Сұрақты соңына дейін тыңдамап, кейін жауап беру

Интеллектуалдық сайыс: «Архимедтің ізбасарлары»

Мақсаты

  • Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, математикалық ойлауын, шығармашылық белсенділігін дамыту; логикалық әрі қызықты есептер мен ойындар арқылы білімін тексеру және сынып көшбасшысын анықтау.
  • Пәнге деген ынтаны күшейту, сауаттылықты арттыру, есептеу дағдыларын жетілдіру, алған білімді тереңдету.
  • Адамгершілікке, әсемдікті бағалауға, еңбекқорлыққа, бір-бірін сыйлауға және әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта Плакаттар

Барысы

Жүргізуші: «Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Математика жанкүйерлері! Адамзат тарихының қай кезеңінде де ғұламалар ғылым мен білімге ерекше мән берген. Білім — жүйелі еңбектің, үздіксіз үйренудің және оқығанды зердеге тоқудың нәтижесі. Бүгін біз математиканың қыр-сырына үңіліп, көңілді демалып, біліміміз бен тапқырлығымызды сынау үшін жиналдық».

Құрметті қонақтар! Сіздерді 1 «Ә» сынып оқушылары арасында өтетін «Архимедтің ізбасарлары» атты интеллектуалдық сайысты тамашалауға шақырамыз. Әділқазылар алқасымен танысыңыздар.

Жүргізушінің шақыру сөзі:

«Математика сырлары қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға шақырамыз сіздерді!»

Осыдан кейін сайыскерлер алдын ала белгіленген нөмір бойынша ортаға шақырылып, өздерін таныстырады.

Сайыс құрылымы: 6 айналым

I айналым — «Бәйге»

Жылдам сұрақтар: әр оқушыға 5 сұрақ. Әр дұрыс жауапқа — 1 ұпай.

II айналым — «Көкпар»

Ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру. Дұрыс жауапқа — 5 ұпай.

III айналым — «Білімпаз»

Білімді жан-жақты тексеруге арналған тапсырмалар.

IV айналым — «Тапқырлық»

Логикалық тапсырмалар.

V айналым — «Жорға»

Тест тапсырмаларын орындау.

VI айналым — Өлең-есептер

Математикалық өлең-есептерді шешу.

I айналым — «Бәйге»

5 сұрақ 1 ұпай Жылдамдық

Әр оқушыға 5 сұрақ қойылады. Міндет — тез әрі дұрыс жауап беру. Әр дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі. Сұрақ толық қойылып болған соң жауап беріледі.

№1

  1. 5 + 2 = ?
  2. Үшбұрыштың қабырғасы қалай аталады?
  3. Сәуле дегеніміз не?
  4. Ағашта 7 торғай отыр еді. Оның 3-еуі ұшып кетті. Неше торғай қалды?
  5. 6 санының алдындағы санды ата.

№2

  1. 9 − 4 = ?
  2. 8-ден кейінгі санды ата.
  3. 2 + 5 = 7 теңдігіндегі 7 саны қалай аталады?
  4. Төртбұрыштың неше қабырғасы бар?
  5. 1 дм-де неше см бар?

№3

  1. 3 + 6 = ?
  2. 5 пен 8-дің арасындағы сандарды ата.
  3. 6 − 4 = 2 теңдігіндегі 6 саны қалай аталады?
  4. 10 см неше дм-ге тең?
  5. Бесбұрыштың неше қабырғасы бар?

№4

  1. 1 + 6 = ?
  2. Қандай фигураларды білесің?
  3. 5 санының құрамын ата.
  4. 9 − 2 = 7 теңдігіндегі 2 саны қалай аталады?
  5. Қандай бұрыштарды білесің?

№5

  1. 7 санының құрамын ата.
  2. 3 пен 6-ның арасындағы сандарды ата.
  3. 10 + 0 = ?
  4. 5 + 3 = 8 теңдігіндегі 5 саны қалай аталады?
  5. 2-ден 9-ға дейінгі сандарды өсу ретімен ата.

№6

  1. 9 санының құрамын ата.
  2. 4 + 6 = 10 теңдігіндегі 6 саны қалай аталады?
  3. 10 см мен 1 дм-нің арасына қандай таңба қойылады?
  4. 2 + 7 = ?
  5. Екі таңбалы санды ата.

№7

  1. Ең үлкен бір таңбалы санды ата.
  2. 5 + 2 = ?
  3. 8 санының құрамын ата.
  4. 5, 4, 9 сандарын пайдаланып төрт теңдік құр.
  5. Бір нүктеден тарайтын фигура қалай аталады?

№8

  1. Ең кіші бір таңбалы санды ата.
  2. 8 − 3 = ?
  3. Мәні 5-ке тең болатын теңдіктер құр.
  4. Кесіндінің ұзындығын немен өлшейміз?
  5. 2, 6, 8 сандарын пайдаланып төрт теңдік құр.

№9

  1. 9 − 7 = ?
  2. Сандар қатарын кему ретімен атап шық.
  3. 6 санының құрамын ата.
  4. Үшбұрыштың неше қабырғасы бар?
  5. 5 − 0 = ?

II айналым — «Көкпар»

9 ұяшық 5 ұпай

Ойын шарты: әр ойыншы ұяшық таңдайды. Ұяшықта берілген сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.

Сұрақтар

  1. Қосу амалының компоненттерін ата.
  2. Азайту амалының компоненттерін ата.
  3. Тік төртбұрыштың қабырғалары қалай аталады?
  4. Оң қолыңда 5 жұлдызша, сол қолыңда 4 жұлдызша. Барлығы неше жұлдызша?
  5. 5 − 3 = 2 теңдігіндегі 2 саны қалай аталады?
  6. 7 + 2 = 9 теңдігіндегі 9 саны қалай аталады?
  7. Сәуледе 7 қуыршақ бар еді. Ол 2 қуыршағын Зәуреге берді. Сәуледе неше қуыршақ қалды?
  8. Қосылғыштың бірі 2 болатын қосындыларды ата.
  9. 7 − 4 = 3 теңдігіндегі 4 саны қалай аталады?