Сүттен жасалған ұлттық тағам

Еңбек пәні • 10-сынып

Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының тәтті тағамдары

Кез келген халықтың дастарханы сол халықтың тұрмыс салтына, әдет-ғұрпына, тіршілік тынысына қарай қалыптасады. Ғасырлар бойы көшпелі өмір салтын ұстанған қазақ халқының тағамдары да өзге жұрттан ерекшелеу: негізгі азықтары — ет пен сүт өнімдері (қымыз, сары май, құрт, ірімшік және т.б.).

Қазақтың ұлттық десерттерінің қатарына жент, талқан, балқаймақ және басқа да тәтті тағамдар жатады.

Блум таксономиясы

Блум таксономиясы 6 кезеңнен тұрады: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Негізгі мақсаты — оқушыны дамыта отырып білім беру. Оқыту үдерісі қарапайымнан күрделіге қарай бағытталады.

Тапсырмалар жүйесі (6 кезең)

1) Білу

Нормативтік бағалау

Сұрақтар

  • Тәтті тағамдар неден жасалады?
  • Тәтті тағамдардың дайындалу технологиясын білесің бе?
  • Қандай тәтті тағам түрлерін білесіңдер?

Мұғалімнің іс-әрекеті

Жаңа сабаққа қатысты бағыттаушы сұрақтар қояды.

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақтарға жауап береді, жеке және диалогтік жұмысты орындайды.

Нәтиже

Қызығушылық оянады, ойлау белсенділігі артады.

Ұйымдастыру түрі

Жеке жұмыс, диалогтік жұмыс.

2) Түсіну

Формативтік бағалау

Сұрақтар

  • Жент дегеніміз не?
  • Талқан дегеніміз не?
  • Балқаймақ дегеніміз не?

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың жауаптарын тыңдайды, бақылау жасап, толықтырып түсіндіреді.

Оқушының іс-әрекеті

Ізденеді, түсінеді, өз түсінігін дәлелдеп түсіндіреді.

Нәтиже

Танымдық белсенділік дамиды.

Ұйымдастыру түрі

Оқушылардың диалогі, әңгіме.

3) Қолдану

Формативтік бағалау

Тапсырма

Берілген өнімдерден талқан жасап үйрену.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Бақылайды, қадағалайды, жұмыс барысына бағыт беріп отырады.

Оқушының іс-әрекеті

Берілген нұсқаулық бойынша жұмыс жасайды, топпен бірге орындайды.

Нәтиже

Ынтымақтастық арқылы нәтижеге жетеді.

Ұйымдастыру түрі

Бірлескен жұмыс.

4) Талдау

Формативтік бағалау

Сәйкестендіру және талдау тапсырмасы

Берілген сипаттамалар бойынша ұлттық тағамның атауын анықтап, жауабыңызды негіздеңіз.

1) Айран

Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке аздап су қосып ұйытылады. Жеңіл әрі сусындық тағам.

2) Қуырдақ

Кез келген малдың етінен жасалады, өкпе-бауыр қосып дайындалады. Түрлері көп: соғым қуырдағы, өкпе-бауыр қуырдағы, қарын қуырдағы.

3) Бауырсақ

Шай дастарханының басты асы. Жоғары сапалы ұнға май мен ашытқы қосып жасалады. Пішіні әртүрлі: үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша, домалақ. Түрлері көп (бармақ, жол, ақ, той және т.б.).

4) Құрт

Сүттен жасалатын ұлттық тағам. Пісіріліп майы алынған айранды қайнатып, кенеп дорбада сүзіп, тұздап, өреде кептіріп сақтайды.

5) Жент

Аса кәделі дастарқанға лайық тәтті дәм. Қыста қатпайды, жазда бұзылмайды. Құрамына құмшекер, ұнтақталған ірімшік (құрғақ ірімшік), кейде мейіз сияқты қосымшалар араластырылып жасалады.

6) Шұжық

Жылқы етінен дайындалатын деликатес. Салқындатылған жылқы етінен және майынан әзірленеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың жауап беру барысын бақылайды, талдауды дұрыс жүргізуге бағыттайды.

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақтарға жауап береді, ойланады, ізденеді; өз ойын дәлелдеп, тапсырманы орындайды.

Нәтиже

Логикалық ойлау қабілеті артады.

Ұйымдастыру түрі

Сұрақ-жауап, талқылау.

5) Жинақтау

Өзара бағалау

Тапсырма

«Қазақ халқының десерттік тәтті тағамдары» тақырыбында эссе жазу.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Эссе тақырыбын ұсынады, сабақты қорытындылауға бағыт береді.

Оқушының іс-әрекеті

Жаңа сабақ бойынша ойын қорытындылап, эссе жазады.

Нәтиже

Шығармашылық қабілет дамиды, өз ойын қорытындылай білу дағдысы қалыптасады.

Ұйымдастыру түрі

Жеке жұмыс.

6) Бағалау

Өзін-өзі және бірлескен бағалау

Рефлексия сұрақтары

  • Сабақтан не алдым?
  • Тағы не білгім келеді?
  • Менің сұрағым қандай?

Оқушының іс-әрекеті

Өзін-өзі бағалайды, жұпта немесе топта бірін-бірі бағалайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Қорытынды жасап, оқушылардың жұмысын бағалайды.

Қысқаша қорытынды

Бұл сабақта қазақ халқының тәтті тағамдары арқылы ұлттық ас дәстүрі таныстырылып, Блум таксономиясының кезеңдері бойынша білімді меңгерту, тәжірибеде қолдану, талдау және рефлексия жасау жүйелі түрде ұйымдастырылады.