Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба

Атырау қаласы №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қосымбаева Қатира Жауынқызы

Пәні: Қазақ тілі · Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы

Баяндауыш. Баяндауыш болатын сөз таптары

Жалпы мақсат

Оқушылар сөйлем мүшелері туралы түсінігін кеңейтеді. Баяндауышпен танысып, баяндауыш болатын сөз таптарын ажыратады.

Оқу нәтижесі

Сабақ оқушыларды оқуға жауапкершілікпен қарауға, қалыптан тыс ойлау тәсілдерін қолдануға және тақырыпты терең түсінуге ынталандырады.

Сілтеме

Қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық: С. Аманжолов, А. Аманжолов, Г. Қосымова. «Мектеп», 2004.

Түйінді идея

Оқушының бір нәрсені қалай түсіндіретінін және қалай бағалайтынын тыңдаңыз — араласпаңыз. Бұл кейде сізге ауыр тиюі мүмкін, бірақ дәл осы сәт сіз үшін құнды: оқушылардың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: «Бүгінгі оқыту, практикалық нұсқау» (1998)

Сабақта қолданылатын материалдар

  • А4 парақтары
  • Парақшалар
  • Тақырыптық презентациялық жазбалар
  • Үлестірме парақтар

Оқыту әдістері

  1. 1 Топтық жұмыс
  2. 2 Жеке жұмыс

Сабақ барысы

Тапсырмалар · Мұғалім әрекеті · Жетелеуші сұрақтар

Психологиялық ахуал қалыптастыру

2 минут

Парақшадағы сөздерді құрастыра отырып, оқушыларды топқа бөлу ұсынылады.

1-топ

Кел, балалар, оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық.

2-топ

Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба.

3-топ

Білім — таусылмайтын кен, ақыл — сарқылмайтын бұлақ.

I тапсырма: Ой шақыру

5 минут
  • Адамдар бір-бірімен не арқылы түсініседі?
  • Тиянақталған ой не арқылы жүзеге асады?
  • Сөйлем дегеніміз не?
  • Сөйлем құрылымына қарай нешеге бөлінеді?
  • Сөйлем мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
  • Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
  • Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
  • Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
  • Лепті сөйлем дегеніміз не?
  • Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
  • Дара мүше, күрделі мүше, үйірлі мүше дегеніміз не?
  • Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
  • Бастауыш дегеніміз не?

II тапсырма: Ойлан, жұптас, пікірлес

Топтық жұмыс

Оқушылар топтарға бөлініп, берілген тақырыппен танысады. Қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алады және жинаған ақпаратты тірек сөздер арқылы түсіндіреді.

I топ

Анықтама және құрылым
  • Баяндауыш — сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі.
  • Баяндауыш бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін және оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.
  • Сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтайды. Кейде бастауыш айтылмаса да, баяндауыш бар жерде бастауыш мәні сақталады.
  • Құрылысына қарай дара, күрделі, үйірлі болып жіктеледі.

II топ

Тұлғалық ерекшелік
  • Баяндауыш — сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі.
  • Баяндауыш бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін және оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.
  • Баяндауыш болатын сөздер көбіне жіктік жалғауда, кейде атау тұлғада, тәуелдік немесе септік тұлғада тұрады.
  • Сөйлемде етістік, сын есім, зат есім баяндауыш бола алады.

III топ

Сөз таптары
  • Баяндауыш — сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі.
  • Баяндауыш бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін және оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.
  • Сан есімдер, есімдіктер, көмекші етістік пен еліктеуіш сөздер де баяндауыш бола алады.