Сабақтың көрнекілігі Қысқаша көбейту формулалары

Сабақтың тақырыбы

Көпмүше әлеміне саяхат

Көрнекілігі

Қысқаша көбейту формулалары; плакат; таратпа материал; тест.

Сабақтың түрі

Қайталау есептері.

Әдіс-тәсілдері

Есеп шығару, сұрақ-жауап.

Оқу мақсаты

«Жасыл ел» бағдарламасының идеясын негізге ала отырып, көпмүше әлеміне саяхат жасау; көпмүше ережелерін қолданып есеп шығару; амалдарды дұрыс қолдана білу.

Тәрбиелік мақсат

Отансүйгіштікке, елжандылыққа, патриотизмге және туған жерді сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

  1. 1

    Үй тапсырмасын тексеру

    Өткен тақырып бойынша негізгі формулалар мен амалдарды қайталау.

  2. 2

    Сынып жұмысы

    Көпмүшелерді ықшамдау, стандарт түрге келтіру, көбейту және жақшаларды ашу.

  3. 3

    Таратпамен жұмыс

    Қысқаша көбейту формулаларын қолдану арқылы есептер шығару.

  4. 4

    Тест жұмысы

    Формулаларды меңгеру деңгейін тексеру.

  5. 5

    Математикалық ойын: «Кім тапқыр?»

    Жылдам ойлау және дәл есептеу дағдысын дамыту.

  6. 6

    Үйге тапсырма

    Жіберілген қателерді талдап, ұқсас есептер арқылы бекіту.

Тапсырмалар топтамасы

Төмендегі тапсырмалар сабақтың қайталау мазмұнына сай берілген. Әр бөлімде көпмүшелермен амалдар орындау, өрнекті ықшамдау және стандарт түрге келтіру дағдылары бекітіледі.

Жасұлан — «Он ата»

Шартты орындасаңдар, «жеті ата» емес, «он ата» айтамын.

1-есеп (мәнін табыңдар, мұнда x = 3)

-2x(x² - x + 3) + x(2x² + x - 5)

2-есеп (мәнін табыңдар, мұнда a = 4, b = 3)

5a(a - 4b) - 4b(b - 5a)

Димаш — «Үш мақсат»

Көпмүшені стандарт түрге келтіріңдер.

4p² - 8p² + 3p² + 12p - 8p

17a - 6a² + a³ + 3a² - 12a

Ерсұлтан — «Үш арсыз»

Стандарт түрге келтіріп, өрнекті ықшамдаңдар.

1-тапсырма

(a² - 2a) + (1 + 3a)

2-тапсырма

(5y - 2y²) + (y²)

3-тапсырма (ықшамдаңдар)

8x² + (4.5 - x²) - (5.4x²)

4-тапсырма (ықшамдаңдар)

18x² - (10x - 5 + 18x²)

Алтынай — «Жеті байлық»

Қысқаша көбейту формулаларын жақсы меңгерсек, тест жұмысын орындаймыз.

Тест сұрақтары қысқаша көбейту формулаларына, жақшаларды ашуға және көпмүшені ықшамдауға бағытталады.

«Теңізге саяхат» тапсырмасы

«Жасыл ел» болу үшін ең негізгі ресурс — су.

Денсаулыққа пайдалы әрекет ретінде ұл балалар балық аулайды, қыздар отын жинап, қуырып береді. Төмендегі есептерді дәптерге орындаңдар.

1-есеп (ықшамдаңдар)

4x² - 6x + 7x² - 8x + 6x²

2-есеп (ықшамдаңдар)

14ab - b² - 6ab + 4a²b + 3b

«Үйімізге қонақ келді» — Салтанат

Алма ағашынан алма тереміз: көбейтуді орындаңдар, жақшаларды ашыңдар.

Көбейтуді орындаңдар

(-5a³ - a² + a) · (-3a²)

3x² · (5x² - 3x - 2)

Жақшаларды ашыңдар

-4m²(-4m² + 6m - 7)

(4a² + 12b) · (-5b³)

Көбейтуді орындаңдар (көбейту формаларына сүйеніңдер)

(a + b) · (c + a)

(p + g) · (p + d)

(a - b) · (c - d)

(x + 2) · (x + 3)

Көбейтуді орындаңдар

(a + b) · (a + 2)

(x + 3) · (y - 1)

(6a - 15) · (2a + 1)

(x + 6) · (x + 5)

Қорытынды

Оқушылардың есеп шығару жолдарын дұрыс қолдануын қадағалап, бағалау кезінде «кубизм» әдісі бойынша сұрақтар қоямын. Жіберілген қателерді оқушылардың өздеріне тексертіп, түзету жұмыстарын ұйымдастырамын.