы қорытындыланады.

III. Мақсат қою кезеңі

Жаңа сабаққа бағыт беру, тақырып пен мақсатты нақтылау.

Жаңа сабаққа даярлық

Автор туралы қысқаша мәлімет беріледі.

Тақырып пен мақсат

Суреттер арқылы «Менің атым Қожа» тақырыбы хабарланып, сабақ мақсаты таныстырылады.

IV. Жаңа сабақ

Киноүзінді, оқулықпен жұмыс, топтық талдау.

Алдымен фильмнен қысқа үзінді көрсетіледі. Одан кейін топ басшылары шығып, топ атауын оқиды.

1) Оқулықпен жұмыс

Әр топтағы оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.

2) Топтық тапсырма

Оқыған бөлімге ат қою, тірек сызба арқылы көрсету және қорғай білу.

Сергіту сәті: «Кім жылдам?»

Интерактивті тақта арқылы жылдам сұрақтар.

Жылдам жауап
  1. 1. «Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты». Бұл кім?

  2. 2. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу; сабақ үстінде сыбырлап, сыпсыңдағыш. (Жантас)

  3. 3. «Мүмкін, орныңа барып айтатын шығарсың?» (Анфиса Михайловна)

  4. 4. Жанардың жаттаудан алған бағасының орысша атауы қандай? (Пять)

Пікірталас: Қожа қандай бала?

Қожа — жақсы бала

Оқушылар Қожаның жақсы қасиеттерін дәлелдермен айтады.

Қожа — тентек бала

Оқушылар Қожаның қателіктерін талдап, себеп-салдарын түсіндіреді.

V. Түсінгендерін тексеру

Топтық жұмыстар арқылы мазмұнды тереңдету.

1-топ

Қожа мен Жантастың бейнесін салыстырып сипаттау.

2-топ

Әңгімеден ұнаған тұсты таңдап, Қожаның ішкі ойын мәнерлеп оқу.

3-топ

«Қожаның басындағыдай оқиға өзіңде болды ма?» — болса, қысқаша әңгімелеп жазу.

VI. Сабақты қорытындылау

Мұғалімнің қорытынды сөзі және негізгі ой.

«Менің атым Қожа» повесі қарапайымдылығымен және нанымдылығымен құнды. Автор «өтірік ештеңе қоспаймын» деп уәде беріп, сол уәдесінде тұрады: бұл шығармада жазушы балаларға бала болып тіл қатады, сырын ашады. Қожаның тентектігі де кездейсоқ емес — ол белгілі бір ішкі логикадан, мінез бен орта әсерінен туындайды. Шығарма адам жанын түсіне бермейтін шолақ белсенділерді, екіжүзділікті сынға алады.

Осы повесть бойынша түсірілген фильмді 28 елдің бүлдіршіндері тамашалаған. Бұл — қазақ әдебиеті мен кино өнері үшін үлкен жетістік.