Оқушыларды топ ережесімен таныстыру

Сабақтың тақырыбы: Бір өлшемді массивтер

Мақсаты

  • Бір өлшемді массив ұғымын қалыптастыру.
  • Массив элементін енгізу және сипаттау тәсілдерін түсіндіру.
  • Бағдарлама жазу дағдысын дамыту.

Күтілетін нәтиже

  • Бір өлшемді массивтің мәнін түсінеді.
  • Элемент типтерін сипаттай алады.
  • Бағдарлама құрастыру дағдысы нығаяды.

Әдіс-тәсілдер

  • Диалогтік оқыту
  • СТО стратегиялары
  • Шығармашылық және топтық жұмыс
  • АКТ қолдану, рефлексия, бағалау

Сілтеме

Диалог түрінде оқыту (Александер, 2008). Мұғалімге арналған нұсқаулық, 12-бет.

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім әрекеті

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сабаққа дайындықты тексеру.
  • Топ ережесімен таныстыру және нақтылау.
  • Бағалау критерийлерін таныстырып, тақтаға ілу.
  • Ережені сақтамаған топқа жетон берілетінін алдын ала ескерту.
  • Оқушылардың көңіл күйін бақылау және сергіту жаттығуын ұйымдастыру.

Оқушы әрекеті

  • Мұғаліммен амандасады.
  • Топ ережесімен келісетінін немесе келіспейтінін айтады.
  • Бағалау критерийлерімен танысып, өзін-өзі реттей бастайды.
  • Топ ережесіне бағынуға ұмтылады.

Топ ережесін нақтылау

  1. 1.Топ басшысы ұйымдастырушы болуы және логикасы дамыған болуы керек.
  2. 2.Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін.
  3. 3.Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
  4. 4.Бірлігіміз мықты болса, алынбайтын қамал жоқ.
  5. 5.Бір құмалақ бір қарын майды бүлдірмесін.
  6. 6.Қарсыласыңды сыйлай біл.
  7. 7.Өзіңе деген сенімің берік болсын.
  8. 8.Әрқашан біргеміз — берік болсын іргеміз.

Қайталау: үй тапсырмасын тексеру

«Қайталау — оқу анасы» қағидасына сүйене отырып, үй тапсырмасын тексеру үшін түрткі сұрақтар қойылады.

Түрткі сұрақтар

  • Массив дегеніміз не?
  • Элемент типі деген не? Түсіндіріп, мысал келтір.
  • Сипаттау бөлімі дегеніміз не? Түсінік бер.

Бағалау

Тақтада ілінген бағалау критерийлері бойынша жауап берген оқушының тұсына бір жұлдызша қойылады.

Жауап бермеген оқушылар критерийлерге қарап, өз жұмыстарын реттеуге мүмкіндік алады.

Жаңа тақырыпты тану

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар «Шаттық шеңберіне» тұрып, екі топ бір-біріне сәттілік тілейді. Бұл қадам сабақ басында сенімді байланыс орнатуға көмектеседі.

Бағдарлама құрылымы және операторлар

Бағдарлама құрылымына қысқаша түсінік беріледі, негізгі операторлар қайталанып, еске түсіріледі.

Жетелеуші ашық сұрақтар

  1. 1.Қызметші сөздерді атаңыз.
  2. 2.Енгізу операторы қандай?
  3. 3.Қайталау операторы қандай?

Түсіну кезеңі

Мұғалім әрекеті

Қарапайым бағдарлама жазудың үлгісі көрсетіледі. Әр оператордың жазылу ерекшелігі мен логикасы түсіндіріледі.

Оқушы әрекеті

Оқушылар операторлардың қызметін еске сақтайды, синтаксиске назар аударады және үлгі бойынша түсінік қалыптастырады.

Қолдану кезеңі

Тапсырма: жұптық жұмыс

Компьютерде тәжірибелік тапсырма орындалады: талданған есепті теру, қателермен жұмыс жасау және нәтижені алу.

  • Есепті кодқа айналдыру.
  • Қателерді табу және түзету.
  • Нәтижені шығарып, қорытынды жасау.

Оқушы әрекеті

Оқушылар тәжірибелік жұмысты орындайды, бір-бірінің жіберген қатесін түсіндіріп, түзетеді.

Талдау кезеңі

Бүгінгі материалдың меңгерілу деңгейін бақылау үшін сынып үш топқа бөлінеді.

1-топ: «Операторлар»

Операторларға түсінік береді және мысалмен дәлелдейді.

2-топ: «Информатик»

Бағдарлама құрылымын түсіндіреді: бөлімдер, логика, байланыс.

3-топ: «Бағдарламашы»

Нәтижені қалай алуға болатынын түсіндіреді (іске қосу, тексеру, шығару).

Оқушы әрекеті

Әр топ өз тапсырмасын таныстырып, ой толғаныс жасап, қорытынды ұсынады.

Бағалау кезеңі

Бағалау өлшемдері

  • Топ ережесін сақтауы.
  • Өткен материалмен байланыстыруы.
  • Жаңа тақырыпты меңгеруі және түсінуі.
  • Тапсырмаларды орындау сапасы.
  • Сабақтағы белсенділігі.

«Нені? Қалай?» фокусы

Бағалау барысында оқушының не үйренгені және оны қалай қолдана алғаны назарға алынады.

Критерийлер мен дескрипторлар оқушыға өз нәтижесін түсінуге және келесі қадамдарын нақтылауға көмектеседі.

Рефлексия: кері байланыс

Оқушыларға сауалнама таратылады. Мұғалім сауалнаманы келесі күні жинап алатынын алдын ала ескертеді.

Сауалнама сұрақтары

  1. 1.Осындай топтық жұмыс ұнады ма?
  2. 2.Сізге қызықты болды ма?
  3. 3.Топта қандай рөл атқардыңыз?
  4. 4.Өз рөліңізді қалай орындадыңыз?
  5. 5.Топтық жұмыста сізге ең ұнағаны не болды?
  6. 6.Қандай қиындықтар кездесті?
  7. 7.Бағалау критерийлері мен дескрипторлар пайдалы болды ма?
  8. 8.Топпен жұмыс жасағанда рөлге бөлу қажет деп ойлайсыз ба? Неліктен?
  9. 9.Осы жұмыста өз алдыңызға қойған мақсатыңызға жеттіңіз бе?
  10. 10.Сабақ ұнады ма, әлде ұнамады ма? Неліктен?

Үй тапсырмасы

Тапсырма

Оқулықтағы бақылау сұрақтарына жауап жазып келу.