Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер ережелерін қолданып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспармен танысып шығыңыз. Төмендегі жоспар ұсынылған үлгі негізінде рәсімделді.
ҰМЖ бөлімі
5.1C — Жай бөлшектер
Сабақ туралы мәлімет
- Мектеп
- №55
- Мұғалім
- Бәкір М. А.
- Сынып
- 5 «А»
- Сабақ саны
- 2 сабақ
- Сабақ тақырыбы
- Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер
- Қатысқандар
- —
- Қатыспағандар
- —
Оқу мақсаты
5.1.1.10 — дұрыс және бұрыс бөлшекті ажырату.
Сабақ мақсаты
- Дұрыс және бұрыс бөлшектер ұғымымен таныстыру және оларды ажырата білуге үйрету.
- Ережелерді қолданып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
Бағалау критерийлері
- Жай бөлшектің жазылуындағы алым мен бөлімді біледі.
- Дұрыс және бұрыс бөлшектерді анықтайды.
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика және терминология
Оқушылар жай бөлшекті алымы мен бөлімін нұсқай отырып дұрыс оқи алады.
| Қазақша | Орысша | Ағылшынша |
|---|---|---|
| Дұрыс бөлшек | Правильная дробь | Proper fraction |
| Бұрыс бөлшек | Неправильная дробь | Improper fraction |
| Аликвоттық бөлшек | Аликвотная дробь | Aliquot fraction |
Диалог пен жазылымға қажетті тіркестер
- «Жай бөлшектің бөлімі ..., ал алымы ... білдіреді.»
Пәнаралық байланыс
Геометрия
АКТ қолдану
Интербелсенді тақта, постер
Бастапқы білім
Жай бөлшектердің жазылуы және оқылуы
Сабақ барысы
Сабақтың басы
10 минут- Сынып 4 топқа бөлінеді.
- Үй тапсырмасы тақта арқылы тексеріледі.
Актуализация: тест тапсырмалары
-
1) ⎕/17 жай бөлшегі дұрыс болатындай, ⎕ орнына келетін үш натурал сан мәнін таңдаңыз.
- A) 17, 19, 1
- B) 12, 1, 21
- C) 2, 14, 11
- D) 1, 19, 18
-
2) 5, 7, 9 сандарынан неше дұрыс бөлшек құрастыруға болады?
- A) 5/7; 7/9; 5/9
- B) 7/9; 7/5; 9/5
- C) 9/7; 5/9; 9/5
- D) 9/7; 5/7; 5/9
-
3) ⎕/23 жай бөлшегі бұрыс болатындай, ⎕ орнына келетін үш натурал сан мәнін таңдаңыз.
- A) 57, 11, 13
- B) 14, 7, 25
- C) 27, 44, 51
- D) 13, 11, 23
ҚБ: «Смайлик» арқылы бағалау.
Сабақтың ортасы
22 минутЖұптық жұмыс
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.
Топтық жұмыс
ҚБ: «От шашу» әдісі.
Сергіту сәті
Оқушылар орындарынан тұрады және мұғалім айтқан ұғымға сәйкес қимыл жасайды:
-
Дұрыс бөлшек
Қолын алға созады
-
Бұрыс бөлшек
Қолын жоғары көтереді
-
Натурал сан
Шапалақ ұрады
«Тарсия» әдісімен есептер шығару (топтық жұмыс)
Топтарға тапсырмалар беріледі. Мақсат — бөлуді жай бөлшек түрінде жазу және айнымалы мәндеріне қарай бөлшектің дұрыс/бұрыс екенін анықтау.
1-топ
- * · 4 = 1; 1 = 8 · *
- 8 : 7 = 8/7
- (a + b) : c = (a + b)/c
- 61 : 100 = 61/100
- a : (7 − b) = a/(7 − b)
- 12 = * · 5
- x-тің қандай мәнінде x/7 — бұрыс бөлшек болады?
- x-тің қандай мәнінде 8/x — дұрыс бөлшек болады?
- Дұрыс бөлшектер: 2/3; 7/18; 6/9
2-топ
- 1 = * · 12
- 10 · * = 1
- 7 : 12 = 7/12
- 7/4 = 7 : 4
- c/d = c : d
- 15 : (x + y) = 15/(x + y)
- x/100 = 27
- 8 = 72/ *
- a-ның қандай мәнінде (a + 4)/7 — дұрыс бөлшек болады?
- x-тің қандай мәнінде 14/x — бұрыс бөлшек болады?
3-топ
- a-ның қандай мәнінде 7/(5 + a) — бұрыс бөлшек болады?
- x-тің қандай мәнінде 11/x — бұрыс бөлшек болады?
- 7 : (x − y) = 7/(x − y)
- (a − 2)/4: a-ның қандай мәнінде бөлшек дұрыс бөлшек болады?
- 9/2 = 9 : 2
- 1 = * · 12
- 10 · * = 1
- 30 : 41 = 30/41
- 12 = 96/x
- 2 = x/3
4-топ
- m : (x + 2) = m/(x + 2)
- x/4 = 8
- 27 = 270/a
- 14 : 20 = 14/20
- 8/11 = 8 : 11
- 25 · * = 1
- 1 = * · 60
- x-тің қандай мәнінде 10/x — бұрыс бөлшек болады?
- c-ның қандай мәнінде (c − 2)/4 — дұрыс бөлшек болады?
- n-нің қандай мәнінде 10/(n + 8) — бұрыс бөлшек болады?
Дескрипторлар
- Бөлшек дұрыс болатындай айнымалының мәнін жазады.
- Бөлшек бұрыс болатындай айнымалының мәнін жазады.
- Бөлуді жай бөлшек түрінде жазады.
ҚБ: «От шашу» әдісі.
Сабақтың соңы
8 минутҮй тапсырмасы
401, 403
Рефлексия: «Поезд»
Мақсаты — сабақтың әр бөлігін бағалау. Әр оқушыда екі жетон болады: көңілді және мұңлы. Тақтада вагондары бар поезд көрсетіледі. Оқушы ұнаған бөлімнің вагонына көңілді жетонды, қиын әрі қызықсыз болған бөлімге мұңлы жетонды орналастырады.
Сау болыңыздар!