Балама тест

Сабақтың тақырыбы

Қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты

Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың дыбыс, сөз, сөйлем туралы білімдерін тиянақтау; ауызекі сөйлеу мәдениетін, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар жыл бойы алған білімдерін жүйелейді, өзін-өзі тексереді, бірлескен топтық жұмыстардағы белсенділігі артады.

Көрнекі құралдар

  • Оқулық
  • Үлестірме қағаздар
  • Флипчарт, маркер
  • Интерактивті тақта

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелесу
  • Тест сұрақтары
  • Балама тест

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық. Амандасу рәсімі:

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

II. Топқа бөліну

ДЖИКСО-1 әдісі арқылы оқушылар 1, 2, 3 нөмірлері бойынша үш топқа бөлінеді.

III. Мақсат қою

Сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижелер нақты айқындалып, оқушылармен бірге талқыланады.

IV. Еске түсіру

Оқушылар фонетика және лексика бойынша негізгі ережелерді еске түсіріп, жазады. Ереже қоры 44 сөзден тұруы тиіс.

V. Тест құрастыру

Үш топ дыбыс, сөз, сөйлем тақырыптары бойынша әрқайсысы 4 жауап нұсқасынан тұратын 10 сұрақ дайындайды:

I топ

Дыбыс

II топ

Сөз

III топ

Сөйлем

Дыбыс тақырыбына арналған тест

  1. 1. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар?

    • а) 37
    • ә) 42
    • б) 40
    • в) 36
  2. 2. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар саны қанша?

    • а) 42
    • ә) 25
    • б) 26
    • в) 30
  3. 3. Ұяң дауыссыздарды белгіле.

    • а) д, ж, н, ң
    • ә) қ, к, ғ, г
    • б) л, м, б, в
    • в) ж, з, б, в
  4. 4. У дыбысының дауыссыз түрі кездесетін сөзді белгіле.

    • а) журнал
    • ә) қоңырау
    • б) қуыршақ
    • в) бару
  5. 5. Дауыссыз дыбыс түрлерін белгіле.

    • а) дауыссыз, қатаң
    • ә) қатаң, дауысты
    • б) ұяң, үнді, дауысты
    • в) қатаң, ұяң, үнді
  6. 6. В — қандай дыбыс?

    • а) дауыссыз, ұяң
    • ә) дауыссыз, үнді
    • б) дауыссыз, қатаң
    • в) дауысты, ашық
  7. 7. Нүкте орнына тиісті әріпті белгіле. Биыл б... да... биік шықты.

    • а) й, и
    • ә) ы, и
    • б) а, й
    • в) и, й
  8. 8. Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбыстан құралған сөзді тап.

    • а) торғай
    • ә) баға
    • б) қазан
    • в) теңіз
  9. 9. Ы — қандай дыбыс?

    • а) жуан дауысты дыбыс
    • ә) үнді дауыссыз дыбыс
    • б) ұяң дауыссыз дыбыс
    • в) жіңішке дауысты дыбыс
  10. 10. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгіле.

    • а) ө, о, э, в, к, с, һ
    • ә) м, н, ң, к, ч, ф, ұ
    • б) ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ
    • в) ж, з, қ, л, м, н, о

Сөз тақырыбына арналған тест

  1. 1. Сөз тіркесі дегеніміз не?

    • а) Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер
    • ә) қосымша
    • б) жалғау
    • в) Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланыспайтын сөздер
  2. 2. Қыстырма сөз дегеніміз не?

    • а) Сөйлем мүшесі болмайтын, бірақ сөйлемде айтылған ойға қатысты түрлі көзқарасты білдіретін сөз
    • ә) сөйлем мүшесі
    • б) тұрлаулы мүше
    • в) сөйлемде бір сұраққа жауап беретін сөз
  3. 3. Қыстырма сөзді тап.

    • а) кеше, бүгін
    • ә) айтпақшы, әйтеуір
    • б) дара, күрделі
    • в) терезе, есік
  4. 4. Күрделі сөз дегеніміз не?

    • а) Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөз
    • ә) бір түбірден жасалған сөз
    • б) сын есім
    • в) сұраулы сөйлем
  5. 5. Сөйлемнен күрделі сөзді тап.

    • а) көшенің шамы жанып тұр
    • ә) мектепте ата-ана жиналысы болды
    • б) түн мөлшерін біле алмады
    • в) мен шошып кеттім
  6. 6. Біріккен сөзді тап.

    • а) темір
    • ә) алма
    • б) ақсақал
    • в) ағаш
  7. 7. Қос сөз дегеніміз не?

    • а) Екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған сөз
    • ә) бір түбірден жасалған сөз
    • б) сөйлем мүшесі болмайтын сөз
    • в) жай сөйлем
  8. 8. Қысқарған сөз дегеніміз не?

    • а) бір сөздің қайталануынан жасалған сөз
    • ә) бірнеше сөзден тұратын атаулардың қысқартылмай айтылуы
    • б) бірнеше сөзден тұратын атаулардың қысқартылып айтылуы
    • в) қосымшадан жасалған зат есім
  9. 9. Мағынасы жуық сөздерді тап.

    • а) қырық түрлі
    • ә) өжет, батыл
    • б) бейнет, қар
    • в) ұзын-қысқа
  10. 10. Қарсы мәндес сөзді тап.

    • а) бойшаң-ұзын
    • ә) қалың-жұқа
    • б) жаз-жазба
    • в) жақсылық-қуаныш

Сөйлем тақырыбына арналған тест

  1. 1. Сызықша қойылатын сөйлемді анықта.

    • а) Дос жылатып айтады
    • ә) Қобыз — қазақ халқының музыка аспабы
    • б) Баталы құл арымас
    • в) Еңбек етсең емерсің
  2. 2. Жалаң сөйлемді тап.

    • а) Ар алтынмен өлшенбейді
    • ә) Шық түсті
    • б) Аңшы қақпан құрды
    • в) Құсбегі бүркіт салды
  3. 3. Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем қалай аталады?

    • а) жалаң сөйлем
    • ә) жайылма сөйлем
    • б) құрмалас сөйлем
    • в) жай сөйлем
  4. 4. Сызбаға сәйкес сөйлемді тап.

    • а) Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы.
    • ә) Аспанды бұлт қаптады да, кеш ерте түсті.
    • б) Балалар далада ойнады.
    • в) Қар жауды.
  5. 5. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беретін толық мағыналы сөздерді қалай атаймыз?

    • а) тұрлаусыз мүше
    • ә) сөйлем мүшелері
    • б) бастауыш
    • в) баяндауыш
  6. 6. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?

    • а) 1
    • ә) 2
    • б) 3
    • в) 4
  7. 7. Қысқарған сөзі бар сөйлемді тап.

    • а) Әуежайға ТУ-134 ұшағы келіп қонды.
    • ә) Ол бірнеше газет-журналға жазылды.
    • б) Гауһар шанасын сүйреп сыртқа шықты.
    • в) Дала суық сияқты.
  8. 8. Сөйлем тіл білімінің қай тарауында қарастырылады?

    • а) Фонетика
    • ә) Лексика
    • б) Морфология
    • в) Синтаксис
  9. 9. Тыныс белгісі қай сөйлемде дұрыс қойылмаған?

    • а) – Неге келмедің? – деді.
    • ә) – Ал, сен не қылып тұрсың, түс!
    • б) – Қап, әттеген-ай!
    • в) – Мынау аз ғой, тағы қоссаңшы!
  10. 10. Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелері қалай аталады?

    • а) бірыңғай мүшелер
    • ә) қыстырма сөздер
    • б) біріккен сөздер
    • в) қос сөздер

Сұрақтар дайын болғаннан кейін әр топ бір-бірінің жұмыстарын алмастырып, өзара тексеру жүргізеді.

VI. Балама тест

Үш топқа «иә/жоқ» форматындағы балама тест жүргізіледі. Нәтижелер топ бойынша бағаланады.

Тұжырым Жауап
1 Дауысты дыбыстың саны – 12 Иә
2 Дауысты дыбыс өкпеден еш кедергісіз шығады Иә
3 Дауыссыз дыбыстар 4-ке бөлінеді Жоқ
4 Дыбыс – сөздің ең кіші бөлшегі Иә
5 Лексика – тіл дыбыстарын зерттейтін сала Иә
6 Сөздегі дыбыс өзгерсе, сөз мағынасы да өзгереді Иә
7 Сөз мағынасына жұрнақ пен жалғау жатады Жоқ
8 Сөздер сөйлемдерден құралады Жоқ
9 Сөйлем айтылуына қарай 3-ке бөлінеді Иә
10 Нүкте – лепті сөйлемнің тыныс белгісі Жоқ
11 Жалаң сөйлем бастауыш, баяндауыш және тұрлаусыз мүшелерден құралады Жоқ
12 Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасала береді Иә

VII. Бағалау

Жиынтық бағалау жүргізіледі (топтық жұмыс нәтижесі, тест қорытындысы, белсенділік).

VIII. Рефлексия

«Жеміс ағашы» ойыны

Сабақ соңында оқушылар өз әсерін және ұсынысын алма және лимон жемістері арқылы білдіреді.

Бағалау өлшемі

  • Алма — сабақ ұнады, түсіндім, тапсырмалар сәтті орындалды.
  • Лимон — сұрақтар бар, қосымша түсіндіру немесе қайталау қажет.